С. Ж. Бахтиярова



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата15.11.2023
өлшемі4,4 Mb.
#122446
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

3.3.
 
Жеңіл атлетика бойынша жарыстардың жалпы және 
жеке ережелері 
 
Жеңіл атлетикада жарыстар жас тобы бойынша іріктеледі, ересек 
 
топтарда жастарды шектеусіз жҥргізеді. Соның ішінде кіші топтағы 
ер балалар кейінгі жастық топ жарыстарға қатысуы мҥмкін, ал ересек 
жастағы ер балалар кіші жастық топтардың жарысына қатыса 
алмайды. Ер адамдар мен әйел адамдардың арасындағы бӛлек жҥргі-
зіледі, жыныстық белгісі бойынша аралас сӛрелер жҥргізілмейді.
Жарысқа қатысушылар жарыстың ӛту ережелерін, шарттарын 
білуі қажет. Қатысушыларға жарыс кезінде қандай да бір кӛмекті 
алуға болмайды, егер қажет болған жағдайда тек қана дәрігерлік 
кӛмек алуға болады. 
Тӛрешінің екінші қайтара ескертуінен кейін спортшы жарыстан 
шығарылуы мҥмкін. Қатысушы жарысқа мҥлдем дайындалмаса 
жарыстан алынып тасталынуы мҥмкін. Бағдарламаның бірнеше 
тҥрлеріне қатысу кезінде қатысушы алдымен кесте бойынша арақа-
шықтыққа жҥгіру тҥрлерін, ал содан кейін «секіру» немесе «лақтыру» 
«биіктікке секіру» мен «сырықпен секірулер» тҥрлерін жҥргізуге 
міндетті.
Қатысушы финалдық жарысқа келмеуі кезінде оның орынын 
басқа қатысушымен алмастырмауы қажет. Келесі айналым жарыс-


29 
тарына ӛтіп, қатысуға келмей қалған қатысушылар жарыстан 
шығарылады. Егер қатысушы себепсіз жарыс тҥрінен сӛреге 
шықпаса, келесі айналымға да ӛтпей жарыстан шығарылады. 
Бағдарламаның осы тҥрінде қатысу жӛніндегі барлық сҧрақтарды 
қатысушы сол тҥрі бойынша бас тӛрешімен шешу қажет.
Қатысушы ӛзі қатысатын спорт тҥріне байланысты сәйкесті 
спорттық киімі мен нӛмірі болуы қажет. Әсіресе жҥгіру тҥрлерінде 
болуы міндетті.
Секіру, лақтыру мен жҥгіру бойынша жарыстарға шығуда 
қатысу-шылардың шығу кезегі жеребе бойынша анықталады. 
Қатысушы-ларды қайта орнату тек қана тӛрешілердің алқасымен 
жасалады. Ҧзындыққа секіру, ҥш аттап секіру және лақтыру бойынша 
финалдық жарыстарда қатысушылардың орындау кезектілігі алдыңғы 
жарыс-тардың кезегіне сәйкес келеді. Ҧзындыққа секіру, ҥш аттап 
секіру және лақтыру бойынша жарыстарда қатысушылар қозғалыс 
әрекетті кезекпен-кезек бірінің артынан орындайды, бірақ қозғалыс 
әрекетті орындаудан бас тартқан жағдайда келесі орындаушымен 
кезек алмастыруға болады.
«Лақтыру» тҥрінде бас тӛрешінің шешімі бойынша екінші және 
ҥшінші деңгейдегі жарыстарда барлық қозғалыс әрекеттер қатарымен 
бір қатысушымен, содан кейін келесі және т.с.с. орындалуы мҥмкін. 
Тіке жолдарда 110 метрге дейін қашықтыққа жҥгірулер жҥргі-
зіледі, ал қалған қашықтықтарда жҥгіру мен жаяу жҥгірулер сағат 
тіліне қарсы бағытталған айналмалы жолдар бойынша ӛткізіледі.
Хатшы алдымен мәреге қатысушылардың келуін жазады, ал 
содан кейін олардың барлығына қарама-қарсы секундомердің уақыты 
белгіленеді. Бірінші қатысушының уақыты міндетті тҥрде соңғы 
нәтижені бӛліп кӛрсетіп, ҥш секундомер бойынша жазылады.
Сӛрешілер қатысушылардың бірде-біреуінің ерте бастап жҥгір-
меуін немесе сӛре (старт) дыбысынан бҧрын бастамауын бақылау 
қажет. Бҧл ережелерді бҧзғаны кезінде сӛреші немесе оның кӛмек-
шілері қатысушыларды сӛреге (старт) кейін қайтарып қайта бастайды. 
«Ҧзындыққа секіру» және «Ҥш аттап секіру» тҥрлерінде 
тӛрешілер секіру орынына келіп секіруге рҧқсат береді, уақытты 
бақылайды жерге тҥсудің жақын нҥктесін анықтайды, нәтижені 
ӛлшейді. Жақсы секіру нәтижесін кӛрсеткенде ақ жалауша кӛтеріледі 
және нәтиже ӛлшенеді, аттау сызығын басып кету кезінде қызыл 
жалауша кӛтеріледі де секіру нәтижесі есептелмейді. Хатшы әрбір 
қатысушының секіру нәтижесін жазады немесе сәтсіз секіруі кезінде 
сызықша қояды.


30 
«Биіктікке секіру» және «Сырықпен секіру» тҥрлерінде тӛре-
шілер бастапқы және кейінгі биіктікті орнатады, секіруді орындауға
рҧқсат береді, секіруге берілген уақытты қадағалайды, биіктіктен 
секіріп ӛту дҧрыстығын анықтайды. Секіру сәтті орындалғанда ақ 
жалауша, сәтсіз кезінде қызыл жалауша кӛтеріледі. Хатшы жарыс 
хаттамасын жҥргізеді, келесі қатысушы кезегін шақырады. Хаттамада 
сәтті орындалған секірулерді «О» және сәтсіз орындалған секірулерді 
«Х» белгілерімен белгілейді. Биіктікке секіру мен бірнеше мәрте 
секірулер сызықпен белгіленеді.
«Лақтыру» тҥрлерінде тӛрешілер қауіпсіздік техникасын 
бақылайды: 
-
лақтыруды орындау дҧрыстығын; 
-
лақтыруды орындауға берілген уақытты; 
-
сәтті лақтыру кезінде нәтижені ӛлшейді; 
-
снарядтарды қайтарады. 
Алаңда тӛрешілер секіруді орындауды бастау ҥшін команданы 
береді, содан кейін бас тӛреші секіруді орындауға команданы береді. 
Хатшы секіруге қатысушыларды кезегімен шақырады, хаттамаға 
нәтижелерді жазады, сәтсіз секірулер кезінде сызықша қояды.
400 метр арақашықтықта әрбір қатысушы бӛлек жолдар бойынша 
жҥгірулері қажет. 800 метр (600 метр, 1000 метр) қашықтықтарда 
қатысушылар сӛреден (старт) бастағаннан кейін бірінші айналымның 
соңына дейін (жалпы жолға ауысу сызығына дейін) бӛлек, ӛз 
жолдары бойынша жҥгіру қажет.
Басқа жағдайларда бас тӛрешінің шешімі бойынша 400 метрден 
1000 метрге дейін қашықтықтарда жҥгіруді сӛреден (старттан) бірге 
бастауға болады. Жҥгірудің басқа қашықтықтары жалпы жолдар 
бойынша жҥргізіледі. Бӛлек жолдар бойынша жҥгірістер кезінде 
қатысушылар саны жолдар санымен анықталады, бірақ 200 метрден
және 8 адамнан астам болуы қажет.
Спорттық жҥріс пен жҥгірулер бойынша жарыстарда бірнеше 
жҥгірістерден іріктелініп, соңғы жеңімпаздар мен жҥлдегерлерді 
анықтау ҥшін жҥгірулер ӛткізіледі. Жарысқа қатысушылардың кӛптігі 
кезінде бірнеше айналымда жҥргізіледі:
а) алдын-ала жҥгірістер; 
б) ширек жартылай финалдар;
в)
жартылай финалдар;
г) финалдар.
Мҧндай мҥмкіндіктер жоқтығы кезінде жеңімпаздар мен 
жҥлдегерлер әртҥрлі жҥгірістерде жақсы нәтижесі бойынша 
анықталады, барлық жҥгірістер соңғы айналым болып жарияланады. 


31 
Жақсы нәтиже кӛрсеткен және жарыстың келесі айналымына ӛткен 
қатысушыларға жеребе тастайды. 4 жақсы нәтижелерімен 4 спортшы 
3 -інші, 4- інші, 5 - інші, 6- ншы жолдарда, ал қалған 4 аралық 
спортшы 1- інші, 2-нші, 7 - нші, 8 - інші жолдарда жҥгіреді.
Алдыңғы жҥгірісте кӛрсеткен нәтижелеріне қарамастан соңғы 
айналым нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады. Қалған 
орындар қатысушылар арасында нәтижелері бойынша таратылады. 
Егер қатысушылар бірдей нәтиже кӛрсетсе, онда арақашықтыққа 
ӛзінің жҥгірісі бойынша соңғы жҥгіріске дейін жоғары нәтиже 
кӛрсеткен спортшы орынға ие болады. Жҥгірістер арасында уақытына 
байланысты ҥзілістер (жарыстың бірнеше айналымы) 200 метрге
дейін, қашықтыққа соңғы жҥгірістің аяқталуынан кейін 45 минуттан 
кем емес және басқа қашықтықтарға (1000 метрге дейін)
1.5 сағат кем емес болуы қажет. Ӛте ҧзын арақашықықтарда кейінгі 
айналымдар жарыстың екінші кҥні жҥргізіледі. Жарыстың бірінші 
кҥнінің ішінде ІІ –ші және тӛменгі дәрежедегі қатысушылар тек қана 
екі қысқа немесе қысқа және орта немесе ҧзын қашық-тықтарға 
жҥгіруге қҧқы бар, жоғары дәрежедегі спортшыларға бҧл ереже 
таратылмайды.
Сӛре
. 400 метрге дейін қоса есептегенде қашықтықтарға 
жҥгіруде спортшылар тӛменгі сӛреден бастайды және әркім ӛз 
жолдарымен жҥгіреді.
800 метрге жҥгіруде бірінші 100 метр әркім ӛз жолымен жҥгіреді, 
содан кейін жалпы жолмен жҥгіруге қҧқықтары бар. 
Сӛреге дайындалу ҥшін спортшыларға сӛре сәтінен бастап 
есептегенде 2 минуттан астам уақыт беріледі.
400 метр жоғары сӛреде, спорттық жҥрісте, эстафеталарда, 
бірінші кезеңнің ҧзындығы 400 метр жоғары болғанда екі команда 
беріледі: бірінші – «Сӛреге!». Спортшылардың дайындығына кӛз 
жеткізілгеннен кейін мәреші жҥгіруді бастауына – дауыстап, ия 
болмаса жалаушамен желпіп немесе сӛрелік писталетпен атып екінші 
команданы берді. 400 метр дейін қашықтыққа жҥгіру кезінде сӛрелік 
сәтте ҥш команда беріледі: «Сӛреге!». 
Бірінші командадан кейін қатысушылардың бастапқы козғал-
майтын кҥйге орналасқанына кӛз жеткізгеннен кейін «Дайындал!» 
екінші командасы беріледі, содан кейін осы осы командаға 
қатысушылар келесі тҧрысты қабылдайды, осы тҧрысты қабылдау 
тоқтағанна кейін дауыстап сҥйемелдеумен «Алға!» командасы 
беріледі. «Алға!» командасының арасында анық айырып танылатын 
ҥзіліс болуы қажет. 


32 
Эстафеталық жҥгірісте сӛре сызығына таяқшаны жанау бҧзу-
шылық болып табылмайды. Барлық қалған жағдайларда қатысуша-
лардың қалыптары ӛздерінің жолдарында орналасуы қажет және 
қолдарын жолдардың енінің шегінен шығаруға (1,25 метр) рҧқсат 
етілмейді. Спорттық қалыптарды (колодок) пайдаланумен және 
оларсыз 400 метр қашықтықтарда тӛменгі сӛре қолданылғанда 
қатысушы екі қолын жолға тіреу қажет, аяқтың табандары қалыптарға 
немесе жҥгіру жолдарына тіреледі.
Ҧзын арақашықтықтар мен спорттық жҥрісте жоғарғы сӛре 
қолданылады, бҧл кезде жҥгіру жолын ең болмаса бір қолмен де тіреу 
рҧқсат етілмейді. Егер 
«Алға!»
командасынан бҧрын бір немесе 
бірнеше қатысуышы қозғалысты бастаса, онда барлық қатысушылар 
тоқтатылады (атумен, ысқырықпен немесе дауыстап) және сӛре 
орынына қайтарылады.
Мәреші қозғалысты уақытынан бҧрын бастаған немесе басқа-
ларын арандатқан (фальстарт) қатысушыға ескерту жасайды.
Ерте ҧмтылу (фальстарт) - 
«Алға!»
командасынан бҧрын қозға-
лысты бір немесе бірнеше қатысушы бҧрын бастаған кездегі сӛренің 
бастамасы.
Екінші ескертуден кейін жарысқа қатысушы жҥгіру арақашық-
тығынан алынып тасталынады. Кӛпсайыстық жарыстардың жҥгіру 
тҥрлерінде қатысушылар ҥшінші ескертуден кейін жарыстан аласта-
тылады. Ескерту алған қатысушы ескертуді естігенін дәлелдеу ҥшін 
қолын жоғары кӛтеру қажет. Екінші және ҥшінші деңгейдегі жаппай 
жарыстарда қалыпсыз тӛменгі сӛреден немесе жоғары сӛреден 
бастауға рҧқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет