С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Ҧжымдық ӛзін-ӛзі сендіру бағдарламасын қҧру



Pdf көрінісі
бет91/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134
Ҧжымдық ӛзін-ӛзі сендіру бағдарламасын қҧру 
(Т.Г.Дмитренкомен таңдап алынған жаттығулар) 
Мынадай ережелерді басшылыққа алған жөн: 
— 
формула анық, əрі ықшам болуы керек; 
— 
формулада теріс «жоқ», бөлімдері болмауы қажет
— 
формулалардың тізбектілігін сақтау қажет («Мен сабырлы əрі 
сенімді болғым келеді, мен сабырлы əрі сенімді бола аламын, мен 
салмақты əрі сенімді боламын, мен салмақтымын əрі сенімдімін!»). 
Ҥлгілі өзін-өзі сендіру бағдарламалары 
1. 
Көңіл-кҥйді оңтайлы ету ҥшін: «Мен жинақы əрі байсалдымын; 
менде көтеріңкі, қуанышты көңіл кҥй; мен белсенді əрі белсенді, əрі 
сергек болғым келеді; мен белсенді, əрі сергек бола аламын; мен 
белсендімін, əрі сергекпін; мен жігер мен сергектікті сезінгім келеді 
(сезіне аламын; сезінетін боламын); мен ақкөңілмін жəне кҥш-қуатым 
толық, мен оптимистпін». 
2. 
Демалыс ҥшін: «Мен сабырлымын; мен толықтай сабырлымын; 
мен жақсы демаламын əрі кҥш жинаймын; менің ағзамның əр 
жасушасы демалады; менің əрбір бҧлшықетім демалады; əр жҥйкем 
демалады; балғындық пен сергектік мені толықтырып отырады; мен 
жинақы əрі мҧқиятпын; алда жемісті кҥн; мен демаламын». 
3. 
Алдағы болатын емтиханға өз-өзінді дайындау ҥшін: «мен 
өзімді сенімді сезінемін; көңіл-кҥйім көтеріңкі; басым анық; мен өте 
жинақымын; анық ойлаймын; мен оңай, анық, айқын жауап бергім 
келеді (бере аламын, беретін боламын». 
4. 
Сабақта кəсіби мінез-қҧлық стиліне икемдеу ҥшін, 
сенімсіздікті, 
сыныппен 
қарым-қатынас жасаудағы 
бөгеліп 
қалушылықты еңсеру ҥшін: «Мен өте сабырлымын; мен сыныпқа 
сенімді кіремін; өзімді сабақта еркін, əрі емін-еркін ҧстаймын; өзімді 
ҧстай аламын; менің дауысым бірқалыпты, сенімді естіледі; мен 
сабақты жақсы өткізе аламын; көңіл-кҥй сергек; маған өзіме сабақта 
қызықты; маған балаларды оқытқан қызықты; менің балаларға 
айтарым бар; мен сабырлымын, əрі өз-өзіме сенімдімін. 
Микрооқыту: «Балалар, қанеки .... жайында сөйлесейік» 
жағдайында өзіңді басқару. 
Микрооқыту 
жҥргізу 
барысында, 
тыңдаушы-студенттер 
аудиторияда сөз сөйлеп тҧрған жолдасының жағдайын сипаттап беруі 
қажет. Өз кезегінде, сөйлеген студент, микрооқыту кезіндегі өз дене 
жəне психикалық жай-кҥйін сипаттайды. Сөз сөйлегеннің өзіндік 
есебі мен тыңдармандардың есебі салыстырылады. 


Осы сабақта студенттерді келесі біліктерге қҧрады: 
— 
Жағдайларға жəне студенттердің жекелеген ерекшеліктеріне 
сəйкес əртҥрлі өзін-өзі реттеу тəсілдерін таңдау жəне қолдану; 
— 
бҧлшық ет қысымын босату; 
— 
барлық назарды əртҥрлі бҧлшықет топтарына аудару
— 
өзін-өзі сендіру формуласын қҧру; 
— 
қарым-қатынас басталар алдындағы жҧмыс хал-жағдайын 
басқару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет