С. Б. Балшыкеев


Мұсылманның немесе «дін тармақтарының басты міндеттері»



Pdf көрінісі
бет132/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

Мұсылманның немесе «дін тармақтарының басты міндеттері». 
1.  Дұға  тілеу  (намаз).  Мҧсылманның  кҥніне  бес  уақыт  орындауға 
тиісті басты міндеті: таңертең, тҥскі уақытта, тҥстен кейін, кҥннің батуына 
дейін  және  ҧйықтар  алдында  оқу.  Бҧл  дҧғалар  мҧсылманға  кҥнделікті 
тіршілік  қамына  шомып,  Алланы  ҧмытуға  жол  бермейді.  Намаз  оқудың 
тӛмендегідей ережелері бар: 
- шамамен болса да, намаздың уақытын білу; 
- тәннің, жанның, киімнің таза болуы; 
- Қағбаға қарай бетімен және денесімен тҧру; 
- намазды асығып оқымау; 
- Аллаға тікелей жалбарыну
- қаза болған намаздың орнын ыңғайлы уақытта толтыру. 
Ата-аналар  балаларына  7  жастан  бастап  намаз  оқудың  ережелерін 
ҥйретуге  міндетті.  Намаздан  бас  тартқан  немесе  оны  немқҧрайлы  оқыған 
балаларды 10 жасқа толғаннан кейін кҥш салып жазалауға рҧқсат беріледі.  
Жҧма кҥні оқылатын намазға баса назар аударылады, оны тек белгілі 
бір орынды себептерге байланысты қаза қылуға болады. 
Тірілер және ӛлілер ҥшін жалбарынып, денсаулық, жаңбыр және т.б.  
тілеуге  болады.  Топпен  бірге  намаз  оқу  барысында  әйелдер  жабық  киім 
киіп,  әтір  мен  косметика  қолданбай,  ерлердің  артында  тҧрып  оқулары 
қажет.  


 
88 
 2.  Ауыз  бекіту  (ораза).  Оразаны  Рамадан  (Рамазан)  айының 
кҥнтізбесі  бойынша  тоғызыншы  айдың  ішінде  ҧстайды.  Бҧл  кезде 
мҧсылмандар  қасиетті  кҥн  бойы  тағамнан,  сусыннан,  ерлі-зайыптылардың 
қатынасынан, ойын-кҥлкіден және т.б. бас тартады. Тағам мен сусынға қану 
тҥнгі  уақытта  рҧқсат  етіледі.  Ораза  ҧстаудан  аурулар,  жҥкті  әйелдер, 
емізетін  аналар,  жол  жҥретіндер,  тоғыз  жасқа  дейінгі  қыз  балалар  мен  14 
жасқа дейінгі ҧл балалар босатылады.  
Діндарлардың  пайымдауынша,  ораза  ҧстау  асқорыту  жҥйелерін 
жеңілдетеді,  жанды  жайландырады,  аш  адамдарға  мейірімділік  сезімдерін 
білдіруді тәрбиелейді.  
Егер  мҧсылман  Рамадан  айында  келесі  әрекеттерді  орындаса,  ораза 
жарамсыз деп саналады: 
- жаман сӛздер айту, айқайлау, кҥндіз темекі шегу, киноға бару; 
- тағам мен сусынды біле тҧра ішу, жалған әңгіме айту; 
- әдейі қҧсық қҧсу. 
Әрбір  бҧзылған  ораза  жоғалтқан  кҥндерді  ӛтеу  әрекеттерімен  қоса 
орны толтырылатынын айта кеткен жӛн: қҧлдарды босатуға, 60 аш адамды 
тойдыруға болады және т.б. 
Мҧхаммедтің айтуы бойынша, Рамадан айы келген уақытта жҧмақтың 
есігі ашылып, тозақтың есігі жабылады. Алла ҥшін ораза ҧстаушының иісі 
мускустың иісінен тартымды болады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет