Тапсырма
1.
Отбасы мен балабақшаның тығыз байланысы балалар,
оның ата-аналары мен педагогикалық ұжым үшін қажет екенін
дәлелдеңіз.
2.
Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы міндеттерін
іріктеп жазып алыңыз.
3.
Елестетіп көріңіз, сіз – бастап жатқан тәрбиешісіз. Сіздің
ата-аналармен жұмысыңыздың табысын не қамтамасыз етеді, ал
не күрделендіреді? Отбасылармен өзара әрекет нәтижелі болу
үшін өзіңізде қандай қасиеттерді дамыту қажет?
4.
Педагог баланың алдында ата-аналарының беделін неге
әркез қолдап, оларға сүйіспеншілік пен бауырмалдықты
тәрбиелеу керек екендігін түсіндіріңіз.
5.
Отбасымен жұмыс істеудің қандай формалары сізге
біршама әсерлі болып көрінеді? Неге? Қай формаларына сіз
өзіңізді біршама дайынмын деп есептейсіз?
6.
Отбасымен өзара әрекет ету ережелерінің тізбесін
жалғастырыңыз:
■
атының және әкесінің атымен атау;
■
ата-аналарға шынайы қызығушылық көрсету;
■
ата-аналарды тыңдай білу;
■
мейірімділік таныту.
|