С. Ж. Бахтиярова


Жҥгіру және спорттық жҥру техникасына оқыту



Pdf көрінісі
бет88/125
Дата18.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#118227
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

 
7.2. Жҥгіру және спорттық жҥру техникасына оқыту 
әдістемесі 
 
7.2.1. Спорттық жҥріс техникасына оқыту әдістемесі
 
 
Спорттық жаяу жҥріс жеңіл атлетиканың бір тҥрі болып 
табылады және қарапайым жаяу жҥріс техникасынан ӛзгешеленеді. 
Бірақ та спорттық жаяу жҥріс техникасын ҥйренуге кӛшпес бҧрын, 
қарапайым жаяу жҥрісте (жҥріс, дене сымбатында) жетіспеу-
шіліктерді тҥзету қажет. Жеңіл атлетиканың осы тҥрінің техникасына 
ҥйретуді бағалау критериялары спорттық жаяу жҥрістің табиғилығы 
мен ҥйлесімділігі болады.
Спорттық жаяу жҥріс техникасына ҥйрету сҧрақтарын шешу 
ҥшін олардың міндеттерімен және мақсаттарымен әдістемелік ӛңдеу 
ҧсынылады.
Олимпиадалық жеңіл атлетикадағы ереже онда жҥгіру тҥрлеріне 
қарағанда айырмашылығы аяқтың жермен ҥнемі байланыста болуы 
қажет. Ер адамдарда жарыстарда олимпиадалық бағдарламада 
алаңнан тыс ӛткізіледі, 20 км. және 50 км. қашықтықта; әйел 
адамдарда 20 км. Сонымен қатар ашық алаңдарда (10000 және 20000 
метр) 400 метр жолда және спорт залда (500 метр) 200 метр жолда 
жарыстар жҥргізіледі. 


151 
Ережелер мен техника. 
Спорттық жаяу жҥріс адымдарды 
кезектеу реті болып табылады, жҥргіншілер әрдайым жермен 
байланыста жҥрісті орындау қажет. Бҧл кезде келесідей екі ережелер 
орындалу қажет: 
1.
Спортшы адымын әрдайым жермен байланыста жҥзеге асыру 
және бҧл кездегі байланыстың ҥзілуі адам кӛзі ҥшін кӛрінбеуі қажет.
2.
Алға қарай шығарылған аяқ жермен бірінші байланыс сәтінен 
тік ӛтуге дейін толықтай тік ҧсталуы (яғни тізе бҥгілмеу) қажет.
Спортшының жаяу жҥріс техникасын қашықтықта тӛрешілер 
бағалайды, олардың саны 6-дан – 9-ға дейін (бас тӛрешіні кірістіріп) 
болуы қажет. Жеңіл атлетика бағдарламада жаяу жҥріс жалғыз тҥрі 
болып табылады, онда субъективті тӛрешілік қатысады. Егер жҥрісте 
споршыларды тек қана ерекше жағдайларда қашықтықтан алдыртса, 
онда жҥріс тәжірибесінде қашықтықта жарысқа қатысу қҧқығынан 
айыру әдеттегі қҧбылыс. Мәреден кейін атлеттерді жарысқа қатыс-
тырмау жағдайлары да болады.
Тӛрешілер сары тҥсті қалақшаның кӛмегімен жҥргіншіге ескерту 
жасауы мҥмкін, яғни осылай оларға ереже бҧзғандығын ескертіп 
отырады. Қалақшаның бір жағына толқынды кӛлденең сызық, ал 
екіншісінде – 150° бҧрышымен байланысқан екі қима (бҥгілген аяқты 
білдіреді) салынған. Тӛреші белгілі бір спортшыны сол бір ережені 
бҧзғандығы жӛнінде бір реттен кӛп емес ескерту қажет.
Егер ереже бҧзылса, тӛреші жҥргіншіге қызыл карточка ҧсынады. 
Егер ҥш қызыл карточка ҥш әртҥрлі тӛрешілерден қашықтықта бас 
тӛрешіге бағытталса, онда спортшыны жарысқа қатысу қҧқығынан 
айырады. Онда басқа, бас тӛреші жалғыз ӛзі соңғы шеңберде (егер 
жарыс алаңда болып жатса) немесе қашықтықтың соңғы 100 метрінде 
(тас жол бойынша жаяу жҥрісі кезінде) жарысқа қатысу қҧқығынан 
айыруы мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет