сенсорлық тәрбие (даму);
■
ойлау әрекетін дамыту (ойлау амалдарын, танымдық
процестерді және қасиеттерді игеру);
■
сөйлеудің қалыптасуы жатады.
Осы жастағы балалар ақыл-ойының тәрбиесі танымдық
уәждерді қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оның
міндетіне:
■
білуге құмарлыққа, танымдық қызығушылыққа тірбиелеу
жатады.
Танымдық
әрекеттің
нәтижесі,
танымның
қандай
формасында жүзеге асырылса да (ойлау немесе қабылдау
арқылы), білім болып саналады. Бала алақанына келіп қонған
ханқызын тамашалай ма, әлде анасының ол туралы әңгімесін
тыңдай ма әлде оның «портретін» сала ма – ода таным
нысаны туралы ұғым қалыптасады (ханқызы).
Бұл көрініс образ ретінде қалыптасады, бірақ сөйлеуде,
қимылда, ымдауда, үлгіде (сурет) анықталуы мүмкін. Сондықтан
ақыл-ой тәрбиесінің міндеті:
■
ақыл-ой дамуының шарты ретінде қоршаған ортадағы заттар
мен құбылыстар туралы білім жүйесін қалыптастыру болып
табылады. Бұл міндеттерді толығырақ қарастырайық.
|