С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет28/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168
идеялар,  теориялар),  олардың  тасымалдаушылары  жақсы  дайындалған 
діншілдер (дін басылары) болып табылады.  
Басқа  сӛзбен  айтқанда,  бірінші  деңгей  ҥйреншікті  тҥйсік,  ал  екінші 
деңгей – белгілі бір топтасу жҥйесіне рәсімделген теориялық тҥйсік ретінде 
белгіленеді.  Деңгейлер  арасындағы  шектеуліктер  шартты  тҥрде  болатыны 
сӛзсіз анық: діни тҥйсіктің ӛзегі ғажайыпқа сену болып табылады. 
«Сезім»  терминінің  астарында  адамның  ӛзіне-ӛзі,  қоршаған  орта 
қҧбылыстарына  қатысты  анағҧрлым  тҧрақтылық  пен  дәлелдеушілікпен 
ерекшеленетін кҥйзелісінің әр тҥрлі формаларының тҥсініктері жатыр.  
Адамзат сезімі алуан тҥрлі және діншілдер мен дінге сенбейтіндерге, 
теологтар мен атеистарға бірдей тән болады.  Ешбір адамға туа біткен діни 
сезімдер  тән  болмайды  –  сезімнің  физиологиялық  негіздері  мен 
психологиялық  айқындаулары  әр  тҥрлі,  соның  ішінде,  қарама-қайшы 
дҥниетаным ӛкілдерінде де бірдей болады.   


 
25 
Дегенмен,  діни  сезімдер  ӛзіндік  ерекшеліктерге  толы,  ол  ғажайыпқа 
сену, осы діни нанымның обьектісіне  тікелей байланысты. Діншілдер ҥшін 
мҧндай жеке маңыздылығы бар обьектілерге Қҧдай, Ібіліс, ҥй аруағы және 
т.б.  жатады.  Діншілдер  ҥшін  қобалжудың  бастауы  икона,  «қҧдіретті» 
қайнар кӛзі, ғибадат ету заттары, кітаптар, қабірлер болуы мҥмкін.  
Діни  сезімдерге  эмоциялық  тҥрлендірулер  мен  әр  тҥрлі  айқындау 
формалары  тән.  Сонымен  қатар,  діншілдердің  ӛзі  жеңілдеу,  саябырлану, 
кҥнделікті  ӛмірдің  кҥйбің  тіршілігінен  «алшақтау»,  ішкі  кҥйзеліс  пен 
психологиялық қобалжуларды сезінеді.  
Әр тҥрлі діни нанымдар мен кезеңдердегі діншілдердің діни сезімдері 
ӛзара  ӛзгешеленеді,  бірақ  әрқашан  да  сендіру,  ӛзін-ӛзі  сендіру  және 
еліктеуге негізделеді.  
Діннің  негізгі  сезімдері  махаббат  пен  қорқыныш  болып  табылады. 
Қҧдайды  және  ӛзіңнің  жаныңдағы  жақыныңды  сҥй  –  бҧл  барлық 
моноатеистік  діндердің  басты  парызы  болып  саналады,  бірақ  шынайы 
ӛмірде ӛте сирек және ретсіз орындалады.  
Жағымды  сезім,  махаббатқа  қарама-қайшы  жағымсыз  сезім 
категориясына  қорқыныш  жатады.  Діншілдің  қорқынышы  –  Қҧдай,  о 
дҥниелік  ӛмірдің  азаптары,  жер  бетіндегі  немесе  кӛктегі  жазалаулар 
алдындағы қорқынышы.   Қорқыныш діншілдерді тәрбиелейді, ӛзінің нақты 
және мҥмкін болатын әрекеттерін діни қоғаммен туындаған ҧйғарымдармен 
ӛзінің  шынайы  немесе  мҥмкін  болатын  әрекеттерімен  салыстыруды  талап 
етеді.  Діншілдер  сана-сезімінде  Қҧдай  сҥюші  Әке,  қатал  Тӛреші  ретінде 
қалыптасады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет