С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Ректорат:  Общеуниверситетская кафедра педагогики



Pdf көрінісі
бет65/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

Ректорат
Общеуниверситетская кафедра педагогики. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
397 
70 ЖАС  
А.Д. КАЙДАРОВА 
 
 
 
Аймен Жексембайқызы Кайдарова – п.ғ.д., профессор, ХПБҒА-ның академигі 
 
АЙМЕН  ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ  КАЙДАРОВА
  – 
педагогика  саласына  бар  саналы  ғұмырын 
арнаған  адам.  Оның  жүріп  өткен  жолына  ойша  көз  жіберсек,  тұнып  тұрған  ғибратты  шежіре  оқы-
ғандай  боламыз.  И`,  д`л  солай.  1968  жылы  Н.К.  Крупская  атындағы  Семей  педагогикалық  инсти-
тутының  физика-математика  факультетін  т`мамдаған  соң  еңбек  жолын  орта  мектептерде,  орта  оқу 
орындарында қатардағы физика п`нінің мұғалімі болудан бастаған ол бірнеше жыл Алматы қаласы-
ның к`сіптік-техникалық оқу орында-рының білім мен т`рбие беру жұмысының сапасын тексеретін 
инспектор  болып  қызмет  істей  жүріп,  осы  саладағы  білімін  жетілдіре  түсуді  алдына  нақты  мақсат 
етіп  қойды.  Ал  мақсатқа  жету  үшін  ең  алдымен  бойыңда  алға  жетелейтін  ерік-жігер  мен  қуат-күш 
болуы  керек.  Сосын  ұдайы  біліміңді  жетілдіріп,  дамытып  отыру  қажет.  Бұл  принципті  санасына 
мықтап  құйып  алған  Аймен  Жексембайқызы  үнемі  ізденумен,  үйренумен  болды.  Сөйтіп  білімге 
құштар арманшыл жас педагогикалық білімнің қара шаңырағы – Алматыдағы Абай атындағы Қазақ-
тың педагогикалық институтына келіп, бағын сынамаққа бекінді. Институттың педагогика кафедра-
сының  аспирантурасына  оқуға  түсті  `рі  оқытушылық  қызметін  де  қызу  бастап  кетеді.  Жүрегінің 
қалауымен  таңдаған  мамандық  болған  соң  оның  қиындығы  мен  қызығы  да  қатар  жүретінін  терең 
сезінген ол ғылымның қия жолында жасампаздықпен еңбектенді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
398 
Осынау  аспирантурадан  басталған  педагогикалық  жалғызаяқ  жолдың  шежірелі  ғұмырлық  баянға 
айналарын  кім  білген.  Енді  бүгін  қарап  отырсақ,  1985-1989  жылдары  аралығында  отбасылық  жағ-
дайына  байланысты  Жезқазған  педагогикалық  институтында  т`рбие  жұмысы  жөніндегі  проректор 
болып  істеген  қызметін  айтпағанда,  Аймен  Жексембайқызының  бар  ғылыми  ғұмыры  осы  –  Абай 
атындағы  Ұлттық  педагогикалық  университетімен  біте  қайнасып  келеді  екен.  Осы  жылдар  ішінде 
білім  ордасында  болып  жатқан  өзгерістерге  де,  оның  м`ртебесінің  биіктегеніне  де  тікелей  өзі  ку`. 
dлемдік  білім  процестеріне  қатысып  жүрген  оқу  ордасының  көптеген  білім  бағдарламаларына  да 
Аймен Жексембайқызының қосқан үлесі аз емес. 
2001 жылы «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің к`сіби қызығушылығын 
қалыптастыру»  (13.00.08.  К`сіптік  білім  берудің  теориясы  мен  методикасы  мамандығы  бойынша)  
тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты, ал 2007 жылы «Қазақстан Республикасындағы 
жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының қалыптасуы ж`не дамуы(1928-2005ж.ж.)» (13.00.01– 
Жалпы  педагогика,  педагогика  ж`не  білім  тарихы,  этнопедагогика  мамандығы  бойынша)  деген 
тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғаған  педагог-ғалым  жүзден  астам  ғылыми  жарияланымдар-
дың да авторы. Оқытушы ретінде жыл сайын оқытушылар қызметінің рейтингтік бағасының көрсет-
кішінде ылғи да ең жоғары бал көрсетіп келеді. Университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен 
студенттер арасында үлкен құрмет пен беделге ие. 
Педагог-ғалымның  біліктілік  деңгейін  көрсететін  негізгі  ісі  оның  д`ріс  оқу  `дісі  мен  ұлттық 
т`рбиеден  мол  т`жірибесінің  болуы.  Сондықтан  болар  Аймен  Жексембайқызы  студенттерге  ұлттық 
т`рбие  беру  ісіне  бесенді  қатысады.  Педагогикадан  студенттердің  университеттік  олимпиадаларын 
өткізуге `рдайым жауаптыболып, бесенді қатысады. Жеке өзінің де авторлық бірнеше жобалары бар. 
Олардың  ішінен  «Жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  т`рбиелеудің  тұжырымдамасы»  ж`не 
«Студенттерге ұлттық т`рбие беру» атты д`рістер курсын дайындауға қатысқаны жеке `ңгімеге арқау 
боларлық. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Аймен  Жексембайқызы  Қайдарова  Қазақстан 
Республикасының  Білім  ж`не  ғылым  министрлігі  қаржыландыратын  бірнеше  жобаға  жетекші 
ғылыми  қызметкер  ретінде  қатысты.  Оның  тікелей  жетекшілік  етуімен  кандидаттық,  докторлық 
диссертациялық  ж`не  магистрлердің,  студенттердің  ғылыми  ізденіс  жұмыстары  ылғи  да  жоғары 
бағаға  ие  болады.  Бірнеше  жылдар  бойы  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың  диссертациялық  кеңесінің 
мүшесі болған Аймен Жексембайқызы кеңес жұмысының сапасын жаңа деңгейге көтеруге өз үлесін 
қосты. 
Қаламгерлік қызмет бойдағы таланттан, сөздің қадір-қасиетін құрметтей білуден басталады десек, 
Аймен  Жексембайқызының  қазіргі  атқарып  жүрген  қызметіне  ерекше  тоқталуымызға  тура  келеді. 
Өйткені  педагог-ғалымның  `рі  қаламгердің  қоғамдық  негізде  университеттің  ғылыми-методикалық 
«Хабаршы  –  Вестник»  (Педагогикалық  ғылымдар  сериясы)  журналын  оншақты  жыл  шығарумен 
айналысып, жауапты редактор қызметін атқарды. 2011-2015 жылдары «Педагогика ж`не психология» 
журналы  Бас  редакторының  орынбасары  қызметін  мінсіз  атқарды.  Басылым  Аймен  Жексембай-
қызының табандылығының ж`не жарияланып келе жатқан ғылыми мақалаларының сапалылығының 
арқасында  кең  танымал  болды.  Журнал  ҚР  Білім  ж`не  ғылым  саласындағы  Бақылау  комитеті 
ұсынған  ғылым  қызметінің  негізгі  н`тижелерін  жариялауға  арналған  ғылыми  басылымдардың 
тізіміне енгізілгендіктен, оған келіп түсетін мақалалардың да географиясы кеңейіп отыр. Сондықтан, 
алыс-жақын  шетелдерден  де  көптеген  маман-ғалымдар  өз  мақалаларын  тұрақты  түрде  жариялатып 
жүр.  Бұл  өз  кезегінде  редакцияның  бүкіл  жауапкершілігін  атқаратын  Аймен  Жексембайқызына 
қосымша міндет жүктейді деген сөз. Редакцияға келген мақалалардың б`рін оқып,  ой елегінен өткізу 
`рі  оларды  сұрыптап,  салалық  тақырыптарға  бөлу  ж`не  б`ріне  рецензия  `зірлеу  Бас  редактордың 
орынбасарының тікелей міндеті саналады. Бұл жағына келгенде ол кісі қамшы салдырмайтын нағыз 
төселген  т`жірибелі  редактор  ретінде  де  биіктен  көрініп  жүр.  Осы  жұмысты  ол  кісі  жалпыунивер-
ситеттік педагогига кафедрасында профессорлық лауазымымен қатар атқарып жүр.Қазіргі уақытта Ел 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «М`ңгілік ел» идеясы бойынша кафедраның оқытушы-профес-
сорлық құрамы білім берудің жаңа бағдарламаларымен жұмыс істеуде. Сол үшін арнайы тұжырым-
дама, типтік бағдарлама ж`не қазақ ж`не орыс тілдерінде «М`ңгілік ел» оқулығы `зірленіп, сабақтар 
өткізіліп  жатыр.  Ондағы  басты  мақсат  болашақ  мамандардың  ұлттық  сана-сезімін,  патриотизмін, 
азаматтылығы  мен  `леуметтік  белсенділігін  қалыптастыру,  студенттерге  ұлттық  т`рбие  беру  болып 
табылады.  Алдағы  уақытта  осы  п`нді  еліміздің  барлық  жоғары  оқу  орындарының  оқу  бағдарлама-
ларына енгізу жөнінде үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың б`ріне де профессор Аймен 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
399 
Қайдарова  белсене  араласып  жүр.  dрине  атқарған  қызметіңнің,  қоғамға  сіңірген  еңбегіңнің  жемісін 
көрудің өзі бір бақыт екені талас тудырмайтын ақиқат. Педагог-ғалым Аймен Жексембайқызының да 
еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  осынау  көпжылдық  педагоктық  шығармашылық  еңбегі  елеусіз  де 
емес екен. Бірнеше м`рте университет ректоратының, ҚР Білім ж`не ғылым министрлігінің алғыста-
рымен,  Құрмет  грамоталарымен,  «Еңбек  ардагері»,  «Қазақстан  Республикасының  ғылымы  дамуын-
дағы еңбегі үшін» ж`не «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  МАНПО  академигі,  140-қа  жуық  елімізде  ж`не 
алыс-жақын шетелдерде жарық көрген ғылыми жарияланымдардың, 2 монографияның, 2 оқулықтың 
(соавторлықпен),  2  оқу  ж`не  2  оқу-`дістемелік  құралдардың,  сондай-ақ  5  электронды  оқулықтың 
авторы Аймен Қайдарова адал жар, ұл мен қыздың анасы ж`не бірнеше немеренің ардақты `жесі де. 
Аймен Жексембайқызы отбасында да бақытқа кенеліп отыр. Құдай қосқан өмірлік серігі – Рүстем 
Қайдаров елімізге белгілі азамат. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының ж`не Ұлттық 
Қауіпсіздік қызметі саласында ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарған генерал шенінде бүгінде 
Қазақстанның  Републикалық  Қоғамдық  Генералдар  кеңесін  басқарады.  Ерлі-зайыпты  Аймен  мен 
Рүстем  Қайдаровтар  жуырда  өздерінің  жарты  ғасырлық  Алтын  тойларын  атап  өтті.  Мұның  өз  адам 
үшін  үлкен  бақыт  емес  пе!  Ендеше  профессор  Аймен  Жексембайқызына  бақытыңыз  ұзағынын 
болсын деген тілек айтамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
400 
Еңбегіңіз елге деген ерен ғой, 
Елдің ісі ер еңбегін елеу ғой. 
Бүгін сізді қуанышқа бөлеген 
dймен апай, құтты болсын мерей той! 
Құрметпен қарайды жұрт тамсанып, 
Қиындыққа мойымастай соншалық. 
Қанша ш`кірт т`рбиелеп, т`лімдеп, 
Жібердіңіз ұлы өмірге жол салып. 
Қайсар мінез болды-ау, сір`, жасыңнан, 
С`тіңіз жоқ бұл тірлікте жасыған. 
Қызысыз ғой Найман деген бұл елдің,  
Өжеттік те көрінеді осыдан. 
Жары болу Қайдаровтай ағайдың, 
(Көзі сізде алыс жақын-маңайдың). 
Оңай емес келін болу Арғынға, 
Одан қиын елі болса Абайдың. 
Соның б`рі сізді шыңдап өсірген, 
Озық жүру қашанда өмір көшінен. 
Т`рбие мен т`лімділік мектебі, 
Жастық шақтан келеді өмір көшімен. 
Сіз ұстазсыз елге аты танылған, 
Ш`кірттерге шамдай жарық жағылған, 
Профессор ұлағатты ғалымсыз 
Педагогсыз бас `ріптен жазылған. 
Сіз ж`не де аялаған анасыз, 
Жанұяда казір үлкен панасыз. 
Бір ұл, бір қыз т`рбиелеп өсіріп, 
Міне, енді немерені бағасыз. 
Бұл өмірден тапқан жансыз арнасын, 
Жолыңызды ұрпағыңыз жалғасын. 
Сізге деген ш`кірттедің тілеуі –  
Бойыңыздан күшпен қуат талмасын. 
Еңбегімен жарық жанған жұлдызы, 
Шыңға шыққан сіз қазақтың бір қызы. 
Қуанышың мерей тойға ұласқан, 
Құтты болсын dймен Жексенбай қызы! 
Ректорат: 
Жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасы. 
 
 
$
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет