Табиғи заттар технологиясы мен химиясы – дәрілік өсімдіктер, дәрілік өсімдік шикізаты және өсімдіктер мен жануарлар текті біріншілік өңдеу өнімдерінің кейбірін зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі саналады. Фармакогностикалық дайындыққа деген фармация тәжірибесінің қоятын талаптарының артуын ескеріп бағдарламада шетел фармакопеяларының талаптарына сәйкес дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурстарын тиімді қолдануға негізделген дәрілік өсімдік шикізатын дайындау мен талдауға байланысты сұрақтар шеңбері кеңейтілді. Бағдарлама Қазақстанның медициналық тәжірибесі мен өнеркәсіптік өндірісінде қолдануға рұхсат етілген дәрілік заттардың Мемлекеттік Реестріне кіретін дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативті құжаттарға негізделе отырып құрылды.
«Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы »пәні бойынша сұрақтар тізімі Фармацевтикалық технология ғылым ретінде. Фармацевтикалық технологияның қазіргі заманғы теориялық концепциясы: дәрілік, алдын-алу, реабилитацияға және диагностикаға арналған заттарды жасауда әсер ететін фармацевтикалық факторлардың заңдылықтар бірлігі.
Фармацевтикалық технологияның оқу пәні ретінде құрылымы, оның бөлімдері: дәрілік және көмекші заттар, фармацевтикалық технологияның негізгі процестері мен аппараттары, дәрілік қалыптар технологиясы, фармацевтикалық өндірістің машиналары мен қондырғылары. Дәрілік құралдар.
Көмекші заттар. Алу, өңдеу әдістері. Сапаны нормалау.
Дәрілік құралдар. Фармакотерапевтік топтар, химиялық құрылымы, табиғаты бойынша классификациялау: табиғи шикізаттардан (өсімдік, жануар тектес, заттар және минералдар), химиялық және биотехнологиялық синтез жолымен алынған дәрілік құралдар.
Дәрілік құралдар мен заттардың сапасын нормалау. Дәрілік заттар және дәрілік қалыптардың өндірісі мен сапасын фармакопея бойынша нормалау. Мемлекеттік фармакопеяның соңғы баспасының ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея.
Химия-фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындары. Фармацевтикалық кәсіпорындардың құрылымы, дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастырудың цех принципі.
Технологиялық процесс және оның компоненттері. Технологиялық процестің сатылары мен операциялары. Үздіксіз және периодты технологиялық процесс. Өндіріс ағымы. Жалпы түсініктер: шикізат, ингредиенттер, жартылай фабрикат, дайын өнім, жанама өнім, өндіріс қалдықтары.
Әртүрлі белгілері бойынша фармацевтикалық технологияның негізгі процестері: механикалық, гидромеханикалық, жылу, массаалмасу процестері және т.б. Фармацевтикалық технология процестерінің ролі және өзара байланыстары.
Машина және аппараттар туралы жалпы түсінік. Өткізу механизмдері туралы жалпы түсінік.
Тепе-теңдік заңы. Термодинамикалық тепе-теңдік. Процестердің бағыты және қозғалыс күштері.
Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақ ингредиенттерін араластырудың негізгі сатылары, және оны негіздеу. Ұнтақтар сапасын бағалау. Сақтау. Ұнтақтар технологиясын жетілдірудің бағыттары.
Медициналық ерітінділер. Ерітінділердің жіктелуі. Ерітінділердің қазіргі заманғы номенклатурасы және оны зауыт жағдайында дайындалатын ерітінділердің кеңейту перспективалары.
Химия-фармацевтикалық кәсіпорындарда ерітінділердің әртүрлі әдістермен дайындалуы. Еру – диффузиялық-кинетикалық процесс.
«Тиісті өндіріс тәжірибесі (GMP)» нұсқаулығының негізгі ережелері мен талаптары. Өндірістік (өнеркәсіптік) регламент – негізгі технологиялық құжат ретінде.
Фармацевтикалық өндірісте жүргізілетін жылу процестері. Периодты және үздіксіз әсер ететін жылу алмасу аппараттары. Вакуумды булау. Аппараттар және олардың жұмыс істеу принциптері. Булау кезінде байқалатын жанама құбылыстар және оларды жою әдістері.
Фармацевтикалық өндірістегі әртүрлі материалдарды кептіру. Кептіру процесін анықтайтын факторлар. Кептіру әдістері. Кептіргіштер.
Экстракциялау. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін негізгі технологиялық факторлар. Экстракциялау әдістері.
Этил спиртінің рекуперациясы және ректификациясы. Ректификация негіздері. Ректификациялық қондырғылардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптері. Спирт-ректификатты және абсолютті спиртті алу және қолдану.
Экстракттар. Анықтамасы. Консистенциясы және қолданылған экстрагенттер бойынша жіктелуі. Жалпы сипаттамасы.
Сұйық экстракттар. Алу әдістері. Тазалау. Стандартизациясы. Сақтау. Сұйық экстракттардың номенклатурасы.
Қою және құрғақ экстракттар. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Қою экстракттар номенклатурасы. Майлы экстракттар. Полиэкстракттар. Экстракттар өндірісінің даму перспективалары.
Индивидуальды фитопрепараттар. Индивидуальды фитопрепараттарды алу. Сығындылау, тазалау және бөліп алу әдістері. Стандартизация. Сақтау жағдайлары.
Жануар тектес шикізаттардан алыатын препараттар. Жануар тектес шикізаттар ерекшеліктері. Органопрепараттар жіктелуі. Препараттарды алу. Стандартизация.
Ферменттік препараттар. Жіктелуі. Ферменттік препараттарды алу. Ииммобилизация және стандартизация әдістері. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Анықтамасы.
Таблеткалар. Сипаттамасы. Таблеткалардың түрлері мен номенклатурасы. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың негізгі топтары.
Таблеткаларды алудағы технологиялық процесс сатылары. Престеу. Таблеткалық машиналар.
Таблеткаларды қабықпен қаптау. Әсері үзартылған таблеткалар. Көпқабатты таблеткалар. Таблеткалардың сапасын бағалау. Таблеткалардың заманауй номенклатурасы.
Тритурациялық таблеткалар. Технология ерекшеліктері.
Таблеткалар өндірісін, бөлшектеу және орамдауды жетілдіру жолдары, даму перспективалары. Орам түрлері. Таблеткаларды дозалау және орамдауға арналған автоматтар. Сақтау жағдайлары.
Гранулалар, спансулалар, драже. Гранулаларды алудағы технологиялық процесс. Сапасын бағалау.
Медициналық капсулалар және микрокапсулалар. Медициналық капсулалардың түрлері. Желатинді капсулалардың өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың ассортименті. Медициналық капсулалардың өндірістік әдістері. Капсуладағы дәрілердің стандартизациясы. Орамдау. Сақтау жағдайлары.
Дәрілік препараттарды микрокапсулалау.
Суспензиялар және эмульсиялардың өнеркәсіптік өндірісі. Аппаратура. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.
Жақпа май және пасталар. Дерматологиялық, ректальды және вагинальды жақпамайлардың технологиясының ерекшеліктері. Аппаратура. Жақпамайлардың тұрақтылығы мен эффективтілігін анықтаудың заманауй әдістері. Жақпамайлар мен пасталардың сақтау жағдайлары.
Өнеркәсіптік өндірістегі суппозиторилер. Негіз сипаттамалары. Суппозиторилер өндірісіне және орамдауға арналған технологиялық қондырғылар. Суппозиторилер өндірісінің өнеркәсіптік әдістері. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Ректальды дәрілік қалыптар өндірісінің даму перспективалары.
Инъекцияға арналған ампуладағы ерітінділер. Асептика жағдайында өндірілетін өнеркәсіптік дәрілік құралдар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар.
Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар еріткіштері.
Ампула және флакон өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың өндірісі.
Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың стерилизациясы.
Дайын өнімнің сапасын бағалау.
Ампуланы этикеткалау. Орамдау. Ампулаларды орамдауға арналған автоматтар.
Өнеркәсіптік өндірістегі көз дәрілік қалыптары технологиясының ерекшеліктері. Көз жақпамайлары. Көз дәрілік пленкалары. Көзге арналған дәрілердің орам түрлері және перспективалары. Бір рет қолдануға арналған орамдар, тюбик-тамшылатқыштар.
Биофармация дәрілер технологиясының теориялық бағыттарының бірі ретінде. Биофармацевтикалық терминдер. Дәрілік заттың дәрілік формадан босап шығу жылдамдығы. Дәрілік заттар әсерінің терапевтикалық адекватсыздығы. Эксперимент нәтижесін статистикалық өңдеу.
Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігі. Анықтау әдістері. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторлар.
Дәрілік препараттардың фармакокинетикасының негізгі түсініктері.
Ветеринарлық препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ветеринарлық препараттар өндірісінде қолданылатын бастапқы заттарды дайындаудың ерекшеліктері мен ережелері.
Жас ерекшеліктеріне байланысты дәрілік қалыптардың жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар. Көмекші заттарға қойылатын талаптар. Жас ерекшеліктеріне байланысты дәрілік қалыптардың орамдары және безендіруге қойылатын талаптар. Балаларға және қарт кісілерге арналған дәрілік қалыптар мен дәрілік препараттарды құрастырудағы проблемалар.
Жаңа дәрілік қалыптарды құрастырудағы фармацевтикалық технология жетістіктері. Терапевтикалық жүйелер (ТДЖ, МЖ).