Байланысты: ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 372
Аталған бағыттар аясында балалар ең алдымен зат есімдерден: адамға қатысты сөздерді; сын
есімнен «үлкен», «кішкентай», «орташа» ж`не т.б. заттың түсін білдіретін: «қара». «қызыл». «ақ».
«көк» ж`не т.б.; есімдіктерден «менікі», «мынау», «біздікі» ж`не т.б. сөздерін игереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеті дамыған сайын, олардың сөйлеу қорлары тек
қана байыт қана қоймайды, сонымен қатар жүйелене түседі. Сөздердің семантикалық топқа бірлесуі
өтеді: топтаманың діңгегі мен оны айналасы перифериясы қалыптасады. А.И. Лаврентьева мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздігін қалыптастыруды ұйымдастырудың төрт жүйелі кезеңін зерттеу-
лерінде көрсетеді.
Бірінші кезеңде балалардың сөздік қорын жеке-жеке (20-50) сөздер құрайды. Сөздер өзара жүйе-
ленбеген.
Екінші кезеңде балалардың сөздік қоры тез көбейе бастайды. Балалардың жауаптарынан олардың
санасында заттардың ж`не құбылыстардың атаулары қалыптасып, жүйеліп топтаса бастағанын
байқаймыз. Топтаманың бір сөзін атау бала санасында топтамадағы басқа элементермен ұштасады.
Бұл кезеңді А.И. Лаврентьева «жағдаяттық» деп атап, ал топтамадағы сөздерді «жағдаяттық сөздер»
топтамасы деп анықтайды.
Алдағы уақытта бала өзбетімен сөздерді топтастырып, орынды қолдана бастайды. Бұл лексикалық
жүйенің қалыптасуының үшінші кезеңі ретінде сипаттайды. Тақырыптық топтардың ұйымдасуы
лексикалық антонимдердің дамуына `келеді: («үлкен — кішкентай», «жақсы—жаман»). «Үлкен —
кішкентай» қарама-қарсылығы барлық параметрлік сын есімдермен ауыстырылады: («ұзын —
кішкентай», «жуан — кішкентай»), ал «жақсы—жаман» — сапалық-баға сын есімдермен «зұлым—
жақсы».
Төртінші кезең лексикалық жүйенің даму ерекшелігі — сөздерді аустыруды б`сеңдетіп, синони-
мияның пайда болуы. Балалардың сөздігін жүйелі дамыту өзінің құрылымы бойынша ересек адамның
лексико- семантикалық жүйесіне жақындайды[5].
А.И. Лаврентьеваның зерттеу деректері мектеп жасының ересек топ балаларының лексикалық
жүйелігін дамыту, бір тақырып аясында сөздігін қалыптастыру мүмкіндігін д`лелдейді.
Балалардың сөздік қорының семантикалық топтамасын қалыптастыруда осы жас ерекшелігін
таңдаудың дұрыстығына Е.В. Наумованың зерттеулері д`лел болып саналады. Бұл ғалымның зерттеу
негізіне ассоциялық зерттеу `дісін басшылыққа алған: лексикалық жүйенің дамуы ж`не сөздердің
семантикалық алаңын ұйымдастыру балалардың ассоциациялық реакциясының өзгеруінде көрінісін
табады. Зерттеуші төрт ж`не алты жасар балалардың осы бағыттағы стимул-сөздерге реакциясы
жоғары деңгей көрсеткенін пайымдайды. Айта кетерлік жағдай: алты жасар балалардың қателігі төрт
жасар балалармен салыстырғанда көбірек болғаны. Бұл осы кезеңде балалардың сөздің мағынасын
игеру құбылыстары, `рекеттері жақсы дамитындығының ку`лігі.
Бұл ғылыми болжам бізді зерттеу барысында қызықтырып, анықтауыш эксперимент барысында
ассициалық `дісті алуымызға септігін тигізді. Таңдауға Н. В. Серебрякованың эксперименталдық
зерттеу қорытындыларын сараптау да үлесін қосып, мектеп жасына дейінгі балалардың
семантикалық алаңын анықтауда тиімділігі анықтала түсті. Зерттеу барысында осы `дістеменің
балалардың сөздік қорын дамытуда құнды `дістеме екенін бекіте түсті. мектеп жасына дейінгі
балалардың вербалдық ассоциациясын талдай отырып үш кезеңді сөздердің семантикалық алаңын
ұйымдастыруда анықтайды[6].
Бірінші кезең, оның ойынша, семантикалық алаңның қалыптаспағанын сипаттайды. Бала өзінің
сезімдік қабылдауына сүйенеді ж`не реакция-сөз ретінде айналадағы заттардың атаулары қолданы-
лады («ит» — «доп»). Бұл кезеңде лексикалық жүйе қалыптаспаған. Сөз мағынасы сөз тіркестерінің
мазмұнына кірістірілген. Арнайы орын синтагмалық ассоциациялар («ит—үреді») алады.
Екінші кезең сөздердің семантикалық жағынан бір–бірінен айырмашылықтар бар сөздердің
мағынасын игерумен сипатталады, олар өзара жағдайлық байланыстағы сөздер қатары. Бұл тақырып-
тық ассоциалардың басымдылығында көрінісін табады: «үй—төбе», «биік—ағаш» ж`не т.б. Семанти-
калық алаң `лі де ұйымдастырылмаған, бірақ қалыптасуда.
Үшінші кезеңде ұғымдар, классификациялау, жіктеу үрдісі қалыптасады.
Ассоциалық эксперимент `дісі бойынша мағынасы жағынан жақын, тек бір ғана дифферен-
циалдық белгісімен айрықшаланатын сөздер қолданыла бастайды: («ағаш — қараағаш», «биік —
төмен»). Семантикалық алаңның құрылымының дифференциалануы өтіп, сөздердің мағынасына
қарай жақындығына ж`не қарама-қайшылығына қарай топтасады.