С. А. Рахимбердинова К. Н. Байдовлетова



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата16.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#50653
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
matematikaly olimpiada esepter 5-7 synytar-bajdovl

 
№55.Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, 
тауыса алады.Ал барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітеді? 
 
№56. Арайлым, Шынар, Анар бір бӛлмеде болды. Қыздардың барлығы 
біреуінің кесе сындырғанын кӛрді. Кесені кім сындырды деген сұраққа: 
«Шынар ӛзінің және Анардың кесені сындырмағанын хабарлады, Анар болса 
Шынар сындырды деп айтты, Арайлым болса кесені ӛзі сындырғанын айтты». 
Егер бір қыз шынын, ал қалған екеуі ӛтірік айтса, кесені кім сындырған? 
№57. Бір елде үш қала бар екен: А, В, С-қалалары. А қаласының 
тұрғындары ылғи ӛтірік айтады, Б қаласының тұрғындары ылғи ӛтірік айтады, 
ал В қаласының тұрғындары ӛтірік пен шындықты қатал түрде кезекпен 
айтады. Бір қаланың тұрғыны ӛрт кӛрген соң ӛртсӛндірушілердің кезекшісіне 
хабарлайды. Сонда мынадай сӛз болды: «Бізде ӛрт болып жатыр!» – «Қайда?!» - 
«В қаласында!» Ӛртсӛндірушілер қай қалаға бару керек? 
№58. Бір топ кӛгершін үлкен ағашқа ұшып келді. Кӛгершіннің бір бӛлігі 
үлкен бұтаққа, ал басқалары кіші бұтаққа қонды. Үлкен бұтаққа қонған 
кӛгершіндер кіші бұтаққа қонған кӛгершіндерге былай деді: «Егер сендерден 
бір кӛгершін бізге ұшып келсе, онда сендерде бәрімізден 3 есе аз болады, егер 
бізден сендерге біреу ұшып барса, онда біз тең боламыз.» Үлкен бұтаққа және 
кіші бұтаққа қонған кӛгершіндер саны қанша? 


10
№59. 100 жинаушының 70-і ескі тиын, 75-і белгілер, 80-і сіріңке 
қорабының этикеткасын және 85-і марка жинайды. Жинаушылардың нешеуі 4 
затты да жинайды. 
№60.Ақбота баққа алма жинауға барды. Бақтан шығу үшін, оған 4 
қақпадан ӛту керек болды, әр қақпада 1 күзетшіден болды.Бірінші қақпаның 
күзетшісіне жиналған алманың жартысын берді. Екінші қақпаның күзетшісіне 
қалған алманың жартысын берді. Және тағы солай үшінші, тӛртінші 
күзетшілерге берді. Ең аяғында онда 10 алма қалды. Ақбота барлығы қанша 
алма жинаған? 
№61. Бала мысық ӛзін аяғынан басына дейін жарты сағатта, ал үлкен 
мысық - Асылаң бала мысықты 5 минутта жуындырып бітеді. Ал Асылаң ӛзін 
20 минутта жуындырады.Кішкентай мысыққа Асылаңды жуындыру үшін 
қанша уақыт керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет