С. Ж. Бахтиярова


міндет. Спорттық жаяу жҥріс кезінде қолдарды және иық



Pdf көрінісі
бет90/125
Дата18.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#118227
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

3 міндет. Спорттық жаяу жҥріс кезінде қолдарды және иық 
белдеуін қозғалтуға ҥйрету

Спорттық жаяу жҥріс кезінде қолдар тік немесе доғал бҧрышпен 
бҥгілуі және орта жазықтықты кесіп ӛтпей, тік сызықта қозғалуы 
қажет. Иықтың тҥсінкі болуын, ал қолдарға артық кҥш салудың жеңіл 
болуын қадағалау қажет.
Осы мақсатты шешу ҥшін келесідей жаттығулар ҧсынылады:
Қол белде немесе желкеде ҧстау қалпында жаяу жҥру, қолдарды 
шынтақтан ҧстап жаяу жҥру, таяқшаны тік бағытта иық тҧсында 
немесе арқаға салып жаяу жҥру (56 сурет). 


154 
56 сурет. Гимнастикалық таяқшаны пайдаланумен спорттық жаяу жҥріс 
Егер қолдардың жҧмысының екпінін жоғарлату мақсаты тҧрса 
онда қолдарды тӛмен тҥсірілген қалпында жаяу жҥріс ҧсынылады. 
Кӛрсетілген жаттығуларда жаяу жҥрістің қашықтығы 100-150 метр
жаттығулардың қайталау саны оларды орындау дҧрыстығына және 
қозғалысты меңгеру жылдамдығына байланысты.
4 міндет. Жалпы спорттық жаяу жҥріс техникасына ҥйрету.
Спорттық жаяу жҥріс техникасын меңгеру процесінде жалпы 
жаяу жҥрістің бӛлек элементтерін меңгеруге бағытталған әртҥрлі 
жаттығуларды бірнеше қайтара қайталау қажет. Осы мақсатпен 
мынаған ерекше назар аудару қажет: 
-
дене мен басты дҧрыс ҧстау қалпы; 
-
қолдар мен аяқтар қозғалысының жҧмсақтығы; 
-
босаңсу қозғалысы; 
-
адымның жеткілікті ҧзындығы; 
-
табанның мҥмкін болса тӛмен деңгейде аяқтың жеңіл ауысуы
-
жерден ӛкшені ӛз уақытында алу; 
-
барлық орындалған қозғалыстардың келісімділігі.
Жалпы спорттық жаяу жҥріс техникасына ҥйретудің негізгі 
қҧралдары мыналар: аяқтар, жамбас, қолдар қозғалысында, дене 
қалпында қателерді кӛрсетумен әртҥрлі қашықтықтарға (400-800 метр 
және одан астам) әртҥрлі жылдамдықпен жаяу жҥріс; ҧзындық және 
қадамдардың жиілігінің тиімді қатынасын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет