Қосымша әдебиеттер:
10. Нанс Б. Компьютерные сети: Пер. с англ.- М.: Вином, 1996.
11. Андерсон К., Минаси М. Локальные сети. Полное руководство: Пер.
с англ. - К : ВЕК, ЭНТРОП, СПб: КОРОНАпринт. 1999.
12.Microsoft
Corporation.
Компьютерные
сети.
Учебный
курс:
Официальное пособие Microsoft для самостоятельной подготовки: Пер. с
англ. - 2-е изд., испр. және доп.- М.: Издательско-торговый дом «Русская
редакция», 1999.-576 с.
13. Камер Д. Компьютерные сети и Internet.-М.: Издательский дом
«Вильямс», 2002.
14. Закер К. Компьютерные сети. – Спб.: БХВ-Петербург, 2005.-1008 с.
15. Столингс В. Передача данных. –СПб.: Питер,2004.-750 с.
16. Ибышев Е.С., Ли Ю.А. Компьютерные сети. – Караганда: КЭУ, 2008.
17. Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер. – Қарағанды: ҚЭУ, 2009.
42
ҤШІНШІ ТАҚЫРЫП.
АШЫҚ ЖҤЙЕЛЕРДІҢ ӚЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІН ҦЙЫМДАСТЫРАТЫН
БАЗАЛЫҚ МОДЕЛЬ (OSI МОДЕЛІ)
Дәрістің мән-мәтіні
Мақсаты: «Ашық жҥйе» ҧғымымен, қызметтік деңгей ҧғымымен,
физикалық, арналық, транспорттық, сеанстық, қолданбалы деңгейлердің
қызметімен танысу және оқып-ҥйрену.
Дәріс жоспары:
1. «Ашық жҥйе» ҧғымы.
2. Қызметтік деңгей ҧғымы.
3. Физикалық,
арналық,
транспорттық,
сеанстық,
қолданбалы
деңгейлердің қызметі.
Негізгі тҥсініктер: OSI моделі, физикалық деңгей, арналық деңгей,
транспорттық деңгей, сеанстық деңгей, қолданбалы деңгей, ашық жҥйе.
Тақырыптың
мазмҧны.
Желіаралық
ӛзара
қарым-қатынасты
ҧйымдастыруға жеткілікті, әртҥрлі деңгейлер хаттамаларының келісілген
жиыны хаттамалар арнасы деп аталады. Әр деңгейдің, жоғарғы деңгеймен
байланыстың сҧраныс-функциялар жиыны анықталады, оны интерфейс дейді.
Екі машинаның ара-қатынас ережелері, деңгейлердің әрқайсысы ҥшін
хаттамалар деп аталатын процедуралар тҥрінде сипатталуы мҥмкін.
Желілерде кеңінен қолданылатын кӛптеген арналардың хаттамалары бар.
Бҧлар халықаралық және ҧлттық стандарттар болып табылатын арналар,
сондай-ақ белгілі бір фирма қҧралдарының таралуы арқасында таралған
фирмалық арналар. Кең тараған хаттамалар арналарының ҥлгісі ретінде Novell
фирмасының IPX/SPX стегін, Internet желісін және Unix операциялық жҥйесі
негізіндегі кӛптеген желілерде қолданылатын TCP/IP арнасын, стандарттау
бойынша халықаралық ҧйымның OSI арнасын, Digital Equipment
корпорациясының DECnet арнасын және т.б. алуға болады.
Екі байланысқан нысандармен қабылданған, берілген жағдайда, желідегі
компьютерлермен жҧмыс істеп отырған хаттаманың келісім болып
табылатындығынан, оның стандартты болуы міндетті емес. Бірақ іс жҥзінде
желілерді жҥзеге асыру кезінде стандартты хаттамаларды қолдануға тырысады.
Бҧл фирмалық, ҧлттық немесе халықаралық стандарттар болуы мҥмкін.
1980 жылдардың басында стандарттау бойынша халықаралық ҧйымдар –
ISO, ITM-T және басқалары - желілердің дамуына ҥлкен ҥлес қосқан модель
қҧрды. Бҧл модель ашық жҥйелер байланысының моделі (Open System
Interconnection, OSI) немесе OSI моделі деп аталды.
OSI моделі жҥйелер байланысының әр тҥрлі деңгейлерін анықтап, оларға
стандарттық атаулар береді және әр деңгейдің қандай файлдарды орындау
қажет екендігін кӛрсетеді. OSI моделі 1970 жылдары кӛбіне ауқымдық,
43
компьютерлік желілердің қҧрылуы кезінде жасалды. Бҧл модельдің толық
сипаттамасы 100 беттік мәтін кӛлемін алады.
OSI моделіндегі байланыс қҧралдары 7 деңгейге бӛлінеді: қолданбалы,
ӛкілдік, сеанстық, транспорттық, желілік, жолдық және физикалық. Әрбір
деңгей бір желілік қҧрылғылармен байланысқан.
OSI моделі операциялық жҥйелермен, жҥйелік утилиттермен, жҥйелік
аппараттық қҧралдармен қҧрылған жҥйелік қҧралдар байланыстарымен
сипатталады. Модель соңғы қолданушылардың қосымша байланыс қҧралдарын
енгізбейді. Ӛзінің қосымша байланыс хаттамаларын жҥйелік қҧралдарға
айналдыру арқылы жҥзеге асырады. Сондықтан қосымша байланыс деңгейі мен
қолданбалы деңгейді айыра білу қажет.
Сонымен қатар қосымша OSI моделінің кейбір жоғарғы деңгейлерінің
қызметтерін ӛзіне алуы мҥмкін. Бҧл жағдайда қосымша жойылған қорларға қол
жеткізе отырып, жҥйенің файлдық қызметін қолданбайды; ол OSI моделінің
жоғарғы деңгейлерін айналып ӛтіп, OSI моделінің тӛменгі деңгейінде
орналасқан желі бойынша хабарларды тасымалдауға жауапты жҥйелік
қҧралдарды тікелей қарастырады.
OSI моделінде хаттамалардың екі негізгі типінің ара-жігі ажыратылады.
Байланысты орнату (connection-oriented) хаттамаларында деректерді ауыстырар
алдында жіберуші және қабылдаушы байланыс орнатып, кейбір хаттамалар
параметрлерін таңдауы қажет. Диалогты аяқтаған соң олар бҧл байланысты
айыру керек. Телефон – бҧл байланысты орнату негізіндегі байланыс мысалы.
Хаттамалардың екінші тобы – алдын-ала орнатылған байланыс
(connectionless) хаттамалары. Мҧндай хаттамалар дейтаграммалық хаттамалар
деп те аталады. Жіберуші хабарды тек дайын болғанда жібереді. Пошта
қорабына хатты тҥсіру – бҧл алдын-ала орнатылмаған байланыс қатынасының
мысалы.
Компьютерлердің
байланысуында
екі
типтің
хаттамалары
қолданылады.
OSI моделі ашық жҥйелер байланысының тҧжырымдамалық схемасы
болып табылады, ал OSI стегі хаттаманың нақты айрықшаланымын теруді
кӛрсетеді. Басқа хаттама секторға қарағанда OSI стегі OSI моделіне толығымен
сәйкестендірілген, ол сол модельде кӛрсетілген байланыстың барлық 7 деңгейі
хаттамасының айрықшаланымын қосып алған. Тӛменгі деңгейлерде OSI стегі
Ethernet,Token Ring, FDDI, ауқымды желілер хаттамаларын, Х.25 және ISDN-ді
қолдайды, яғни басқалар сияқты тӛменгі деңгейдің стегінен тыс қҧрылған
хаттамаларын қолданады. OSI стегінің желілік, транспорттық және сеанстық
деңгейлерінің хаттамалары әр тҥрлі ӛндірушілермен айрықшаланған және
жҥзеге асырылған, бірақ әлі аз таралған. Қолданбалы хаттамалар OSI стегінің
аса белгілі хаттамалары болып табылады. Оларға жататындар: файлдарды
жіберу хаттамалары FTAM, терминалдың эмуляциялық хаттамасы VTP,
анықтама бӛлімінің хаттамалары Х.500, электрондық пошта Х. 400 және т.б.
Бірмәнділіктің болмау айрықшаланымы OSI стегінің хаттамаларын ҥлкен
қиындықпен ерекшелейді. OSI хаттамалары ӛз қиындықтары ҥшін орталық
процессордың есептеу кҥшінің кӛбірек кемуін қажет етеді.
OSI стегі – халықаралық, ӛндірушілерге тәуелсіз стандарт.
44
OSI хаттамалар, арна мен OSI моделін ажырата білу керек. OSI – бҧл
келісілген хаттамалар арналарын қҧратын хаттамалардың нақты
айрықшаланымының жиыны. Бҧл хаттамалар арналарын АҚШ ҥкіметі ӛзінің
GOSIP бағдарламасында қолдайды. OSI арналары басқа стандартты арналарға
қарағанда OSI ӛзара әрекеттесу моделіне толығымен сәйкес келеді және ашық
жҥйелердің ӛзара әрекеттесу моделінің барлық жеті деңгейі ҥшін
айрықшаланады (16-сурет).
16-сурет – OSI моделінің деңгейлері
Физикалық және арналық деңгейлерде OSI арнасы Ethernet, Token Ring,
FDDI айрықшаланымдарын, сонымен қатар LLC, Х.25 және ISDN
хаттамаларын қолдайды.
Желілік деңгейде хаттамалар байланыс орнатпай да және байланыс
орнатылған кезде де іске асады.
OSI арналарының транспорттық хаттамасы байланыс орнату және
байланыс орнатусыз желілік сервистер арасындағы айырмашылықтарды
жасырады, сондықтан қолданушылар тӛменгі желілік деңгейден тәуелсіз қажет
қызмет кӛрсету сапасын алады. Қателерге тӛзімділігімен және қателерден
кейінгі деректердің қалпына келуіне қойылатын талаптармен ерекшеленетін,
тӛменгі 0-сыныптан жоғарғы 4-сыныпқа дейінгі транспорттық сервистің 5
сыныбы анықталған.
Қолданбалы
деңгей
сервистеріне
файлдарды
жіберу,
терминал
эмуляциясы, каталогтар қызметі және пошта кіреді. Олардың ең
перспективалылары каталогтар қызметі (стандарт Х.500), электронды пошта
(Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу және басқару
хаттамасы (FTAM), қайта жіберу және жҧмыстарды басқару хаттамасы (JTM).
Кейінгі кезде ISO ӛз кҥштерін дәл осы жоғарғы деңгей сервистеріне
жҧмылдырды.
Компьютерлік желінің қҧрылымын ҧлғайтқан жағдайда, әр сегментінде әр
тҥрлі топология және байланыс, ҧйымдастыруда тҥрлі желілік орта,
компьютерлерде тҥрлі операциялық жҥйелер, желілік қҧрал-жабдықтар т.с.с.
45
тҥрлі ӛңдірушілердікі болуы мҥмкін. Алуан тҥрлі желілік қҧрал-жабдықтар мен
байланыс орталары желі жҧмысында қайшылықты мәселелерді болдырмас
ҥшін, байланыс операцияларының орындалуы нақты ережелер бойынша іске
асуын талап етеді. Сондықтан желіні реттелген деңгейлер жиынтығы ретінде
қарастыру ҧсынылды. Ең тӛменгі деңгей физикалық, яғни аппараттық
байланысты сипаттайтын деңгей болды.
1978 жылы Халықаралық стандарттар ҧжымы (ІSO - Іnternatіonal Standards
Organіzatіon) Бірінші кӛпдеңгейлі стандарт жобасын ҧсынды. 1984 жылы ІSO
жаңа байланыс ҥлгісін жариялады - OSІ эталонды моделі (Open System
Іnterconnectіon reference model) – ашық жҥйелердің ӛзара әрекеттесу моделі.
Бҧл модельде (1-кесте) желілік функциялар 7 деңгей арасына қатысты
таратылған. Функцияларды шартты тҥрде ҥш топқа жіктеуге болады.
1-кесте. OSІ эталонды моделінің деңгейлері мен қызметтері
NN
Деңгей атауы
Функциясы
7
Қолданбалы Applіcatіon
layer
Желіден тәуелсіз хаттамалар
6
Ӛкілдік Presentatіon layer
5
Сеанстық
Sessіon layer
4
Кӛліктік
Transport layer
Кӛліктік ішкі жҥйе
3
Желілік
Network layer
Желіге
тәуелді
хаттамалар
2
Арналы
Data lіnk layer
1
Физикалық Physіcal layer
Әр деңгейдің мақсаты - бір саты жоғары орналасқан деңгейге қызмет
кӛрсету. Желідегі екі байланысқан компьютерлердің деңгейлері қабылданған
ережелерге сәйкес әрекеттеседі, байланысты реттейтін ережелер мен
процедуралар жиынтығын хаттамалар (protocol) деп атайды. Мысалға, екі ел
арасындағы елшілер қатынастары тек хаттамаларға сәйкес ӛткізіледі. Сол
секілді компьютерлік желіде байланыс қатаң тҥрде ережелер бойынша
жҥргізіледі. Екі деңгей арасында интерфейс деп аталатын операциялар
жиынтығы ҧсынылады, ол операцияларды тӛмендегі деңгейден жоғарыдағы
деңгейге қатысты орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |