Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық
əдістер мен генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсімдік-
тер, жануарлар, микроорганимздер мен вирустарды əртүрлі бағытқа
арналған жаңа өнімдерін алу мен өндірісті интенсификациялау мақсат-
тарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация (гр. bios – тiршiлiк, лат. trans formatio – айналу)
ор. биотрансформация, ағ. biotrans formation – қоректiк ортада өскен
жасушалардың ферменттерi қатысуымен арзан жəне қоры мол бастапқы
заттардан биологиялық активтi қосылыстарды синтездеу (биологиялық
жолмен бiр затты басқа затқа айналдыру).
Будан ядро – ор. гибридное ядро, ағ. hibrid nucleous – аталық жəне
аналық ретiнде қосылысқан жасушалардың екеуiнiң де бүкiл гендерiн
(геномдарын ) толығымен иемденген будан жасушаның ядросы.