С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Перечень вопросов для специальности 6М110500 – «медико-профилактическое дело» вступительного экзамена по дисциплине «Эпидемиология»



бет4/7
Дата07.02.2023
өлшемі88,79 Kb.
#65749
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МПД-программа-вступительного-экзамена-магистратура-каз. (1)

Перечень вопросов для специальности 6М110500 – «медико-профилактическое дело» вступительного экзамена по дисциплине «Эпидемиология»



  1. Эпидемиология - қазіргі кездегі ғылым. Эпидемиология мақсаты, міндеттері, бөлімдері және әдістері. Практикалық денсаулық сақтау мен медициналық білім беруде эпидемиологияның басқа медициналық ғылымдар арасында алатын орны.

  2. Эпидемиология әдісі: анықтамасы, құрылымы (сипаттамасы-бағаулаулық, аналитикалық, тәжірибелік). Эпидемиологиялық зертеулерді ұйымдастыру түрлері. Қателер (жүйелік, кездейсоқтық) және эпидемиологиялық зерттеулерде кедергілік факторлар, олардан құтылу амалдары.

  3. Қоздырғыштардың экологиялық және филогенетикалық жақындығы негізінде адамның жұқпалы (паразитарлық) аурулары эпидемиологиялық жіктелуінің қазіргі қағидалары.

  4. Эпидемиялық үрдіс туралы ілім. Анықтамасы, мәні. Сырқаттанушылықты , оның салдарларын қалыптастыратын себептер мен шарттар. Себептілік ұғымы эпидемиологияда. Эпидемиялық үрдіс факторлары (даму себепттері мен шарттары).

  5. Эпидемиялық үрдіс даму механизмі. Эпидемиялық үрдіс құрамдас бөліктері ( қоздырғыш көзі, берілу факторлары мен жолдары, қабылдаушылық). Паразит және ие популяциялары өзара әсерлесу механизмдері.

  6. Жұқпалар қоздырғыштары көзі. Анықтамасы, жіктелуі. Антропоздық аурулар кезіндегі әртүрлі жұқпалар көздерінің эпидемиологиялық маңызы «Жұқпалар резервуары», «ие» ұғымдары анықтамасы.

  7. Жұқпалар қоздырғыштары берілу механизмі. Анықтамасы, Жіктелуі. Берілу механизмі типтері.

  8. Жұқпалар қоздырғыштары берілу жолдары мен факторлары (бастапқы, аралық, ақырғы, арнайы және арнайы емес, ең маңыздылары, тұрлаусыздары).

  9. Эпидемиялар типтері. Сулық, тағамдық, тұрмыстық-қатынастық, трансмиссивтік эпидемиялардың сипаты.

  10. Эпидемия үрдісі дәстүрлі көріністері сипаты. (эндемиялық, экзотикалық, эпидемиялық және спорадикалық сырқаттанушылық, эпидемиялар және эпидемиялық бұрқетпелер). Халық денсаулығын сипаттайтын сандық көрсеткіштер. Сырқаттанушылықтың уақыт, аумақ және әртүрлі халық топтары арасында таралуы.

  11. Эпидемиялық үрдістің көпжылдық динамикасы көрністері, оларды анықтайтын себептер мен шарттар.

  12. Эпидемиялық үрдістің жылдық динамикалық көрністері, түрлері, оларды анықтайтын себептер мен шарттар.

  13. Эпидемиологиялық диагностика: анықтамасы, кезеңдері, бөліктері, клиникалық диагностикадан айырмасы. Эпидемиологиялық семиотика.

  14. Эпидемиялық ошақ: анықтамасы, түрлері, кеңістік және уақыттық шегаралары. Мақсаты, міндеттері, жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру алгаритмі. Ошақты тексеру нәтижелері бойнша эпидемиологиялық диагноз мазмұны.

  15. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар, ұғымдар анықтамасы. Эпидемиялық ұрдістің әртүрлі тізбегіне бағытталу бойнша оларды топтастыру. Эпидемияға қарсы шараларды қолдану стратегиясы мен тактикасы. Халық денсаулығын сақтау және эпидемияға қарсы іс-шаралардың құқықтық негіздері.

  16. Жұқпа қоздырғыш көзіне бағытталған эпидемияға қарсы шаралар. Жұқпалы аурулармен науқастарды белсенді және енжар анықтау (табу.) Науқастарды оқшаулау әдістері.

  17. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда және ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенствосының Санэпидсараптау орталықтарында жұқпалы аурулармен науқастарды тіркеу және есепке алу тәртібі шұғыл ақпаратты, кезектен тыс хабарламаны беру тәртібі.

  18. Эпидемиологиялық қадағалау (мониторинг) – қазіргі жағдайда эпидемияға қарсы жұмысты ұймдастырудың негізгі нысаны. Мақсаты, міндеттері, эпидемиологиялық қадағалау қағидалары, ұйымдық және қызметтік құрылымы.

  19. Қауырт эпидемиологиялық талдау (ҚЭТ): анықтамасы, мақсаты, міндеттері, мазмұны. ҚЭТ-ті ақпаратпен қамтамасыз ету. Эпидемиялық жағдайды бағалау.

  20. Ошақты эпидемиологиялық тексерудің белгілі бір эпидемиологиялық талдаудағы рөлі. Бір және бірнеше (көп) аурулы ошақтарды тексеру ерекшеліктері.

  21. Эпидемияалдылық диагностика. Эпидемиологиялық жағдайдың шиленісуі алғыштары мен алэыхабаршылары.

  22. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау (РЭТ): анықтамасы, міндеттері бөлімдері, олардың мазмұны. Бағдарлама құрастыру, ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу, РЭТ нәтижелерін бағалау. «Қауіп аумағы», «Қауіп тобы», «Қауіп уақыты», «Қауіп факторы», ұғымдарын негіздеу.

  23. Жұқпалы аурулардың иммунды алдын алу. ДДҰ-ң Кеңейтілген иммунизация бағдарламасы. Вакцинопрофилактиканың ҚР-дағы құқықтық негіздері (мемлекеттің және азаматтардың құқықтары мен міндеттері), негізгі реттеуші құжаттар.

  24. Егу ісі ұйымдастырылуы. Профилактикалық егулерді жоспарлау, есепке алу және есеп беру.ҚР Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі. «Профилакитикалық егулер жүргізілетін аурулар тізімін, оларды жүргізу тәртібін және жоспарлы егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы»-30.12.2009 №2295 (13.02.2013 №119 өзгертулері мен толықтырулармен бірге) ҚР Үкііметінің Қаулысы.

  25. Қолданыстағы вакциналар, түрлері сипаты. Болашақ вакциналары. Вакциналар сапасына қойылатын талаптар. Вакциналарды сақтау және тасымалдау шарттары. Егулерді жүргізуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. ҚР жаңартылған Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесіндегі қазіргі құрамдас (комбинирленген) вакциналар, олардың сипаттамасы және артықшылықтары.

  26. Дезинфекция: анықтамасы, түрлері және әдістері. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі дезинфекция орны. Профилактикалық және тиімділігі. әртүрлі жұқпалар топтарындағы дезинфекция ерекшеліктері. Күрделі медициналық аспаптарды дезинфекциялау ерекшеліктері. Дезнфекциялау үшін пайдаланылатын химиялық заттардың топтары. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау: тәсілдері, техника, сапасын бағалау әдістері.

  27. Буынаяқтылардың эпидемиологиялық маңызы. Дезинсекция: анықтамасы, тасмалдаушылармен күресу әдістері. Дезинсекция әдістері, инсектицидтер және репелленттер сипатамасы. Дезинсекциялық шаралар тиімділігін бақылау.

  28. Кеміргіштердің эпидемиологиялық маңызы. Дератизация: анықтамасы, әдістері, түрлері және кеміргіштермен күресу жабдықтары. Ратицидтер (родентицидтер) сипаттамасы. Әртүрлі категориялық обьектілерде кеміргіштермен күресуді ұйымдастыру . Дератизациялық шаралар, жабдықтар тиімділігін бақылау, олардың маңызы.

  29. Стерилизация: анықтамасы, түрлері және әдістері. Қораптау материалдары түрлері. Стерилизация тиімділігін бақылау әдістері.

  30. Ішек инфекцияларына жалпы сипаттама. Қоздырғышының біріншілік, аралық және соңғы берілу факторлары. Эпидпроцестің көрінісі, оған әлеуметтік және табиғи факторлардың әсер ету механизмі. Ішек инфекцияларының проблемасын шешудегі санитарлық-техникалық және гигиеналық тәсілдер.

  31. Шигеллездар. Жалпы сипаттамасы. Флекснер, Зонне және Григорьев-Шиг дизентериясының эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктері, олардың қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері. Инфекция қоздырғышының берілуі механизмінің ерекшеліктері. Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.

  32. Тырысқақ. Аурудың, оның қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы. Эль-Тор және НАГ- вибриондарымен, классикалық тырысқақ вибрионымен шақырылатын аурулардың ерекшеліктері. Қоздырғыш көздері, негізгі берілу жолдары. Тырысқақтың әлемдік эпидемиялық ошақтары. Тырысқақтың жетінші пандемиясының ерекшеліктері. Әр түрлі алдын алу шараларының потенциальды тиімділігі. Тырысқаққа эпидқадағалау.

  33. Іш сүзегі, А мен В парасүзектері. Жалпы сипаттама. Эпидемиялық процестің дамуына әсер ететін қоздырғыштың қасиеттері және аурудың ерекшеліктері. Қоздырғыш көздері, берілу жолы мен факторларына сипаттама. Тағамдық және сулық эпидемиялардың эпидемиологиялық белгілері. Қазіргі жағдайдағы эпидпроцестің көрінісі. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар, олардың потенциальды тиімділігі. Иммунды алдын алуға көрсеткіштер. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.

  34. Сальмонеллездар. Жалпы сипаттама, эпидемиялогиялық ерекшеліктері, алдын алу және күресу шаралары. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.

  35. Вирусты гепатиттер, олардың жалпы сипаттамасы және қазіргі кезеңдері жіктелуі. А және Е вирустық гепатиттер. Қоздырғыштың биологиялық қасиеттері. Аурудың жұғу мерзімі. Қоздырғыштардың берілу механизмдері, жолдары мен факторлары. Эпидпроцестің көрністері. Эпидемиялардың және бұрқ етпелердің түрлері. Алдын алудың негізгі бағыттары. Спецификалық алдын алудың мәні. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.

  36. Полиомиелит. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың антигендік құрлымы. Эпидпроцестің даму механизмі, негізгі және қосымша берілу механизмдері. Манифестілігі. Өткендегі және қазіргі кездегі эпидпроцестің көрінісі. Алдын алу. Эпидқадағалау. Ауруды жоюдың перспективасы.

  37. Тыныс алу жолдары инфекцияларына жалпы сипаттама. Құрөзек. Ауруға және оның қоздырғышына жалпы сипаттама. Эпидпроцестің ерекшеліктері, оның қазіргі жағдайдағы көрінісі. Иммунды алдын алу. Эпидқадағалауды ұйымдастыру және оның мазмұны.

  38. Көкжөтел. Оқиғаның стандарттық анықтамасы. Этиологиясы. Егуге дейінгі кезеңдегі және қазіргі уақыттағы даму механизмі, эпидпроцестің көрінісінің ерекшеліктері. Эпидқадағалауды ұйымдастыру. Лабораториялық зерттеу әдістерінің мәні. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.

  39. Менингококкты инфекция. Этиологиясы. Қоздырғыш көздеріне сипаттама. Халықтың қабылдаушылық құрлымы. Клиникалық формалары. Эпидпроцестің көрінісі. Эпидқадағалауды ұйымдастыру. Эпидемияға қарсы шаралар.

  40. Туберкулез. Жалпы сипаттама, әлеуметтік-экономикалық мәні. Қоздырғыштың түрі бойынша сырқаттылықтың құрлымы. Халықтың қабылдаушылығы. Жұқпа көзі, қоздырғыштың берілу механизмі және жолдары. Туберкулезбен күресу бағдарламасы, ДОТС стратегиясының қағидалары. Зертханалық-диагностикалық, емдеу шараларының және вакцинамен алдын алудың маңызы. Эпидқадағалауды ұйымдастыру, СЭМ маңызы. Науқастарды анықтау, тіркеу, есепке алу және жекешелеу тәртібі. Жұғу қаупіне ұшыраған адамдарға байланысты шаралар. Арнайы алдын алу, химиялық алдын алу. Манту сынамасы.

  41. Тұмау және басқа да жедел респираторлық аурулар. Әлеуметтік-экономикалық маңызы. Жалпы сипаттама. Эпидпроцестің ерекшеліктері, оның көрінуі. Тұмау қоздырғышының биологиялық ерекшеліктері. Зертханалық зерттеулердің рөлі. Тұмауға эпидқадағалау. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары.

  42. Қызылша. Оқиғаның стандарттық анықтамасы. Жалпы сипаттама, жұқпа манифестілігі. Қазіргі кезде және егуге дейінгі кезеңдегі эпидпроцестің көрінісі. Қызылшамен күресу шаралары. Эпидқадағалауды ұйымдастыру. Халықтың иммунологиялық құрлымын бақылаудың мәні. Жоюдың болашағы. Элиминациялау жетістіктерінің критерийлері және көрсеткіштері.

  43. Эпидемиялық паротит. Оқиғаның стандарттық анықтамасы. Этиологиясы. Даму механизмі, эпидпроцестің көрінісі, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.

  44. Желшешек. Жалпы сипаттама. Жұқпа көздері. Эпидпроцесс ерекшеліктері. Эпидемияға қарсы шаралар.

  45. Қызамық. Оқиғаның стандарттық анықтамасы. Қызамықтың және туа пайда болған қызамық синдромының әлеуметтік-экономикалық маңызы. Этиологиясы. Даму механизмі, эпидпроцестің көрінісі, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Қызамыққа және туа пайда болған қызамық синдромына эпидқадағалау. Вакцинамен алдын алу.

  46. В,С,Д,G вирусты гепатиттері. Жалпы сипаттама. Таралуы, эпидпроцестің ерекшеліктері. Алдын алу қағидалары. Эпидемияға қарсы шаралар.

  47. АИВ/ЖИТС, қоздырғышының ерекшеліктері. Жалпы сипаттамасы. Таралуы, эпидпроцестің ерекшеліктері, алдын алу қағидалары. АИВ инфекциясы. Таралуы. ЖИТС таралуында әлеуметтік факторлардың рөлі, зертханалық зерттеу тәсілдерінің мәні, алдын алу. Шолғындау эпидқадағалаудың қағидалары.

  48. Зооноздық инфекциялардың жалпы сипаттамасы. Олардың халықтың жұқпалы аурулар сырқаттылығының құрлымындағы орны. Зооноздардағы жіктеудегі замануи әдістер. Зооноздар, зооантропоноздар, сапроноздар терминдеріне түсініктеме. Зооноздардағы эпидқадағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері, оның эпизоотологиялық қадағалаумен байланысы.

  49. Оба. Жалпы сипаттама. Оба пандемияларының тарихы, қоздырғыштың биологиялық- экологиялық сипаттамасы. Қоздырғыштың негізгі және қосалқы иелері. Қоздырғыштың бүргемен әрекеттестігінің механизмі. Адамның залалдану жолдары. Өкпе обасымен науқастанғандардың эпидемиологиялық қауіптілілігі. Обаның табиғи ошақтары. Обаға қарсы мекемелердің құрылымы мен қызыметі. Ел аумағын обаның енуінен және оны таралуынан санитарлық қорғау. Обамен ауыратын адам анықталғанда эпидемияға қарсы шаралар. Вакцинамен алдын алу көрсеткіштер. Эпизоотолого-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.

  50. Жалған туберкулез және ішек иерсинозы. Жалпы сипаттама. Иерсинийлердің биологиялық – экологиялық сипаттамасы. ТМД-ғы жалған туберкулезбен иерсиниоздардың табиғи, антропургиялық және синантроптық ошақтары. Эпидпроцестің ерекшеліктері. Жалған туберкулезбен иесиниоздың алдын алуға арналған ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- гигеналық шаралар. Эпидқадағалаудыұйымдастыру.

  51. Туляремия. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштардың жағрапиялық таралуы. Қоздырғыштардың резервуары, негізгі және қосалқы иелері. Инфекциялық берілу механизмдері мен жолдары. Иксод кенелерінің рөлі. Туляремияның табиғи және антропургиялық ошақтары. Сырқаттылық деңгейі, эпидбұрқ етпелердің түрлері. Алдын алу. Вакцинацияның маңызы. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.

  52. Кене энцефалиті. Шығыс және батыс түрлері. Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Алдын алу және күресу. Кенеге қарсы шаралардың және вакцинацияның рөлі.

  53. Геморрагиялық қызбалар, анықтамасы. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба. Табиғи ошақтары. Адамдарға жұғу механизмдері. Алдын алу және күресу.

  54. Омбы және Қырым геморрагиялық қызбалары. Жалпы сипаттама. Таралуы. Қоздырғыш көздері. Берілу механизмі. Қырым геморрагиялық қызбасының трансмиссивтік және жанасу берілу жолдары. Эпидпроцесстің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары.

  55. Сары қызба. Каратиндік жұқпа ретінде инфекцияның сипаттамасы. Вакцинациялау.

  56. Түйнеме (сібір жарасы). Қоздырғыштың биологиялық-экологиялық қасиеттері. Қоздырғыштың айналымын сақтаудағы жабайы және синантроптық жануарлардың рөлі. Адамның залалдану жолдарының көптүрлілігі. Эпидпроцестің сипаттамасы. Ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық шаралар. Ошақтағы шаралар, шұғыл алдын алу. Эпизоотолого-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.

  57. Бруцеллез. Жалпы сипаттама. Этиологиясы. Инфекция резервуары. Берілу механизмдері, жұғу жолдары. Эпизоотиялық және эпидемиялық процестің ерекшеліктері. Бруцеллезді алдын алу: ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық шаралар. Эпизоотолого- эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.

  58. Лептоспироздар. Жалпы сипаттама. Этиологиясы. Лептоспирлердің негізгі және қосалқы иелері, инфекция резервуары. Берілу жолдары және механизмдері. Ошақтар түрлері. Эпидпроцестің көрінісі. Алдын алу, ветеринарлық- санитарлық, санитарлық-гигиеналық және дератизациялық шаралардың рөлі. Иммунды алдын алуға көрсеткіштер. Эпидқадағалау.

  59. Ботулизм. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың биологиялық- экологиялық қасиеттері. Берілу жолдары мен факторлары. Сырқаттылықтың деңгейі. Ботулизмді алдын алудағы санитарлық- гигиеналық шаралар. Вакцинамен алдын алуға көрсеткіштер. Шұғыл алдын алу.

  60. Сіреспе. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың биологиялық-экологиялық қасиеттері. Берілу механизмі. Адамға жұғу жолдары. Эпидпроцестің көрінісі. Сіреспемен күресудің негізгі әдісінің бірі иммунды алдын алу. Иммуноглобулинді, сіреспеге қарсы сарысуды және сіреспе анотоксинін енгізуге көрсеткіштер.

  61. Құтыру. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың биологиялық-экологиялық қасиеттері. Вирустың негізгі және қосалқы иелері. Үй жануарларының эпидемиологиялық маңызы. Берілу механизмі. Құтыру ошағының түрлері. Эпидпроцестің көрінісі. Құтырудың алдын алудағы ветеринарлық- санитарлық шаралар. Эпидқадағалау. Халыққа антирабиялық көмек көрсету.

  62. Тағам токсикоинфекциялар (ТТИ), жалпы сипаттама, жіктеуі. Әртүрлі нозоформалар: клостридиялармен, баццилюс цереус, шартты-патогенді энтеробактериялармен (протейлер, псевдомонадалар), цитробактерияларымен шақырылатын стафилококкты тағамдық улану, ТТИң эпидемиологиялық ерекшеліктері.

  63. Медициналық көмек берумен байланысты инфекциялар(МКБИ). Жалпы сипаттама, жіктелуі. Әртүрлі нозоформаларының эпидемиологиялық ерекшеліктері. Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Инфекциялық бақылау жүйесі.

  64. Гельминтоздар, жалпы сипаттама, әлеуметтік- экономикалық маңызы, адам патологиясындағы рөлі. Гельминттердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктері. Гельминттердің эпидемиологиялық жіктеуі. Жұқтыру көрсеткіші. Гельминтоздардың жағрапиясы. Инвазиялық айналымның жылдамдығы. Ошақтардың түрлері. Гельминтоздарға эпидқадағалауды ұйымдастыру. Санитарлық-гельминтологиялық зерттеу әдістері. Гельминтоздардың ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар.

  65. Аскаридоз. Аскаридтердің даму циклі. Топырақта жұмыртқаларының сақталу және даму уақыты. Берілу жолдары мен факторлары. Эпидпроцестің көрінісі. Аскаридозбен күресу шаралары.

  66. Трихоцефалез. Қоздырғыштың даму циклі. Сыртқы ортадағы өмір сүруі және топырақта жұмыртқаларының дамуы үшін қажетті жағдайлар. Берілу жолдары мен факторлары. Таралуы. Трихоцефалезбен күресу шаралары.

  67. Энтеробиоз. Острицалардың даму циклі. Жұғу жолдары. Инвазияның таралуы. Алдын алу және күресу шаралары.

  68. Гименолопидоз. Паразиттің биологиялық қасиеттері, даму сатылары. Берілу жолдары мен факторлары. Алдын алу және күресу шаралары.

  69. Трихинеллез. Трихинеллалардың даму сатысы. Қоздырғыштың таралуында жануарлардың рөлі. Берілу механизмдері және жолдары. Инвазияның таралуы, табиғи ошақтар. Алдын алу шаралары.

  70. Дифиллоботриоз. Паразиттің аралық және ақырғы иелерінің организімінде даму циклі. Жұғу жолдары. Инвазия ошақтарының түзілуіне табиғи және әлеуметтік факторларының әсері. Дифиллоботриоздың табиғи ошақтылығы. Таралуы. Алдын алу және күресу шаралары.

  71. Тениоз және тениаринхоз. Паразиттің даму циклі. Аралық және ақырғы иелері. Жұғу жолдары. Таралуы. Инвазия ошақтарының түзілуіне табиғи және әлеуметтік факторларының әсері. Алдын алу және күресу шаралары.

  72. Эхинококкоз. Жалпы сипаттама. Паразиттің даму сатысы. Инвазияның дамуындағы үй және жабайы хайуанаттардың рөлі. Қоздырғыштың берілу жолдары және оның адам организмінде орналасуы. Таралуы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.

  73. Описторхоз. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың даму сатысы. Берілу жолдары және факторлары: инвазиялық ошақтардың түзілуіне табиғи және әлеуметтік факторларының әсері. Описторхоздың табиғи ошақтары. Таралуы. Алдын алу және күресу шаралары.

  74. Безгек. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштары, олардың таксономиясы, өмір циклі. Масалар биологиясы - безгектің қоздырғышын тасымалдаушылар, берілу маусымдылығы. Безгек эпидемиологиясы: көздер, жұғу механизмі, қабылдағыштық және иммунитет. Безгек ошақтары, олардың жіктелуі. Қазіргі кездегі ареалдары және безгек бойынша жағдай. Диагноз қою. Безгекке қарсы шаралар. Безекпен күресудегі ДДҰ әлемдік стратегиясы. Эпидқадағалау.

  75. Токсоплазмоз. Жалпы сипаттама. Қоздырғыштың биологиясы. Қоздырғышты сақтаудағы жабайы және синантропты жануарлардың рөлі. Берілу механизмдері және жолдары, халықтың қабылдағыштығы. Таралуы, табиғи және антропургиялық ошақтары. Зертханалық диагноз қою. Алдын алу және ошақтағы шаралар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет