С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»


                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.        11-сурет



Pdf көрінісі
бет106/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

98                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
 
 
11-сурет. Сомалық будандарды алу (Уəлиханова Г.Ж., 2004) 
 
Сомалық  будандарды  сұрыптап  алу  əдістеріне  генетикалық, 
физиологиялық жəне биохимиялық комплементтену жатады. Жеке 
гетерокариондар  мен  будан  протопластарды  көптеген  ата-аналық 
протопластардың  арасынан  сұрыптап  алу  қиын,  сол  себептен 
алғашында  зерттеушілер  будандарды  регенеранттар  пайда 
болғанда  мутациялардың  комплементарлығы  негізінде  іріктеген. 
Генетикалық  комплементтену    будан  жасушаларда  гендер 
əрекеттесу  негізінде  ақауы  бар  гендердің  функциясын  қалпына 
қайтадан  келтіруі.  Генетикалық  емес  мутанттар  да  сомалық 
будандарды  сұрыптау  үшін  қолданылады,  мысалы,  ауксотрофтық 
мутанттар.  Ауксотрофтар  –  бұл  биохимиялық  мутанттар.  Олар 
мутация  салдарынан  өз  тіршілігіне  қажетті  қандай  да  бір  заттың 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        99 
биосинтезіне  қабілеттілігінен  айырылған.  Будан  жасушаларды 
сұрыптаудың  тағы  бір  əдісі    физиологиялық  комплементтену. 
Кейде  ата-аналық  ретінде  қолданылған  жасушалардың  көбеюіне 
жəне  морфогенезге  қабілеті  болмайды,  ал  олардың  протоплас-
тарын  қосудан  пайда  болған  сомалық  будан  жасушалар  ондай 
қабілетті  көрсете  алады.  Протопластар  құйылысып,  будан  жасу-
шалар  пайда  болғанда  олардың  метаболизмі  жөніне  келеді,  яғни 
биохимиялық комплементтену өтеді.  
Будан  өсімдіктерді  талдау  үшін  генетикалық  (гибридизация-
лық əдіс, цито-генетикалық əдіс) жəне биохимиялық (изофермент-
тік талдау) əдістері қолданылады.  
Жасушалық  инженерияның  тағы  бір  бағыты – жасушалық 
реконструкция.  Жасушаны  қайта  құрастыру  (реконструкция) – 
жасушаның  құрамына  кіретін  ядроны,  цитоплазманы,  митохон-
дрияларды,  хлоропластарды,  хромосомаларды  бір  жасушадан 
басқа  жасушаға  көшіру  негізінде  мүлдем  жаңа  жасушаны  жасау 
(12-сурет).  Осындай  əрекеттер  нəтижесінде  ядролық  жəне  цито-
плазмалық  гендер  тіркестігі  əдеттегідей  емес,  тіпті  өзгеше  жасу-
шалар  пайда  болуы  мүмкін.  Жеке  хромосомаларды  тасымалдау 
арқылы  анеуплоидтық  линияларды  алу  мүмкіншілігі  болса, 
ғалымдарды одан да артық қызықтырып келеді.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет