72
Бҧл жағдайда аяқ тізесінің дҧрыс бҥгілуі маңызды болып
табылады. Бел мен тіреуіш тізе арасындағы бҧрыш 92-105° болуы
қажет. Дене мен алдыңғы тҧрған аяқ арасындағы бҧрыш 19-23°
қҧрайды. Бҧл бҧрыштардың мағынасын тӛменгі сӛрені меңгерген
кезде, соның ішінде бастапқы қалыпын транспортир арқылы ӛлшеуге
болады (16 сурет. б).
Жҥгірер алдында спортшы сабырлы және жинақы болуы керек.
Яғни, жинаулы серпімді қалыпында болуы керек, аз уақыт аралы-
ғында жҥгірісті бастауға дайын болуы керек, ӛйіткені
«Назар аудар!»
мен
«Алға!»
командаларының арасындағы уақыт ережеде жоқ, ол
уақыт тікелей тӛрешіге байланысты.
Жалпы жағдайда қолдар еркін қимылдайды, бірақ кейбір
жаттықтырушылар қолдарды сермеуді бірқалыпты және аяқтың
кӛтерілу деңгейінен биік кӛтергенді қалайды. Бҧл спортшының
жҥгіретін арақашықтықтың басын ҥдемелі тҥрде бастау ҥшін істеледі.
Жоғарғы деңгейдегі спортшылардың тіреуіштен итерілу кезіндегі
жасайтын бҧрыш 42-50° қҧрайды.
Сӛре дыбысын естіген бойда (пистолеттен ату, дауыстай бҧйрық)
спортшы алға қарай қимылын бастайды, ол ҥшін бір уақытта қол және
аяғымен бірдей итеріледі. Аяқпен итерілу ҥшін тіреуіштерді
пайдаланады. Ары қарай қол-аяқтарын сермеу арқылы қозғалысын
жалғастырады (17 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: