С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


-тест. Р.Кэттел әдістемесі бойынша жеке мінез-қҧлықты бағалау



Pdf көрінісі
бет116/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

1-тест. Р.Кэттел әдістемесі бойынша жеке мінез-қҧлықты бағалау 
Те с т і н і ң м а қ с а т ы . Тҧлға мінезінің жеке ерекшеліктерін 
анықтау. 


Осы тест — американдық психолог Р. Кэттел өңдеп шығарған, 16-фак- 
торлық сауалнаманың тҥрлендірілген, жеңілдетілген нҧсқасы жəне 
тҧлғаның бастапқы жалпы ерекшеліктерін, яғни оның қҧрылымына 
кіретін жəне адамның белгілі бір реакциясының себебі болып табылатын 
факторларды анықтауға арналған. 
Ол өңдеуге жəне талдауға жеңіл. 
Н ҧ с қ а у . Әр сҧраққа жауаптың бір нҧсқасын («а», «б», «в») таңдаңыз. 
Сҧрақты оқығанда ҧзақ ойланбастан, жалпы жағдаятты көзіңізге 
елестетуге жəне сіз ҥшін оның қаншалықты ҥйреншікті екенін бағалауға 
тырысыңыз. 
Барлық сҧрақтарда «б» нҧсқасы нақты таңдауды талап етпейтін немесе 
бір мағыналы жауапты бермей кетуге мҥмкіндік беретін жағдайларға 
сəйке келеді. Дей тҧрғанмен, осындай жауаптарды шамадан тыс 
пайдаланбаңыз. 
«Қате» немесе «дҧрыс» жауаптар жоқ екенін есте сақтаңыз – əр 
адамның жеке көзқарасқа қҧқығы бар. 
1. Мен жҧрттан алыс жерде өмір сҥре алар едім: 
а) иə; б) кейде; в) жоқ. 
2. Кейде мен өзімді ешқандай себепсіз жаман сезінемін: 
а) иə; б) білмеймін; в) жоқ. 
3. Қандай да бір оқиғаны оқып отырғанда, мені барша жай-жапсары 
қызықтырады: 
а) иə; б) кейде; в) сирек. 
4. Достарым мені мазақ еткенде, мен əдетте олармен бірге кҥлемін жəне 
мҥлдем ренжімеймін: 
а) дҧрыс; б) білмеймін; в) дҧрыс емес. 
5. Менің назарымды біршама аударып əкету: 
а) менің ашуымды келтіреді; 
б) орташа бірдеңе; 
в) мені мҥлдем алаңдатпайды. 
6. Маған ҧнайтын дос: 
а) мҥдделері іскери жəне практикалық сипаттағы; 
б) білмеймін; 
в) өмірге терең ойланған көзқарасымен ерекшеленетін. 
7. Кəсіпорында маған қызықты болды: 
а) машиналар жəне механизмдермен жҧмыс істеу мен негізгі өндіріске 
қатысу; 
б) айту қиын; 
в) адамдармен сҧхбаттасу, қоғамдық жҧмыспен айналысу. 
8. Өзіме қажат болған жағдайда, менің кҥш-қуатым əрқашан жеткілікті: 
а) иə; б) айту қиын; в) жоқ. 
9. Мен өзімнің қҧпия ойларымды жария ететін шығармын: 
а) өзімнің жақсы достарыма; 
б) білмеймін; 
в) өз кҥнделігімде. 
10. Мен кəміл сенетін идеяларыма адамдардың қарама-қарсы ойларын 
байсалды тҥрде тыңдай аламын: 
а) дҧрыс; б) жауап беру қиын; в) дҧрыс емес. 


11. Сақ жəне ҧқыптылығым соншалық, басқа адамдармен салыстырғанда 
аяқ асты жағдайлар менімен аздау болады: 
а) иə; б) айту қиын; в) жоқ. 
12. Көптеген адамдармен салыстырғанда, мен өтірікті сирек айтамын 
деп ойлаймын: а) дҧрыс; б) жауап беру қиын; в) жоқ. 
13. Мен жҧмыс істеуді таңдар едім: 
а) адамдарға басшылық жасайтын жəне солардың ортасында болатын 
мекемеде; 
б) жауап беру қиын; 
в) сəулетші мамандығы бойынша. 
14. Менің істегендерім сəтсіз болып 
шығады: а) сирек; б) кейде; в) жиі. 
15. Жҧрт менің идеяларымды жҥзеге асыру мҥмкін емес деп айтқанның 
өзінде де мені бҧл тоқтата алмайды: 
а) дҧрыс; б) білмеймін; в) дҧрыс емес. 
16. Көптеген адамдар жасайтындай, мен қалжыңдарға қатты дауыс 
шығарып кҥлмеуге тырысамын: 
а) дҧрыс; б) білмеймін; в) дҧрыс емес. 
17. Жоспар қҧруға жіберілген кҥш-жігер: 
а) ешқашан артық болмайды; б) айту қиын; в) оған тҧрмайды. 
18. Маған талғампаз, талғамы нəзік адамдардан гөрі, ашық жəне турашыл 
адамдармен жҧмыс істеген ҧнайды: 
а) иə; б) білмеймін; в) жоқ. 
19. Маған біраз ыңғайсыз болса да, басқа адаммен кездесуді оған ыңғайлы 
уақытқа белгілеуге келісу мен ҥшін жағымды: 
а) иə; б) кейде; в) жоқ. 
20. Мен ҧйқтауға жатқанда: 
а) тез ҧйқыға кетемін; б) əрқалай; в) қиналып ҧйқтаймын. 
21. Дҥкенде жҧмыс істесем, қалар едім: 
а) витриналарды безендіруді; б) білмеймін; в) кассир болуды. 
22. Мен артық көремін: 
а) өзіме қатысты сҧрақтарды өзім шешуді; 
б) жауап беру қиын; 
в) өзімнің достарыммен ақылдасамын. 
23. Тиянақты, талапшыл адамдар менімен сыйыса алмайды: а) 
дҧрыс; б) кейде; в) дҧрыс емес. 
24. Адамдар мен туралы жаман ойласа да, мен олардың көзқарасын 
өзгертуге тырыспаймын, өзімше əрекеттенуді жалғастыра беремін. 
а) иə; б) айту қиын; в) жоқ. 
25. Кейде таңертеңгі уақытта ешкіммен тілдескім келмейтін 
кездерім болып тҧрады: а) жиі; б) кейде; в) ешқашан. 
26. Менің ішім пысады: 
а) жиі; б) кейде; в) ешқашан. 
27. Тіптен ең драматикалық оқиғалар бір жыл өткен соң, менің жанымда 
ешқандай із қалдыра алмайды деп ойлаймын: 
а) иə; б) айту қиын; в) дҧрыс емес. 
28. Менің ойымша... болу қызықты: 
а) ботаник немесе өсімдіктермен жҧмыс істеу; 


б) білмеймін; 
в) сақтандыру агенті. 
29. Өте қиын жəне көп кҥш-жігер талап ететін сҧрақты шешу кезінде мен... 
тырысамын: 
а) басқа сҧрақпен айналысуға; 
б) жауап беру қиын; 
в) бҧл сҧрақты тағы да шешуге тырысамын. 
30. Тҥнде маған фантастикалық немесе мағынасыз тҥстер кіреді: 
а) иə; б) кейде; в) жоқ. 
Осы тест сіздің мінезіңіз жайлы толық тҥсініктеме бере алмайды 
жəне абсолюттік шындыққа ҧмтылмайды. Дегенмен ол тҧлғаның кейбір 
ерекшеліктерін анықтауға мҥмкіндік береді: көпшілдік, эмоциялық 
тҧрақтылық, адалдық, тəртіптілік. 
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у . 
«б» жауабы əрдайым 1 баллмен бағаланады. 
1-ден 7-ге дейін жəне 23-тен 30-ға дейінгі сҧрақтар : 
«а» — 0 балл; 
«в» — 2 балл. 
8-ден 22-ге дейінгі сҧрақтар: 
«а» — 2 балл; 
«в» — 0 балл. 
Тест кілті және нәтижелерді бағалау. 
1. 
1, 7, 9, 13, 19, 25 сҧрақтарына алынған жауаптардың баллдар 
сомасы сіздің көпшіл немесе тҧйық адам екеніңіз жайлы айтады. 
Егер баллдар сомасы 8-ден аспаса, онда сіз басқалардың 
ортасына мҧқтаж емес деуге болатын шығар жəне, жҧрт айтпақшы, 
байланысқа жоқсыз. Сіз таныстарыңызға кҥмəнмен қарауыңыз жəне 
басқалар туралы қатаң пікір тҥюіңіз əбден мҥмкін. Ал бҧл еш 
қиындықсыз ашық-жарқын жҥре беретін жақын достарымыздың 
ортасын шектейтінін бəріміз білеміз. 
Егер баллдар сомасы 8-ден жоғары болса, онда сіз көпшіл жəне 
мейірімдісіз, ақжарқын жəне ақжҥрексіз. Сіздің мінезіңізге шынайылық 
пен еркіндік, адамдарға деген зейінділік пен көңілшектік тəн. Сіз сыннан 
өте қорқасыз. Мамандық таңдаған кезде осыған назар аудару керек. 
Сізге «адам-адам» тектес, адамдармен ҧдайы қатынаста, ҧжымдық іс- 
əрекетте болатын кəсіпті таңдауды ҧсынуға болады. 
2. Егер 2, 5, 8, 14, 20, 26-шы сҧрақтарға алынған жауаптардың 
баллдар 
сомасы 
сіздің 
эмоциялық 
тҧрақтылығыңыз 
немесе 
тҧрақсыздығыңызды көрсетеді. 
Егер баллдар сомасы 7-ден аз болса, онда сіз сезімге берілгіш жəне 
көңіл-кҥйіңіздің лезде ауысуына бейім адам шығарсыз. Жоғары баға алу 
ҧстамды, сабырлы, заттарға көзқарасы шынайырақ адамдарға тəн. 
3. Егер 3, 6, 15,18, 21, 27-ші сҧрақтарға жауаптардан алынған 
баллдар сомасы 7-ден аз болса, онда сіз жалпы қабылданған 
нормаларды, мінез-қҧлық ережелеріне жеңіл еретін, пысық жəне адал 
адамсыз. 


Сізге біршама шектеулік, «жерге жақындық», ҧсақ-тҥйекке тым мəн 
беру тəн болуы мҥмкін. Жоғары баға алған болсаңыз, онда сіздің 
қиялыңыз бай, шығармашылық əлеуетіңіз жоғары адамсыз. Сонда да 
«көктен тҥскендей» болып жҥрмеуге тырысыңыз. Бҧл тіршіліктің 
сəтсіздіктеріне алып келеді. 
4. Егер 4, 10, 16, 22, 24 жəне 28-ші сҧрақтарға жауаптардан алынған 
баллдар сомасы 5-тен асса, онда сізге алды-артын болжағыштық пен 
сақтық тəн болуы мҥмкін. Сіз айтарлықтай көрегенсіз, оқиғалар мен 
айналаңыздағы адамдарды ақылмен жəне парасатпен бағалай білесіз. 
Төмен бағалау сіздің мінезіңізге тік мінезділік, шынайылық жəне 
жан тазалығы тəн екені жайлы айтады. 
5. Егер11, 12, 17, 23, 29 жəне 30-шы сҧрақтарға жауаптардан 
алынған баллдар сомасы 6-ден аз болса, онда сіздің өзіңізді бақылау мен 
тəртіп жағынан жағдайыңыз жақсы болуы неғайбыл сияқты. Әдетте 
психологтар бҧндай адамдарға ішкі шиеленіс тəн деп айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет