Байланысты: matematikaly olimpiada esepter 5-7 synytar-bajdovl
№29.Дәлелдеуі: Сол жақтағы сан 11-ге бӛлінбейді, ал оң жағындағы 11-ге
бӛлінеді.
№30. 2854106.
№31. Шешуі: ∙
0=(5-5)∙(5+5+5)
1=5:5+(5-5)∙5
2=(5+5):5+5-5
3=(5∙5-5-5):5
4=5-5:5+5-5
5=5+(5-5)∙(5+5)
6=5+5:5+5-5
7=5+5:5+5:5
8=5+(5+5+5):5
9=(5∙5-5):5+5
10=5+5+(5-5)∙5
№33. Шешуі: Суреттегідей.
Барлық цифрларының қосындысы 1+2+3+4+5+6+7+8+9+1+0+1+1+1+2=51
болады.
Әр бӛлікте 51:3=17 болуы керек.
Бірінші бӛлікте1+2+2+3+4+5=17 Екінші бӛлікте 6+7+1+0+1+1+1=17 13
№96. Екі ойыншы кезектесіп үймеден тастар алады. Екi санының кез
келген дәрежесiн алуға рұқсат етiледi (1, 2, 4... ). Соңғы тасты алған ойыншы
ұтса, бұл ойында кiм жеңедi ?
№97. Екі ойыншы кезекпен 150 торкӛзден тұратын жолақты бояулары
керек: бірінші әрқашан қатар тұрған екі торкӛзді, ал екінші- қатар тұрған үш
торкӛзді бояйды. Ойында жүріс алмаған ойыншы ұтылады. Дұрыс ойында
қайсы ойыншы ұтады?
№98. Екі ойыншы кезекпен 12 торкӛзден тұратын жолақта ойнайды. Әр
жүрісте ойыншы дойбыны бір торкӛз оңға қарай ғана жылжыта алады.
Жолақтағы ең соңғы бос орынға дойбы қойған ойыншы ұтысқа ие болады.
Қайсы ойыншы ұтады? ( Әр торкӛзде бір ғана дойбы орналасатыны белгілі.)
№99. Екі ойыншы кезектесіп 81 торкӛзден тұратын квадратпішінді алаңға
таяқшалар мен нӛлдер қояды. Ойын соңында ойыншылардың әрқайсысы
белгілері кӛп әр қатар мен баған үшін ұпай алады. Бірінші ойыншы ұтуы
мүмкін бе?
№100.Жолаушы жолдың жартысын жүргеннен кейін ұйықтады. Сонда
оған әлі ұйықтағанда жүріп ӛткен жолының жартысы қалды.Барлық жолының
қандай бӛлігінде жолаушы ояу болды?
№101. Жиынтықта 1 кг, 2 кг, 3 кг, :, 23 кг болатын 23 гирьлер бар. Егер
салмағы 21 кг гирь жоғалып қалса, онда осы гирлерді салмақтары бойынша
бірдей етіп екі үймеге бӛлуге бола ма?
№102.Баян себеттен барлық алманың жартысын алды, одан кейін
қалғанының жартысын, одан кейін тағы қалғанының жартысын алды. Себетте
10 алма қалды. Себетте қанша алма болған?