Бақылау сұрақтары 1. Рекомбинантты ДНҚ деген не?
2. Трансгенді өсімдіктерді қандай тəсілдер арқылы алады?
3. Трансгенді өсімдіктерді алғанда вектор ретінде нені пайдаланады?
4. Абиотикалық жəне биотикалық стресс факторларға төзімді өсім-
діктерді қандай əдіс арқылы алады?
5. Трансгенді өсімдіктердің практикалық маңызы неде?
6. Биобаллистикалық əдістің мəні неде?
7. Агробактериалды трансформацияны іске қалай асырады?
«Гендік инженерия» тарауы бойынша тест жəне есеп тапсырмалары 1. Рестриктазаның қызметі: A) АТФ молекуласын ыдырату;
B) ДНҚ молекуласын ыдырату;
C) Липидтерді ыдырату;
D) Көмірсуларды ыдырату;
E) Белоктарды ыдырату;
F) ДНҚ-ның арнайы сайттарын танып молекуланы белгілі
учаскелерде «қию»;
G) «Жабысқақ ұштар» түзілуімен нуклеин қышқыл молеку-
ланы ыдырату;
H) ДНҚ фрагменттерін жалғау.
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 117