Мұздатып сақтау (криосақтау) – жасушаларды қатты мұз-
датып алып өте төмен температурада сақтау, мысалы сұйық азот
температурасында (-196
о
С).Қазіргі уақытта жасушаларды,
ұлпаларды, мүшелерді қатты мұздатып сақтау медицина мен мал
шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Ал өсімдіктерге кел-
сек, өкінішке орай, жағдай басқаша. Басты қиындығы, ол өсімдік
жасушаларына тəн ерекшеліктері жəне мұздың оларға əсері.
Өсімдік жасушалары көлемі үлкен, вакуолі зор, суы көп болған-
дықтан мұздату жəне еріту кезеңдерінде олар қатты зақымданады.
Ол мұздың жасуша ішінде де, сыртында да қатуына байланысты.
Температура баяу төмендесе, жасушаның бос суы жарым-жарты-
лай сыртқа шығып үлгереді де, сыртқы ерітіндіде мұзға айналады.
Ал мұздату өте жедел өтсе, жасушаның дегидратациясы жүріп
үлгермейді де, мұз цитоплазма ішінде түзіле бастайды. Мұндай
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 147 қиыншылықтарды жеңу үшін жасушаларды мұздатып сақтағанда
арнайы қорғаныш заттарды (криопротекторларды) пайдаланады.