Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
59
кең қолданысқа ие: крахмалдан глюкозалық сироп алу үшін –
амилаза; глюкозаны фруктозаға изомерлеу үшін − глюкоизомераза;
жеміс-жидек шырындарын жарықтандыру үшін − пектинметилэс-
тераза; инверттік қант алу үшін − инвертаза; казеин гидролизаты-
нан алынған сүт ақуыздарын үздіксіз коагуляциялау үшін − пеп-
син; антибиотиктердің модификациялану реакцияларын катализ-
деу үшін пенициллинамидазаны жəне тағы басқа ферменттер
пайдаланылады.
Төменгі сатылы өсімдіктер – балдырлар – көптеген биобел-
сенді қосылыстардың көзі. Мысалы, спирулинада ет өнімдері, бұр-
шақтұқымдас жəне түрлі жарнақтарға қарағанда В
1
дəрумені
əлдеқайда жоғары. Құрамындағы В
2
дəрумені бойынша жануартек-
тес өнімдерді де артта қалдырады. РР дəрумені бойынша спиру-
лина қара малдың бауырын, бүйрек, тіл, құс пен қоян етінен
біршама жоғары, ал фолацин бойынша ол бауыр, бүйрек, ірімшік
секілді тағамдарды да артта қалдырады, олардың құрамындағы
фолациннің 90%-ы тағамдық өңдеуден өткен кезде жоғалатынын
ескерсек, спирулинаның табиғи түрде пайдалануының əлдеқайда
нəтижелі екенін көрсетеді. Спирулина құрамында үш бояғыш-
пигмент бар, олар: каротиноид, хлорофилл жəне фикоцианин.
Жапон жəне американдық дəрігерлермен өткізілген зерттеулер
фикоцианиннің ағзаның лимфалық белсенділігін жоғарылататы-
нын жəне иммунды жүйесін күшейтетінін көрсетті. β-каротин –
тағам өндірісінде кең пайдаланылатын пигмент. Көк-жасыл
балдырдан
Ch1orella sp., ашытқылардан (
Rhodotorula sp.), актино-
мицеттерден (
Actinomyces sp.), мукорлық өңез
Blakeslea trispora-
дан каратиноидтарды алынады.
Достарыңызбен бөлісу: