378
379
саяси жəне əлеуметтік жеңістерін тек озбырлық билікпен ғана
ұстап тұра алатын еді. Ал орталықтандырылған күшті озбырлық
билікті нығайтуға бағытталған саясаттың құрамдас бір бөлігі —
мемлекеттік меншікті нығайтып, жеке меншіктікті шектеуге, же-
келеген феодалдардың күшейіп кетуіне жол бермеуге бағытталған
шаралар болды.
Орта ғасырлардағы əлемді дүр сілкіндірген күштің бірі көш-
пенділер болды. Көптен бері өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің
шет жақтарындағы көшпенділер орталықтың ықпалында бола
тұрып, өздері де феодалдық үрдістерге,
феодалдық формацияның
ішкі ортасына əсерін тигізіп отырды. XI ғасырдағы селжук
түріктерінің, XIII ғасырдағы моңғолдардың қуатты миграция-
лары бір жағынан феодалдық бытыраң-қылықты тоқтатып,
қуатты орталықтандырылған мемлекеттік биліктің орнауына
əкеліп соқса, екінші жағынан мəдени орталықтардағы өндіргіш
күштерді кұлдыратты, егіншілік аймақтардың қысқарып, мал
шаруашылығының басым болуына əкеліп соқты. Көптеген шығыс
елдерінде халық санының өсімі төмендеп кетті.
Көшпенділер жаулап алушылықтары мен миграциялары
шығыс қоғамының бəріне бірдей əсер ете қойған жоқ. Олардың
ықпалынан Жанония мүлдем тыс қалды. Егер феодализм генезисі
кезінде көшпенділердің отырықшы халыққа орнатқан билігі қоғам
үшін тиімді болып, феодалдану үрдісін тездетуге үлес қосса, кейін
керісінше, ол процеске тежеу бола бастады.
Азия, Африка елдерінде
кұлдық сақталды, бірақ құлдар
шаруашылықта шешуші рөл атқармады, негізінен үйде малайлар
ретінде пайдаланылды. Құл иеленушіліктің сақталуына ірі жаулап
алушылықтар, жеңілген елдердің халықтарын қуып əкету себеп бо-
лып отырды. Құлдық ерте орта ғасырларда кеңірек орын алғаны-
мен, ол дамыған феодализм кезінде бұрынғы маңыздылығынан
біржолата айырыла бастады. VІІІ—ХІ ғасырларда Жапониядағы
кұлдар оның барлық халқының 10—15 %-н кұрады.
Азия мен Африкадағы феодалдық қоғамның маңызды бір бөлігі
— сол қоғамның өзіне тəн белгілерін бейнелеген орта ғасырлық қала
болды. Еуропалық
қалалар сияқты, шығыстық қалалардың дамуы
да өндіргіш күштердің жəне феодалдық əлеуметтік-экономикалық
қатынастардың даму дəрежесімен тығыз байланысты болып, сол
қатынастарды бейнелеп отырды. Шығыс елдеріндегі қалалар
қатарының шұғыл өсуі Х—ХІІ ғасырларда байқалды. Бұл кезде
қалалардағы өнеркəсіп қарқынды дамып, орта ғасырлық мəдениет
өркендеді.
Халықтың қалаларда шоғырлануы жағынан Шығыс бұл кез-
де Батыстан едəуір алда болды. XVIII ғасырдың аяғына қарай
шығыс елдерінің қалаларында халықтың 10—15 % тұрып жатты
деген болжам бар. Ал ол кезде 10 мыңнан астам адамы бар еуропа
қалаларында халықтың 1 %-н 7 %-ке дейінгі бөлігі тұрып жатты.
Тіпті шығыс қалаларының еуропа қалаларына қарағанда аграрлық
қатынастармен байланысы əлдеқайда аз болды.
Шығыс қалаларында феодалдар көптеп тұрып жатты. Шығыс
қалалары феодалдық биліктің орталығы болды,
сондықтан да
олардың автономиялық құқтары шектеулі болды. Олар феодализмнің
берік қамалы рөлін атқарды. Шығыстың қалалары антифеодалдық
оппозицияның орталығына айнала алмады. Азия мен Африка
қалалары өзінің тарихи миссиясын орындай алмады: олар ауылды
тауар-ақша қатынасына тарта алмады.
Шығыс қалаларында азық-түлік рыногы жақсы дамыды. Ол даму
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді толық болмаса да біраз жан-
дандырып отырды. Сол себепті шаруалардың артық өнім өндіруге
деген ынтасы төмен болды. Сөйтіп феодалдар мен феодалдық
мемлекеттің қалаға қысымшылығы жəне феодалдық қанаудың
ауыртпалығы шаруа шаруашылығын ақша-тауар қатынасына тар-
туды қиындатты, ауылды қауымның ішінде ғана қолөнері мен
егіншілікке бөлінген, өзімен-өзі экономикалық оқшауланып қалған
шағын бірлестікке айналдырды.
Осының бəрі Азия мен Африка елдеріндегі феодалдық
құрылымның баяу дамуының факторлары болды. Бұл елдер-
де де, Еуропа елдеріндегідей,
феодалдық қатынастардың дамып,
жетілуін екі кезеңге бөлуге болады. Біздің заманымыздың алғашқы
ғасырлары феодализмнің генезисі, яғни өтпелі кезең болды. VII
ғасырдан ІХ—Х ғасырларға дейін шығыс қоғамы ерте феодалдық
қатынастарды бастан өткізді. Феодалдық жер иеленудің басты түрі
еуропалық манор сияқты ұсақ феодалдық меншік болды.
Феодализмнің гүлденуінің басталуы деп əдетте моңғолдар
дəуіріне дейінгі кезең, яғни Х(ХІ) — XII ғасырлар саналады. Бұл
кезге қарай негізгі феодалдық рента өндірушілер натуралды рента
төлейтін қауымдық шаруалар мен жерлерінен айырылып қалған
жалгерлер болды. Еңбекпен өтеу аз мөлшерде ғана сақталды.
Рентаның бұл түрі негізінен мемелекет пайдасына атқарылатын
міндеткерліктер ретінде сақталды.
Феодалдық қоғамның жетілгендігінің көрсеткіші қалалардың
гүлденуі болып саналады. Орта ғасырлық мəдениеттің үлкен
380
381
жетістіктері қалалардың өз дамуының шыңына жеткендігін
дəлелдейді. Олардың онан əрі дамуы, жетілген феодалдық қоғамның
басқа да көптеген экономикалық жəне əлеуметтік элементтерінікі
сияқты, моңғол-татар жаулап алушылықтарына байланысты тоқтап
қалды.
Ортағасырлық шығыс елдерінің өзіне тəн ерекшелігінің бірі —
діннің мемлекеттік деңгейге көтерілуі болды. Феодализм генезисі
кезінде шығыста ең жаңа, ең соңғы халықаралық дін — ислам өмірге
келді. Ол мемелекеттік билікті де өз қолына шоғырландырды. Ислам
дінінің билігі əділетті болғандықтан ол тез арада көптеген елдерде
орнады. Ислам дінін ұстаушылар Индияда күшті мемелекет құрды.
Ислам дінінің, мемлекетінің басшылары IX ғасырға қарай алғашқы
адал да əділетті жолдан ауытқи бастаған кезде
шығыс мемелекеттері
де əлсірей бастады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай ислам дініне жан-тəнімен
берілген түріктер күшті Осман империясын құрып, бұрынғы араб
халифатының иеліктеріне билігін орнатты. Сөйтіп ислам діні
əлеуметтік топтардың ынтымағын нығайта отырып, өз ықпалындағы
мемлекеттердің əлемдік өркениеттегі беделін көтеріп, рөлін артты-
ра түсті.
Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетінің гүлдене түсуіне
транзиттік сауда өз үлесін қосты. XV ғасырдың ортасында түріктер
Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолын шектеген соң ол
жол теңіздерге ауысып, өз ауқымын бұрынғыдан бетер кеңейте
түсті. Теңіз саудасының арқасында ислам діні Африка мен Оңтүстік
Шығыс Азия елдеріне таралып, даму жағынан артта қалған
халықтарды əлемдік өркениет шеңберіне тартты.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы Азия мен Африка мемлекеттері фео-
дализм теориясын байытып, əлемдік өркениеттің онан əрі дамып,
жетіле түсуіне өзіндік зор үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: