С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет68/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

Индуизмнің  түрлері.  Индуизм  шеңберінде  брахманизм  арқылы 
тамыр  жайған  жҥйелер  пайда  болды,  алайда,  бҧл  жҥйелер  брахманизмге 
ӛздерінің    әлеуметтік  және  діни  мәселелері  бойынша  кӛзқарастарын 
қатыстырған.   
Индуизмнің  осындай  оппозициялық  ағымдарының  бірі  -  джайнизм 
болып  табылады.  Негізін  салушы  –  М.Джина,  б.з.д.  VI  ғ.  ӛмір  сҥрген. 
Кейбір  деректерге  қарағанда,  Джина  Буддамен  тек  таныс  болып  қана 
қоймай,  сонымен  қатар,  полемикалық  пікірталасқа  тҥскен:  екеуі  де 
кшатрилер  кастасынан  шыққан және  екеуі  де  брахманизм  дініне  кӛңілдері 
толмаған.  
М.Джина  24  оқытушының  ішінен  карма  мен  мансараны  жеңген 
соңғылардың  бірі  саналады.  Аскеза  және  тақуалық-монахтық  ӛмірдің  ҧзақ 
жолын  ӛтіп,  ақыр  соңында  тақуалардан,  абыздардан  және  қарапайым  қара 
халықтан қҧралған, қатаң тәртіп орнатылған қуатты қоғамдастық қҧрды.  
Джайнизм теориясы адам жанының (рухтың) ӛз тәнінен басым болу 
принципінен  туындаған.  Карманың  қарғысы  жан  ҥшін  де,  тән  ҥшін  де 
бірдей қауіпті. Сондықтан да, ӛмірдің мақсаты  – кармадан босау  (мокша). 
Рухтың  ӛзі  –  мәңгілік,  оның  әр  тҥрлі  материалды  денелерге  бірітіндеп 
қонатын қасиеті бар.  
Джайнистердің  пікірінше,  әрбір  адам  кіршіксіз  болмайды,  дегенмен, 
ол  ӛзін-ӛзі  бақылауға,  ӛз  іс-әрекетіне  жауап  беруге,  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге 
міндетті. Ол ҥшін ілімнің ақиқаттылығына сену, ол туралы терең білім алу, 
сол  ілімнің  қағидалары  бойынша  ӛмір  сҥру  қажет.  Бҧл  қауымдастықтың 


 
47 
қатарына  қосылатындар  бес  діни  антты  қабылдайды:  1)  ешбір  тірі  жанға 
залал  келтірмеу;  2)  ҧрлық  жасамау;  3)  зинақорлық  жасамау;  4)  пайда 
іздемеу;  5)  ӛтірік  айтпау.  Осы  аталған  діни  анттар  қатарына  қосымша 
келесідей шек қоюлар жатады: шарапты, қайнамаған суды ішпеу, еттің кез-
келген тҥрін жемеу және бағалы әшекей-бҧйымдарды тақпау. 
Джайнизмде  кастааралық  неке  қиюларға  тыйым  салынбаған. 
Қҧдайларды, ақылшы ҧстаздарды, киелі кітаптарды қҧрметтеу кең тараған.  
Йога және медитация жҥйелері бойынша жаттығуларды орындауға біршама 
уақыт бӛлінеді.  
Джайнистер  қауымдастығында  тәуіп-тақуалар  ерекше  орынды 
иеленеді,  олардың  жеке  ҥйлері  мен  мҥліктері  болмайды,  бар  болғаны  – 
тамақ  ішуге  арналған  кокос  жаңғағынан  жасалған  шыны  аяқ,  отыратын 
орындарын тазалауға арналған сыпырғыш және ауыздарын басуға арналған 
мата  қажет.  Олар  аз  ҧйықтайды,  ӛте  қарапайым  болады,  біреулердің 
қайырымдылыққа  беретін  қаражатына  ӛмір  сҥреді,  ӛз  діндері  туралы 
тақырыпта  ғана  әңгімелеседі,  ағзаларын  шынықтырады,  тәндерін 
жансыздандырады, аштықтан қаза табуға дейін барады.  
Джайнистер Ҥндістан жерінің аз бӛлігін алып жатса да (шамамен 2-4 
миллион),  экономикалық,  саяси  және мәдени ӛмірге  зор ҥлестерін  қосады. 
Ауқатты джайнистер ғылым мен ӛнерге табынады, киелі әдебиеттерді қайта 
басып  шығарумен  айналысады,  ӛз  студенттерінің  барлық  шығындарын 
тӛлейді.  Олардың  арасында  ӛзара  кӛмек  кӛрсетіп,  қол  ҧшын  беру  сияқты 
рақымшылдық іс-әрекеттері кеңінен таралған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет