Апикальдық меристеманы өсiру (лат. арех – ұшы, гр. meristos –
бөлiнетiн) ор. культура апикальной меристемы, ағ. apical meristem culture
– өсу конусының ең жоғары ұшынан бiр немесе екi алғашқы жапырақ
бастамасы бар оқшауланған бөлiгiн залалсыздандырылған қоректiк ортада
өсiру.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі
бар иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антидене (ор. антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын
ақуыздар, олар бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер)
əсерін тежейді.
Апомиксис (гр. аро – бiр нəрсенiң немесе құбылыстың болмауы;
mixis – араластыру) ор. апомиксис, ағ. apomixis – ағзалардың жыныссыз
жолмен пайда болған ұрықтар арқылы көбеюi.