Тірек сөздер:мектеп жасына дейінгі балалар, даму, балалардың сөздік қоры, лексикалық даму деңгейлері,
тілдік жұмыстар, даму кезеңдері, семантикалық маңыздылығы, синонимиялық қатар, антоним-сөздер, бала-
лардың тілін жетілдіру жұмыстары.
Ғылыми ілім бойынша тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың көрнекті құралы. Ендеше
оқыту процесінде де сөздің осы ерекше ролін ұстаған жөн. Мектепке дейінгі кезеңнің өзінде-ақ
балалардың тіл игерудегі жетістіктері оларды қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынасқа түсуінің
үнемі практикаға айналуымен, яғни қоғамның себепші болуымен анықталатындығы ешбір күм`н
тудырмайды. ...Мектеп жасына дейінгі кезеңнің өзінде-ақ балалардың айналадағы дүние туралы
ұғымдарының қалыптасуы саласында да қоғамдық-тарихи т`жірибеден туған заңдылық бары
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
371
байқалады. М`селен, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл туралы ұғымы, қарапайым сөйлеу
дағдылары ересек адамдардың сөйлеу арқылы игеріледі.
Сөздік қор мен тілдің дамуы баланың оқуда жетістіктерге жетуіне ықпалын тигізеді. Т`жірибе
көрсеткендей, сөздік қоры бай ж`не тілдік даму деңгейі жоғары балалар оқу үрдісінде қиындықтар
көрмей, тез оқу ж`не жазу дағдыларын меңгеріп кетеді. Лексикалық даму деңгейлері төмен балалар
оқу барысында, адамдармен қатынасқа түсу барысында қиындықтарға тап болады. Лексикалық даму
деңгейлері орташа балалар оқу барысында тұрақсыздықпен айрықшаланады.
Ю.С.Ляховская, Н.П.Савельева, А.П.Иваненко, Е.М. Струнина еңбектерінде көрсетілгендей
балалардың оқу барысында қиындықтарға тап болуы сөздік қордың дұрыс дамуымен түсіндіріледі.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша оқу үрдісінде балалардың 90% қиындық
көреді, олардың ішінде 60% сөздік қордың дұрыс дамымағанымен байланысты.
Д.Б. Элькониннің пайымдауынша, балалардың тілдік дамуы олардың интеллектуалдық ж`не
тұлғалық дамуымен терең байланысты. Алты-жеті жаста балалардың сөздік қорының дамуы, оның
одан `рі байи түсуі өте жедел түрде өтеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ересек топ балаларының
тілдік дамуы сөздің лексикалық мағынасын жетілдірумен тығыз байланысты[1].
Сөзді тілдің бірлігі ретінде зерттеу тіл дамыту жүйесінде маңызды орын алады. Осы проблемаға
Е.И.Тихеева, А.М. Бородич, Ю.С.Ляховская, Н.П.Савельева, А.П.Иваненко, В.В.Гербова, В.И.Яшина,
Е.М.Струнина, А.А.Смаги, А.И.Лаврентьева ж`не т.б. зерттеулері арналған.
Зерттеулерде д`лелденгендей мектеп жасына дейінгі балаларды сөздің семантикалық тұрғыдан
дұрыс қолдану үшін, оның түрлі мағыналарымен таныстыру қажет.
Баланың сөзді ж`не сөз тіркесін мағынасына, тілдік жағдаятқа қарай дұрыс қолдану дағдысын
дамыту, еркін түрде өз ойларын айтуға ж`не айналамен қарым қатынасқа түсуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақыттта мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту жолдарының заңды-
лықтарын зерттеген, «сөз» ұғымына мінездеме келтірілген зерттеулер бар.
Н.А. Стародубова зерттеулерінде сөзді жұмыстардың маңыздылығын ерекше атай отырып, сөзді
қарым қатынас, затты суреттеу барысында қолдану — бұл керекті сөзді көп сөздердің ішінен таңдау
үрдісі. dрбір сөз белгілі сөз табына жатады ж`не өзіне т`н грамматикалық көрсеткіштері бар.
Ана тілінің сөздік құрамын игеру, Ю.С.Ляховская, Е.М. Струнина, Н.П.Савельева, В.И.Яшина
ж`не т.б. зерттеушілердің пайымдауынша, - бұл тілдің грамматикалық құрылылымын игеруге, моно-
логтық тсөйлеу түрін дамытуға, сөздің дыбыстық м`дениетін т`рбиелеудің бірден бір мағызды
жағдайы. Тілді қарым қатынастың құралы ретінде қолдану сөзбен байланысты. Сөйлеуші сөз арқылы
сөз тіркесін ж`не сөйлемдерді құрастырып, өз ойын білдіреді, тыңдаушы қабылдаған сөздерді жіктеп
сөз арқылы ойды түсінеді.
Е.М. Струнинаның пайымдауынша, сөздің мағынасын балалар қоршаған ортамен танысу бары-
сында – арнайы ұйымдастырылған ж`не күнделікті өмірде танысады. Мектеп жасына дейінгі бала-
лардың сөздік қорын сандық жағынан байытылғаны емес, сапалық жағынан да жетілдірілуі қажет[2].
Психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ойында баланың ойлау ж`не сөйлеу
қабілеттері практикалық `рекет барысныда қалыптасады. Ойлау ж`не сөйлеу қабілеттерінің өзара
байланысы `рдайым зерттеу назарында. Л.С. Выготский ұғымдардың қалыптасу проблемасын қарас-
тыру барысында «ұғымды сөзсіз, ойды сөзбен» қарастыруға болмайды [3].
В.И.Яшина, А.И.Лаврентьева сөздік қорды дамытуда сөздерді тақырыптық топтастыру принципін
басшылыққа алуды маңызды деп санайды. Тіл бірліктері бір бірімен тығыз байланысты. Сөз топта-
малары ең басты бір сөздің аясында топтасады. Сөздік жұмыс барысында (тілдік т`рбиеге байланыс-
ты басқа да міндеттерді шешуде), авторлардың ойынша, бала д`л, дұрыс, м`нерлі сөйлегенін қадаға-
лап, соған т`рбиелеу қажет.
Аталған барлық лексикалық жұмыстарға аспектілер О.С.Ушакованың тіл дамыту бағдарлама-
сында көрсетілген. Автордың ойынша, бұл жұмыстар сөздік жаттығулар, шығармашылық тапсырма-
ларды орындауға бағытталған формаларда өтуі қажет[4].
Ересек топта балалардың сөздік қорының діңгегі қалыптасып, алдағы уақытта айтарлықтай өзге-
ріске ұшырамайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеу барысында зерттеуші-
лер белгелі бір аясында баланың сөздік қоры қалыптасатынын атайды:
- тұрмыстық сөздер қоры;
- қоршаған ортамен байланысты сөздер тобы;
- `леуметтік сөздер қоры.
|