Индукциялау − (лат. induction-қозу), ор. индукция, ағ. induction –
сыртқы орта факторлары немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне
əсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар, мысалы:
гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір метаболиттер.
Индуктор ағзаның, мүшенің даму жолын бір жүйеге келтіреді, себебі, сол
жүйенің ғана индуторлық əсерді қабылдауға мүмкіндігі бар.
Инокулюм (лат.inoculatio – егу, телу), ор. инокулюм, ағ. inoculum –
жаңадан дайындалған қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін
қолданылатын суспензияның азғантай бөлігі.
In vitro – (лат. in vitro-шыныда)- шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo – (лат. in vivo-тірі ағзаның құрамында) тіршілік иесінде,
оның құрамында, бөлінбеген күйде.
Каллус – (лат. callus – қалын тері, кус), ор. каллус, ағ. callus – ұлпа,
өсімдік жасушаларының ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |