С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Бҧлшықет жҥктемесін тҥсіруге арналған, релаксация кҥйін



Pdf көрінісі
бет90/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134
Бҧлшықет жҥктемесін тҥсіруге арналған, релаксация кҥйін 
сендіруге арналған жаттығулар 
 
(Полтава пединститутының оқытушысы 
Т. Г.Дмитренкомен таңдап алынды) 
1-жаттығу. «Релаксация кҥйі» (дірілдеген көшір кҥйі). Ҥстелге 
отырып, денені аздап алға еңкейту, ақырын ғана арқаны бҥгу, басты 
кеудеге тҥсіру, белді тік бҧрышпен бір-біріне тіктеу. Білек мықында 
еркін жатады, қолдың буындары еркін салбырап тҧрады. Бҧлшық етті 
барынша бос ҧстау. Көз жҧмулы. Ойша көзбен, оның бос екендігін 
тексере отырып, дененің барлық бҧлшық етке «жҥгіріп өту». 
«Релаксация бетпердесін» меңгере отырып, бет бҧлшықетінен бастау 
керек. 
2-жаттығу. 
«Релаксация бетпердесі». 
Пəрмен 
беріледі 
(бҧйрықтардың өзі): «Маңдайдың бҧлшық еттері босаңсыған
маңдайдағы барлық əжімдер жазылған (осы бҧлшықет тобының 
босағанын сезіну ҥшін, алдын ала қарама-қарсылық ҥшін оларды 
ширату керек, дем алғанда қасты көтеріп, таң қалғандағыдай, дем 
шығарғанда тҥсіру керек); қастар босаңсыған (қабықты тҥю жəне сол 
сəтте босату керек); қабақтар босаңсыған; жақ бҧлшықеттері 
босаңсыған; жақтар ашылған, төменгі жақ төмен қарай еркін 
тҥсірілген; еріндер босаңсыған, бетте терең тəтті тҥс көрген белгі тҧр. 
Сонымен, бет əлпеті мен психологиялық кҥйі арасында берік кері 
байланыс болады, сыртқы босаңдылық бейнесі мен тыныштық кҥйі 
сəйкес кҥйдің өзгеруіне əкеледі. 
3-жаттығу. «Толықтай дене тыныштығы». Мақсаты: дене 
бҧлшықеттерінің барлығын босату, барлық бҧлшықет қысымын 
тҥсіру. Негізгі формулалар: «Мен босаңсып тҧрмын», «Толықтай дене 
тыныштығы». Пəрмен (өзіндік бҧйрық) беріледі: «Тыныштық, 
толықтай дене тыныштығы; мен боспын; мойын бҧлшықеттері 
босаңсыған; иықтар босаңсыған (иықтар тҥсірілген); қолдың, 


білектің, буынның бҧлшықеттері босаңсыған; қолдар тізеге қамшы 
тəрізді тасталған; арқа бҧлшықеттері босаңсыған; іш босаңсыған». 
Көзқарас, барлық бҧлшықеттер қысымы жиналғанын тексере 
отырып, денені баяу жҥріп өтеді, аяқ бҧлшықеттеріне тҥсіріледі: 
«аяқтар босаңсыған: мықын босайды, тізе буындары босатылады
бҧлшықет жіліншігі, табан босаңсиды; əрбір менің бҧлшықетім 
босайды мен боспын; тыныштық, толық дене тыныштығы» босаңсу 
кезінде демалған бейнені көрсетіңіз: сіз жағажайда (бақта..) демалып 
жатырсыз «Мен демаламын, маған толық дене тыныш болған кҥй 
ҧнайды». 
Қ о р ы т ы н д ы : өз-өзіне бҧйрық беру жəне көрсету арқылы сіз 
өзіңізді толық дене тыныштығы кҥйіне сендіресіз. 
4-жаттығу. «Толық психологиялық тыныштық». Мақсаты: 
барынша тыныштау, қозу мен кҥйгелектікті алып тастау. Негізгі 
формулалар: «Толық психикалық тыныштық», «Тыныштық көрпе 
секілді, мені қымтап алады». Пəрмен беріледі: «Демалыс; барлық 
ойлар жоғалды; Тек тыныштық; тыныштық, жҧмсақ көрпе секілді, 
мені қымтайды; мен өте салмақтымын; толық психологиялық 
тыныштық». 
Қ о р ы т ы н д ы: жалпы дене босаңсығанда, сіз өз-өзіне бҧйрық 
беру жəне көрсету арқылы өз-өзіңізді толық психологиялық 
тыныштық кҥйіне сендіресіз. 
5-жаттығу. «Оң қолдағы ауырлық». Мақсаты: бҧлшықеттердің 
барынша босаңсуына қол жеткізу, ал бҧл ҥшін оң қолдағы (сосын 
барлық денеде) бҧлшық ет ауырлығы сезімін тудыруға ҥйрену қажет. 
Негізгі формула: «Оң қолым ауырлау». Пəрмен (өз-өзіне бҧйрық) 
беріледі: «Менің оң қолым ауыр; менің оң қолымда ауырлықты 
сезінемін; саусақ ҧштары ауыр; оң қолдың буындары ауыр». Келесі 
бейнелі көрсетілімдерді қолдануға болады: «Қолға қорғасын 
қҧйылып, бірте-бірте ауырлап барады; оң қол тізеге ауыр қысып тҧр; 
мен білекте, иықта ауырлықты сезінемін; бар оң жақ қол ауыр». 
Қ о р ы т ы н д ы: бҧл жаттығу, өз-өзіне бҧйрық беру жəне көрсету 
арқылы, өз-өзіне тҥрлі кҥйлерді сендіруге болатындығын көрсетеді. 
6-жаттығу. «Релаксация кҥйінен шығу». 10-ға дейін есеп жҥреді, 
əр екінші есептеуде əмір (өз-өзіне бҧйрық): «Бір, екі – сіз жақсы дем 
алдыңыз; ҥш, төрт – оң қолдағы ауырлық кетеді; бес, алты – барлық 
денеде сергектік; жеті, сегіз – көңіл-кҥй сергек; тоғыз, он – көзді ашу, 
кҥлімсіреу». Жігерлі тҥрде əмір беріледі: «Керіліңіз, тҥзу отырыңыз! 
Өз алдыңызға қол саусақтарын айқастырыңыз! Буынды алақанның 
сыртымен айналдырыңыз. Толық дем алып, қолдарыңызды 


айқастырылған саусақтармен басыңыздың ҥстіне көтеріңіз. Шҧғыл 
дем шығарып, қолды тҥсіріңіз» (2-3 рет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет