С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет100/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Адамгершілікке тәрбиелеу 

Адамның  адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  мен  көрсеткіші 

болып  адамдарға,  табиғатқа,  өз-өзіне  оның  қарым-қатынас 

сипаты  болады.  Адамгершілік  жағынан  бұл  байланыс  жан 

ашарпен,  уайымдаумен,  бауырмалдықпен,  жақсылықпен  - 

эмпатиямен көрсетіледі. Барлық осы көрсеткіштер мектеп алды 

жастағы балаларда қалыптасу мүмкін деген зерттеулер көрсетті. 

Олардың  қалыптасу  негізінде  басқаны  түсініп  білу,  басқаның 

алаңдауын  өзіне  алу  жатады.    А.В.  Запорожец  басқаны    түсіне 

білуі  баланың  ішкі  психикалық  белсенділіктін  жаңа  түрі  деп 

атады. 

Адамгершілік  сезімдер  мен  қарым-қатынастарды  тәрбиелеу 

мәселесі әжептәуір нақты және әртүрлі ұстанымдардан отандық 

мектепалды  педагогикада  зерттелді.  Баланың  ересектерге, 

құрдастарға,  үлкен  және  кіші  жастағы  балаларға  қатынасы 

қарастырылды;  жанұя  мен  метеп  алды  мекеме  жағдайда 

адамгершілік қатынастар тәрбиенің құралдары (көркем әдебиет, 

ойын,  сабақтар,  еңбек)  зерттелді.    Мәселелерді  өңдеуде  Л.  А. 

Пеньевской,  А.  М.  Виноградовой,  И.  С.  Деминой,  Л.  П. 

Князевой,  Л.  П.  Стрелковой,  А.  Д.  Кошелевой,  И.В.Княжиной, 

Т.В.Черник және т.б. зерттеулері елеулі үлес қосты. 

Тәжірибеде  зерттеулер  не  берді?  Адамдар  мен  табиғатқа 

адамгершілік  қараулары  туралы  балаларға  қолайлы  білімдердің 

мазмұндары 

анықталды. 

Мектепалды 

жастың 

әртүрлі 


кезеңдердегі    балаларда  бұндай  өзара  әрекеттердің  қалыптасу 

әдістемесі  анықталды.  Әдістеменің  негізінде  адамгершілік 

тәрбие  механизмі  жатыр,  бірақта  механизм  компонентерінің 

реттілігі балалардың жасына байланысты өзгереді. 

Адамдар мен табиғатқа адамгершілік қатынасы жас шақтан 

қалыптаса  бастайды.  Әдістегі  басты  бағыт  –  балаға  арналған 

махаббатты,  мейірімді  көрсету,  жиі  түрде  мейірімді  сөздерді 



126 

қолдану,  сипалау,  адамдарға  көрсеткен  әр  ақкөңілдікке 

(күлгеніне, 

ойыншығын 

бергеніне) 

баланы 


мадақтау, 

жанашарлықты,  ықыласты  білдіру  тәсілдеріне  үйрету  (жылап 

жатқанды  басынан  сипау,  алғыс  айту,  қоштасу,  амандасу  және 

т.б.).  Үлкендер  мен  сәбилер  жөнінде  жамандық  ойлаушылыққа 

балаға  рұқсат  бермеу  керек  және  де  бұл  әрекеттерді  жағымды 

бағамен  бекітуге  болмайды  (сәби  анасының  бетінен  ұрады,  ол 

оған қуанады және күледі). Осы жаста ересектің бағасыны бала 

өте  зерек,  ол  осы  баға  арқылы  өз  тәртібің  дұрыс  екендігің 

«байқап  қарайды»  және  қайсы  жағымды  реакция,  ал  қайсы  – 

жағымсызды шақырғаның тез игереді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет