Студенттің академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері
Осы Ереженің мақсаты қазақстандық жоғары медициналық білімнің әлемдік стандарттарға сәйкес сапасын қамтамасыз ету, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Академиялық тапсырмаларды адал орындай отырып, білім алушылар жаңа және инновациялық идеяларды қалыптастыру арқылы білім мен мәдениетті берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, білім беру мекемесінің іргелі құндылықтарының бірлігін қолдайды.
2)Осы Ережені енгізудің міндеттері:
-білім алушылар арасында академиялық алаяқтық фактілерін болдырмау және жою;
-білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында плагиатқа төзбеушілік тәрбие беру;
білім алушыларда академиялық адалдықты дамыту бойынша тұрақты мақсатты жұмыс жүргізу.
Кодекс мамандарды даярлау сапасын арттыруға және университеттің білім беру ортасындағы беделін арттыруға бағытталған университеттің стратегиясын қолдау мақсатында енгізіліп, білім беру процесінде академиялық адалдық қағидаттарын, осы процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сонымен қатар академиялық адалдықтың түрлері мен олар болған жағдайда шаралар қабылдау тәртібін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |