4 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
ның теориялық негіздерін білу керек, яғни жеке жасушалардың
жəне жасушалық популяцияның физиологиялық дамуы заңдылық-
тары, биосинтезінің ерекшелігі, ферменттердің белсенділігін
реттейтін механизмдерді білу қажет.
Биотехнологиялық, биохимиялық жəне микробиологиялық
əдістерді өнеркəсіпте қолданып, адамға қажетті өнімдерді (мыса-
лы, биологиялық белсенді заттар, дəрумендер, гликозидтер,
гормондар) алуға болады. Биотехнологиялық əдiстермен өндiрiл-
ген фармацевтикалық өнiмдердiң əлемдiк бағыты биотехнология-
лық нарықтың жартысына жуығын құрайды. Оларға емдеу, фито-
препараттар, өсімдік рекомбинантты вакциналар, дəрі-дəрмектер,
биосенсорлар, профилактикалық құралдардың бəрі жатады. Жа-
сушалық инженерия жəне гендік инженерия арқылы жаңа заттар-
ды, өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығару мүмкіншіліктері қолға
алынды. Қазiргi уақытта препараттарының гендiк инженерия арқы-
лы өндiрiсi биотехнологиялық фарминдустрияда жетекшi сектор
болып табылады.
Бұл оқу құралының
мақсаты − өсімдік биотехнологияның
қысқаша теориялық негіздерімен қатар практикалық негіздерін
бірдей игерту. Осы оқу құралының ерекшелігі – студенттерге өзін-
дік бақылауды жүргізу үшін тест тапсырмалары жəне пысықтау
сұрақтарының берілуінде. Сонымен қатар, зертханалық тəжірибе-
лерде кездесетін есептер мен оларды шығару тəсілдері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: