Байланысты: ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)
Зерттеу мақсаты - грек-рим күресіне маманданған жоғары білікті спортшылардың күш-жігерін
ж`не жылдамдығын дамыту деңгейін анықтау.
Зерттеу gдістемесі мен ұйымдыстырылуы. Зерттеу барысында ғылыми-зерттеу `дебиетін
теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тестілеу ж`не математикалық статистика `дістері қолда-
нылды. Зерттеу Алматы қаласы Достық спорт базасының грек-рим күесі спорт залында жүргізілді. Тесті-
леуге дайындығы жоғары деңгейде болатын жарыс мезоциклы кезеңіндегі жеке мүмкіндіктерін
барынша жүзеге асырып жатқан грек-рим стиліндегі 16 балуан қатысты. Олардың құрамында: 8спорт
шебері (СШ), жаттығудан 12-13 жыл спорт өтілі бар 18-21 жастағы спортшылар; 8 спорт шеберіне
үміткер (СШҮ), жаттығудан 10-11 жыл спорт өтілі бар 17-19 жастағы спортшылар. Олардың барлығы
Қазақстан ұлттық құрама ж`не жастар құрама командасының мүшелері еді. Жарыс мезоциклы кезеңінде спортшыларға күшін ж`не күш-жылдамдығы деңгейін анықтайтын
тесттерден өту ұсынылды. Барлық қолданылған тесттер ақпараттылық, сенімділік ж`не баламалық
талаптарына сай келеді. Спортшылардың күші келесі көрсеткіштер бойынша зерттелді: жетекші қол-
дың бар күші, қолдарын бүгіп асылу, төрттағандап қолды бүгіп-жазу, 30 секунд ішінде денені жатқан
күйден отырған күйге келтіріп көтеру. Спортшылардың күш-жылдамдығы мынадай бақылау жатты-
ғуларымен тестіленді: орнынан биіктікке, ұзындыққа секіру ж`не 1 минутта секіртпемен секіру.
Тестілеу қорытындыларын өңдеу математикалық статистика `дісінің көмегімен жүргізілді: Excel
компьютерлік бағдарламасында Стьюденттің t-критериі бойынша айырмашылықтар дұрыстығын
анықтау.