С. А. Козлова, Т. А. Куликова


қалыптасуына, оның психикалық процестеріне



Pdf көрінісі
бет271/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   396
қалыптасуына, оның психикалық процестеріне, оның ішінде 

қиялдауына  ең  үлкен  деңгейде  әсер  етеді.  Ойынның  дамуын 

бала 

қ и я л ы н ы ң  



ерекшелігімен 

алғаш 


байланыстырғандардың бірі болған К.Д. Ушинский еді. Ол қиял 

бейнелерінің  тәрбиелік  құндылығына  назар  аударған:  бала 

оларға  шын  сенеді,  сондықтан  ойнай  отырып,  күшті  шынайы 

сезімдерді басынан кешіреді. 

Л.С.  Выготскийдің  атап  көрсетуінше,  ойынның  белгісі 

жалған немесе ойдан шығарылған жағдаяттың бар болуы болып 

табылады. 

Ойында  дамитын,  онсыз  оқу  қызметі  жүзеге  аспайтын 

қиялдаудың  басқа  маңызды  қасиетін  көрсеткен  В.В.  Давыдов 

болды.  


Бұл  –  б і р   з а т т ы ң   қ ы з м е т і н   б а с қ а   з а т қ а  

к ө ш і р у   қасиеті  (текше  пішінді  зат  сабын,  үтіг,  нан,  үстел 




335 

 

үстінде  жүретін  және  гуілдейтін  машинка  ойыншық  болады). 



Бұл  қабілеттің  арқасында  балалар  ойында  орынбасар  заттарды, 

символдық  әрекеттерді  (ойдан  шығарылған  шүмектен  «қолды 

жуды»)қолданады. Ойында орынбасар-заттарды кең қолдану әрі 

қарай балаға алмастырудың басқа түрлерін, мысалы оқуда қажет 

болатын  модельдер,  схемалар,  символдар  және  белгілерді 

қолдануына мүмкіндік береді.  

Осылайша,  ойында  қиялдау  түпкі  ойды  анықтауда,  сюжетті 

ары  қарай  дамытуда,  рөлдерді  ойнауда,  заттарды  алмастыруда 

көрсетіледі.  Қиялдау  балаға  ойынның  шарттарын  қабылдауға, 

жалған  ситуацияда  әрекет  етуге  көмектеседі.  Алайда  бала 

ойындағы  қиял  мен  шындықтың  арасындағы  шекті  көре 

алмайды,  сондықтан  «жорта»,  «сияқты»  «шынында  бұлай 

болмайды» деген сөздерге жүгінеді.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет