С. А. Козлова, Т. А. Куликова


ұжымдық  қарым-қатынастар  тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет106/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   396
ұжымдық  қарым-қатынастар  тәрбиелеу  туралы,  яғни  өзара 

көмектесумен, 

бауырмалдылықпен, 

достықпен, 

жауапкершілікпен, 

мейірімділікпен, 

бастамашылықпен 

сипатталатын қарым-қатынастар айту дұрысырақ болуы мүмкін. 

Мұндай  қатынастарды  тәрбиелеу  шарты  балалардың  басқа 

адамдармен:  ересектермен,  құрдастарымен  тілдесу  болып 

табылады.  Байланыс  арқылы  бала  әлеуметтiк  әлемдi  бiледi, 

әлеуметтiк  тәжiрибені  меңгереді  және  иеленеді,  ақпарат  алады 

және өзара iс-қимыл, уайымдау, өзара ықпалдастық тәжірибесін 

алады  (Коломинский  Я.Л.,  Артемова  Л.В.).  Тілдесудің  пайда 

болу  пайда  болуының  алғышарты  -  баланың  басқа  адамға 

бағыттауы,  оған  қызығушылығы  болады.  Бұл  қызығушылық 

ерте жаста көрінеді (Аксарина Н.М., Лямина Г.М., Павлов Л.Н., 

Волосова Е.В. және басқалар). 

Жапон  мұғалімдері  балаларды  ұжымда  тәрбиелеуге  үлкен 

мән  береді.  Олар  бір  жасқа  дейінгі  балалар  тобында  қазірдің 

өзінде  ұжымды  қалыптастыру  туралы  айтуға  болады  деп 

санайды.  Бұл  көзқарастың  қолдаушылары  ұжымның  дамуында 

екі  кезеңді  ажыратады:  жанашырлық  кезең  (3  жасқа  дейінгі 

балалар)  және  автономды  ұжым  (3  жастан  6  жасқа  дейінгі 

балалар).  Бірінші  кезеңде  мұғалімдер  өз  күштерін  балаларды 

бір-бірлеріне  қайырымдылықты  нығайтуға,  өзара  көмекке 

бағыттайды.  Міне  мысалдардың  біреуі:  «Балабақшаға  жаңадан 



133 

келген  Мари  (1жас  8ай)  өзі  қыш-қымырға  бара  алмайды». 

Тәрбмеші  бүкіл  топқа  бұрылып:  «Балалар,  Маридің  жанында 

қыш-қымырға  біреулерін  отырындар!»  -  дейді.  Тикако  өз 

шалбарларын  тез  шешіп  және  Маридің  жанындағы  қыш-

қымырға  отырады.  Екі  қыз  бір-біріне  күлімсіреді  және  қыш-

қымырға  бірге  баруға  үйренеді.  Сол  күннен  бастап  Мари  қыш-

қымырды  жаман  көрген  жоқ»  (Мектепке  дейінгі  балалар 

ұжымың  қалай  ұйымдастыруға  болады:  жапон  тілінен 

аударылған .- М., 1991). 

3-тен  4  жасқа  дейінгі  балалармен  жұмыс  істеуде  өзін-өзі

басқаруда  көрінетін  тәуелсіздік  тәрбиеленеді.  Ақырында,  4-6 

жас  аралығындағы  балалармен  жұмыс  жасағанда,  тәрбиешінің 

назары    бірлескен  жұмыс  әрекетін  ұйымдастыруға  аударады 

(«Сацумдық  сорпасын  біз  бірге  дайындаймыз!»).  Көріп 

отырғаныңыздай, 

жапондық 

тәрбиешілер 

бір 

жағынан 


балалардың  өзара  әрекеттесуіне,  бір-біріне  мейірімділік 

танытуына,  бір-біріне  мұқтаждықтарын  дамытуға  үлкен  мән 

береді.  Басқа  жағынан,  олар  «ұжым»  ұғымның  мағынасын 

төмендетеді, оны тек өзара әрекеттесуімен шектейді. 

Отандық  тәрбиешілер  ұжым  туралы  әңгіме  тек  мектеп 

жасынан  бастағаны  заңды,  бірақта  оның  негіздері  ерте  және 

мектепалды жаста іргетасы қаланады деп санайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет