214
215
Осман эмиратының жаулап алушылық саясатының табысты
болуына өте қатаң тəртіп арқылы жақсы ұйымдастырылған күшті
əскер көп үлес қосты. Ол əскерде «Яны чар» — «Жаңа əскер» деген
тұрақты жаяу əскер үлкен роль атқарды. Бұл əскердің жауынгерлері
үкіметтен жалақы алып тұрды. Алғашында янычарлар əскері 5-10
мың адамнан тұрды. Түріктер жеңген елдерден денсаулығы мықты
балаларды ата-анасынан
айырып алып, оларды əскери қызметке
дайындады, ислам дінін қабылдатты.
Янычарлар өз басшыларының
бұйрығын мүлтіксіз орындауға үйретілді.
Сұлтан биілігі тежеусіз болды. Оның билігін мұсылман
дінбасылары қолдады. Олар дінге сенушілерді сұлтан — «құдай-
дың жердегі көлеңкесі» деп сендірді.
Достарыңызбен бөлісу: