233
Үшінші бөлім
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
X I I Т А Р А У
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактика туралы жалпы түсінік
Жоғарыда белгіленгендей, адамзат тарихында оқыту
(тәрбие беру сияқты) өскелең ұрпаққа бар тәжірибені сақтау
және жеткізу оны осылайша өз бетінше өмір сүруге дайындау
қажеттілігімен туындаған.
Сонымен қатар, тәрбие беру сияқты, оқыту алғашында
интуитивті сипатта болған және негізінде ақпараттық кездейсоқ
берілуіне балалардың ересектердің қимыл-әрекетін еліктеуінде
болатын. Біртіндеп ол мақсатты бағытталған, жоспарлы
процеске айналып, мектепте, университетте іске аса бастаған.
Уақыт өте келе адамзат өскелең ұрпаққа оқытуда бай
тәжірибе жинады. Оны талдап, жинақтау қажеттілігі пайда
болды. Бұл миссияны оқыту теориясының негізін салған
Я.А.Коменский орындады (осы оқу – құралының II тарауын
қараңыз). Оның оқытудың ғылыми негіздерін әзірлеуде идеялық
жалғастырушылары И. П. Песталоцци, И. Гербарт, А.
Дистерверг, К. Д. Ушинскии, Д. Дьюи және көптеген басқа
педагогтар болды. XIX ғасырдың соңында оқытудың
психологиялық қарқынды зерттеу басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |