Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру – (ор. накопительное
(периодическое) культивирование, ағ. accumulation (batch) cell cultivation)
– жасушалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік
ортасы жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды үзіліссіз өсіру – (ор. непрерывное культивирование,
ағ. continuous-flow cell cultivation) – жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру (ор. закрытая про-
точная система культивирования, ағ. closed continuous-flow cell cultivation)
– жасушалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамта-
масыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның
төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.
Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру – (ор. полупро-
точная система культивирования клеток, ағ. continuous half-flow cell
cultivation) ‒ сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының бір
бөлігі оқтын-оқтын алынып тұрады, оның орнына нақ сондай мөлшерде
жаңа қоректік орта құйылып тұрады.