С. Б. Балшыкеев


Христиан дінінің негізін салушы тұлға



Pdf көрінісі
бет98/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

Христиан дінінің негізін салушы тұлға. Бҧл тҧлғаның есімі – Иисус 
Христос.  И.  Христостың  шынайы  болғандығы  туралы  ҥш  ҧстаным  бар. 
Кейбіреулері ҥшін  Иисус Христос – халықтың қиялынан туындаған аңыз, 
басқалары  ҥшін  Иисус  Христос  ӛлімінен  соң  қҧдай  деп  танылған  тарихи 
тҧлға  саналады,  ақырында,  ҥшінші  ҧстаным  Иисус  Христосты  Адам 
кейпіндегі қҧдай деп таниды.   
Бҧл 
діннің 
негізін 
салушысының 
толық 
ӛмірбаяны 
христиандықтардың  қасиетті  «Библия»  атты  кітабында  баяндалған.  Онда 
Иисус Христостың ер адамның қатысуынсыз ҧрықтанып, туылғаны жӛнінде 
айтылған.  Туылған  кҥні,  кресте  байлап  ӛлтірілген  кҥні  жайлы  нақты 
мәлімет  жоқ.  Евангелиені  (Библияның  қҧрама  бӛлігі)  оқи  отырып,  Иисус 
Христостың  дене  бітімін  елестету    қиын,  себебі,  ешбір  жерде  оның  сырт 
келбеті туралы сипаттамалар берілмеген.  
Иисус  қысқа  және  қиын  ғҧмыр  кешкен,  бар  болғаны  33  жыл  ӛмір 
сҥрген.  Осы  уақыттың  ішінде  кӛптеген  пайдалы  істер  атқарылды: 
ауруларды  емдеу,  аштарды  тойдыру  және  т.б.  Ол  адамдарды  жақсылыққа 
сілтеп,  жамандықтан  бас  тартуға  шақырды.  Оның  уағыздары  қарапайым 
халыққа  арналды  және  оларды  қҧтқару  жолындағы  қамқорлықпен 
толысқан.  
Иисус  Христостың  тіршілік  ету  әрекетінің  ажырамас  бӛлігі  болып 
оның  ғажайып  істері  табылды:  судың  ҥстімен  жҥрді,  ӛлілерге  жан  берді, 
суды  шарапқа  айналдырды  және  тағы  басқалары.  Ол  қылмыстық-кҥнәлі 
әрекеттер    жасамаған,  алайда  бҧл  еврейлердің  рухани  кӛсемдеріне  Иисус 
Христосты бҥлік шығарушы ретінде ізіне тҥсуге бӛгет болмады.  
Ол  ақыр  аяғында  қамауға  алынып,  азапты  жазаға  тартылды. 
Евангелиенің  пайымдауынша,  ӛлген  Иисус  қайта  тірілді  және  жер  бетіне 
қайтадан келуге ҥміттендіріп, кӛкке ҧшып кетті.  
Иисус  Христос  жайлы  кӛптеген  әдебиеттер  жазылды,  христиан 
дінінің  негізін  салушы  тҧлғасы  қаншалықты  сан  қырлылығымен 
баяндалғанмен, христиан дінінің дҧшпандары Иисус Христостың ӛз ӛмірін 
де,  бҧл  ілімнің  ӛзін  де  ерекше,  революциялық  және  жоғары  гуманизмге 
толы деп мойындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет