128
129
қарыздан-қарызға ұшыратып отырды. Тоялар арасынан күріштен
арақ жасап сатушы іскерлер шыға бастады. Бұл іскерлер сонымен
қатар феодалдар үшін алым-салық жинауды да жалғастыра берді.
Асикага үкіметі шырмауына тек шаруаларды ғана емес,
сондай-ақ үстем тап өкілдерін де түсірген өсімқорлармен күрес
жүргізді. Сёгундер бірнеше рет феодалдар мен самурайлардың бұл
өсімқорларға барлық қарыздарын жою əрекетін жасады. Тек Есимас
сегунның билігі кезінде бір айдың ішінде тоғыз рет осындай əрекет
жасалған көрінеді. Бірақ сауда — өсімқорлық капиталының маңызы
күннен-күнге арта түсті.
XIV—XV ғасырларда Жапонияда үлкен рөл атқарған сыртқы
сауда айтарлықтай дамыды. Олардың кемелері Қытай мен Корея,
Вьетнам, Сиам мен Камбоджа жағалауларын аралап жүрді. Олар
көбінесе тонаушылықпен айналысып, кейде сауда да жасайтын.
XV ғасырда Қытай үкіметі бұл қарақшылармен нағыз соғыс та
жүргізді.
Жапония үкіметінің, феодалдарының атынан Қытаймен жүр-
гізілген ресми сауда ерекше орын алды. Ол сауда Жапон үкіметінің
Қытай сарайына жіберіп отыратын елшілігі арқылы жасалатын.
Бұл елшілікпен бірге тауарлармен лық толтырылған 10—15 кеме
жіберілетін. Сегун бұл сауданы реттеуді будда монастырларына тап-
сырып отырды. Оларға Қытаймен сауда жасау лицензиясын сатып
тұрды. Кейін мұндай лицензияны кейбір феодалдар да сатып алды.
Бірақ сауданы негізінен көпестер жүргізді. Олар монастырларға, се-
гунге, феодалдарға тапқан табысының біраз процентін /бөлшегін/
беріп отырды.
Жапония Қытайға көбінесе онда жоғары бағаланатын қылыштар
сататын. Сонан кейін мыс, күкірт, алтын, күміс, желдеткіш апара-
тын. Ал Қытайдан негізінен мақта, жібек, мыс монеталар əкелінді.
Сауда едəуір табыс көзі болды. Жапония желпуіштері Қытайда 10
есе артық бағамен сатылатын. Мыс пен алтын үшін қытайлықтар
5 есе артық төледі. Ал Қытай мақтасы Жапонияда 2—3 есе қымбат
сатылды. Қытай жібегінің сапасы жапон жібегінің сапасынан
əлдеқайда жоғары болды, ол Жапонияда қымбат сатылатын.
Саудаға сегунмен қатар барлық оңтүстік феодалдары араласуға
тырысты. Сауда егіншіліктен гөрі жеңіл табыс келтіретін. Сол
себепті қолөнері қолдаушылыққа ие болып отырды. Қолөнершілерге
жеңілдіктер жасалатын, көпестер де құрметке ие болып отыратын.
Сауда, қолөнері басым қалалар тез дамыды. Жапонияның батысында
Достарыңызбен бөлісу: