С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет3/7
Дата07.02.2023
өлшемі88,79 Kb.
#65749
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МПД-программа-вступительного-экзамена-магистратура-каз. (1)

Гигиена
Гигиена – қоршаған ортаның әртүрлі факторларының және өндірістік ісінің адам денсаулығына, оның жұмысқа қабілеттілігіне, өмірінің ұзақтығына әсерін зерттейтін ғылым. Гигиенаның ең маңызды міндеттерінің бірі адам өмірін және еңбек жағдайын сауықтыруға бағытталған профилактикалық шараларды анықтау.
Тағамтану туралы ғылым.Тағамтану гигиенасы дамуының негізгі кезеңдері. Тағамның энергетикалық шығыны мен құндылығы. Макро және микронутриенттердің маңызы. Үйлесімді және тиімді тамақтанудың негіздері. Сүт, ет және қалбырдағы консервілердің сапасын бағалау. Тағамдық улану мен оның алдын алу жолдары. Тағам өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы және олардың гигиеналық сипаттамасы. Әртүрлі халық топтарының тамақтануы. Алиментарлы тәуелді аурулар мен олардың алдын алу жолдары.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманының ісін анықтайтын негізгі заңдар мен нормативтік құқықтық актілер. Еңбек гигиенасы негіздері. Өндірістік орта және еңбек процессі факторларының гигиеналық, физиологиялық, токсикологиялық және химиялық зерттеулері. Өндірістік орта физикалық, химиялық және биологиялық факторларының гигиеналық нормалау негіздері. Жұмысшының ағзасына өндірістік орта жағымсыз әсерін анықтау және алдын алу гигиеналық және сауықтыру шараларын өткізу және ұйымдастыру негізгі принциптері.
Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Су нысандарын санитарлық қорғау. Жер қыртысын қорғау және елді мекенді санитарлық тазарту.Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар гигиенасы. Елді мекенді жоспарлау гигиенасы.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және оның дамуы. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы және дене бітімінің дамуы. Балалар мен жасөспірімдерді зерттеу әдістері және тамақтануын бағалау.Балаларға білім беру әрекетінің гигиенасы. Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі және дене шынықтыру гигиенасы. Оқушыларды еңбекке баулу, оқыту және кәсіби білім беру. Балаларды дамыту, тәрбиелнеу және оқыту гигиенасы. Балалар мекемелерін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет