С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет42/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168
Фетишизм  –  табиғат  және  адам  жасаған  материалды  жансыз 
нысандардың  ғажайып  қаситтеріне  сену.  Фетишизмнің  обьектілері  –  кез-
келген  табиғи  нысандар  –  ағаштар,  аспан  мен  жҧлдыздар,  ғаламшарлар 
болып табылады.  
Ежелгі  тҥсініктерге  қарағанда  фетиш  жанды  нысан  ретінде 
қабылданады,  оның  салттық  қҧрметтелуі  қҧрбандыққа  шалудан  бастап, 
«зорлау»  әрекеттерінің  тҥрлеріне  дейін  алуан  тҥрлілігімен  ерекшеленеді: 
қалай  болған  жағдайда  да,  фетиштан  шынайы  жауап,  кӛмек,  қорғаныс 
кҥтіледі.  
Қазіргі  заман  қоғамындағы  фетишизмнің  алуан  тҥрлілігі  ежелгі 
адамның  тҥсіне  де  кіріп-шықпаған.  Бакыт  әкелетін  таңқаларлық  амал-
айлаларға,  бақытсыздықтан  қорғайтын  тҧмарларға  сену  барлық  топтардың 
арасында кең таралған.   
Қазіргі замандағы фетиштердің тҥрлері – ҥйге кірер алдындағы есікке 
ілінетін  тағалар,  мойынға  тағатын  кресттер  мен  «сәтті»  жол  билеттері, 
фотосуреттер  мен  кітаптар,  отбасылық  жәдігерлер.  Адамдардың 
кӛпшілігіне табыну нысандары ретінде мемлекеттік символдар, ақша, билік 
танылады, мҧның барлығы зайырлы фетишизм деп аталады.  
Дҥниежҥзілік діндердегі фетишизмге қатысты табиғи немесе жасанды 
нысандардың  таңғажайып  кҥштеріне  сенуді  кӛре  аламыз.  Фетишизмнің 
тҥрлері ӛте кӛп, мысалы: мҧсылмандардың Меккедегі Қағбаға (қара тасқа) 
табынуы, православияда  иконалар мен кҥштерге (ӛлілердің қалдықтарына) 
табынуы,  христиандықтардың  крест  пен  басқа  да  ескерткіш  бҧйымдарға 
табынуы,  зоростризмдерде  –  отқа,  индуизм  мен  буддизмде  атақты 
гурулерге табынулары және т.б. жатады.  
Анимизм – ӛлген адамдардың ғажайып қасиеттеріне, рух пен жанның 
болуына сену. Ақсҥйек және діни ойшылдар кӛп жағдайда анимизмды жеке 
діни  наным  ретінде  емес,  кез-келген  діннің  бір  бӛлшегі  ретінде 
қарастырады.  Анимизмді    жеке  дін  ретінде  де,  әр  діннің  қҧрама  бӛлігі 
ретінде де қарастыруға болады деп  ойлауға болады.  
Анимизм  дене  ӛлімінен  соң,  мәңгілік  жан  идеясының  мазмҧнын 
қамтиды. Жан мен рухтың пантеондары жҥйелеуге бағынбайды. Анимистік 


 
32 
бейнелердегі рухтар мен жандар жақсы, жаман болып бӛліне отырып, ӛзінің 
жеке  ӛмірімен  тіршілік  ететін  және  ӛзіне  назарды  қажет  ететін  кез  келген 
нысанның  егізі  болып  табылады.  Нақты  осы  нанымдармен  ежелгі  және 
антикалық  халықтардың  дәстҥрі,  ӛлген  адамдардың  қабірлеріне  еңбек 
қҧралдары  мен  ләззат  тудыратын  заттарды  қоса  кӛму  ырымдары 
байланысты болды.  
Әр  тҥрлі  кезеңнен  ӛте  отырып,  анимизм  анағҧрлым  абстрактты 
тҥрлерін  қабылдап  отырды.  Мысалы,  Қҧдай,  Ібіліс,  Періштелер  әр  тҥрлі 
діндердегі  нақты-жеке  атрибуттарын  қамтитын  абстракция  болып 
табылады.   
Жан  және  рух    туралы  анимистік  ҧғымдардың  негізінде  тірі 
жандардың  ӛлілермен  қарым-қатынас  орнату  мҥмкіндігі  –  спиритизм 
туындады.  
Анимизммен  христиандықтар  мен  исламда  қҧдайға  қҧлшылық  ету, 
аспан  қҧдайларына  табыну,  ата-ананы  еске  алу  байланысты.  Анимизм 
діннен бӛлек елеске, қҧбылғыш бейнеге сенуде айқындалады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет