Химедзи сарайы. 1610 мұндай қалалар тізбегі жеткілікті болды: Кюсюдегі Хаката, Хонсюдің
оңтүстігіндегі Ямагути, ішкі теңіз бен Хонсю аралығындағы Хего
мен Сакай... Қалалармен бірге сауда-өсімқорлықпен, қолөнерімен
айналысатын топтардың экономикалық қуаты өсе түсті. Сакай мен
Хаката сияқты біраз қалалар өз дербестігін алды, өз жалдамалы от-
рядтарын ұстады. Соның арқасында феодалдық өзара қақтығыстар
зардабынан құтылды.
Қытаймен сауданың дамуы Жапонияның өнеркəсібіне пайда
келтірді. Феодалдар қазба байлықтарын игеруге қолдаушылық
көрсетіп отырды. Садо аралы мен Кюсюде алтын жəне күміс, Суруга
провинциясында — алтын, Кай, Синано провинцияларында алтын
мен мыс кеніштері ашылды. Бұл кейбір феодалдарды онан сайын
күшейте түсті.