126
127
Астанада, провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы
сауда мейрамдар кезінде қызу өткізіліп отырды.
Алғаш сауда апта-
сына 1—2 рет өткізілсе, бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті.
Саудагерлер гильдиясы
накама деп аталды.
Азық-түлік дайындап, сататындардың да бірлестіктері құрылды.
Олар феодалдар
иеліктері мен монастырларда, Киото сарайында
пайда болды. Олар балық, құс, мал етін сатып отырды.
Сондай-ақ
бірден көп мөлшерде сататын “тоя” деген саудагерлер шықты. Олар
салықтан түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп,
алыпсатарларға өткізіп отырды.
Бұл кезге /XIII ғ./ қарай өсімқорлық капиталы едəуір дамыды. Ол
самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол
шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық
капиталының жағдайы одан сайын нығая түсті.
Достарыңызбен бөлісу: