С. Б. Балшыкеев


Қайта ӛркендеу дәуірі мен Жаңа кезеңдегі христиан діні (XVI-XIX



Pdf көрінісі
бет120/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

Қайта ӛркендеу дәуірі мен Жаңа кезеңдегі христиан діні (XVI-XIX 
ғғ.).  XVI  ғасырдың  басына  қарай  ескі  ережелерді  орындауға  мҥмкіндік 
бермейтін оқиғалар туындады.  
 Біріншіден,  Христофор Колумб пен Магелланның жаңалықтарының 
арқасында  жақсы  ӛмір  сҥру  мен  байлыққа  он  мыңдаған  адам  ҧмтылған.  
Дҥние туралы тҥсініктері ӛзгерді, еуропалықтар мҥлдем басқаша мәдениет 
тҥрлеріне кез болды.  
Екіншіден,  Еуропа  картасында  билеушілері  папаға  бағынудан  бас 
тартып,  керісінше,  ӛз  мемлекеттерінің  шегінде  шіркеуді  билігіне  алған 
ҧлттық мемлекеттер пайда болды.  
Ҥшіншіден,  маңызды  экономикалық  ӛзгерістер  туындады:  сауда 
халықаралық  саудаға  айналды,  жаңа  еңбек  нарықтары  туындап,  ӛндірістік 
революция дами бастады, қоғамда жаңа әлеуметтік топтар пайда болды.  
Тӛртіншіден,  әлеуметтік  ҧтқырлықтың  қарқыны  мен  масштабы  кҥрт 
артты,  жер иеленушілік  қҧқығы  жойылды және  адамның  жеке  қасиеттерін 
кӛрсетуге  жол  ашылды.  Осылайша,  ортағасырлық  феодалдық  қоғамның 
статикасы ерте капиталистік қоғамның қарқынды дамуымен алмасты.  
Римдік-католиктік 
шіркеудің 
папаға 
жан-жақтан 
ҧсынылған 
реформалардан бас тартуы ерте ме кеш қандай да бір нәтиже беруі тиіс еді. 
Мҧның  нәтижесі  болып  1517  жылдың  31  қазанындағы  оқиға  еді,  ол  кезде 
августиндік-монах,  қҧдайға  қҧлшылық  етуші  дәрігер  және  епископ  М. 
Лютер  индульгенция  саудасы  кӛмегімен  арсыз  және  озбыр  тҥрде  ақша 
алуды айыптаған 95 тезисті жарыққа шығарды. Индульгенция деп әр тҥрлі 
бағадағы  арнайы  бланктер  аталды,  оны  сатып  алған  кҥнәхарлар  ӛздерінің 
кҥнәларының кешірілетініне сенімді болған.   
Шіркеу  М.  Лютерға  қарсы  тҧруға  тырысты,  бірақ  бҧл  әрекет  ешбір 
нәтиже  бермеді:  кҥрес  логикасы  христиан  дініндегі  католиктік  және  жаңа 
бағыт арасындағы кейіннен протестантизм атауына ие болған шекараның 
бӛлінуіне әкеп соқты. 
Мартин Лютердің негізгі идеялары индульгенцияға сын айтумен ғана 
шектелген жоқ. Оның  катехизисі келесі постулаттарға негізделеді: 
          1.  Христиандық  ҥшін  шынайы  жалғыз  абырой  Библия  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  дінге  сенушілер  Библияны  ӛздерінің  ана 
тілдерінде оқулары қажет.  
          2. Адамның Христосқа деген нанымы ғана Қҧдай алдында оны ақтап, 
қҧтқару жолын ашады: діншілдік нанымсыз қҧтқарылу мҥмкін емес .  
          3.  Папа  азаматтық  істерге  араласпауы  керек.  Ол  (папа)  шіркеудің 
басшысы болып табылмайды, ал шіркеудің ӛзі адам мен Қҧдай арасындағы 
делдал болмайды.  
          4.  Шіркеудің  ешбір  қҧпияшылдықтары  қҧтқару  кҥшіне  ие  болмайды. 
Олар тек ырым-символдардың мәні.  


 
80 
          5. Монахтық – адамның табиғи заңдылығынан тыс кҥйі: дін басылары 
неке қиюға қҧқылы.   
          6.  Әрбір  христиандық  Қҧдайдың  рухани  әулиесі  болып  табылады, 
оған  делдардардың  қажеті  жоқ  және  ол  дҧға  арқылы  Қҧдаймен  тікелей 
тілдесе алады.  
Мартин  Лютердің  ӛлімінен  кейін,  оның  идеялары  Германия 
шекарасынан  тыс  жерлерге  дейін  тамыр  жайды.    Дегенмен,  лютериандық 
протестантизмді  христиан  дінінің  біртҧтас  тармағына  айналдыратын  ӛзегі 
бола  алмады.  Қатаң  даулар  протестантизмді  кӛптеген  жеке  ҧйымдарға 
ажыратты.  Хронологиялық  ракурста  олардың  пайда  болуы  келесідей 
тәртіппен бейнеленеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет