1.4 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Азаматтық логистиканың қандай негізгі айырмашылықтарын атай
аласыз.
2. Логистиканы бейбіт ғылым ретінде дамытудың келесі кезеңін қалай
көресіз.
3. Мемлекет экономикасы үшін логистика қаншалықты маңызды.
Жалпы ішкі өнімнің қандай үлесі логистикаға тиесілі. Бұл үлес уақытпен қалай
өзгереді.
4. Қандай жағдайда логистиканың жеке ұғымдық санаты ретінде
сервистік ағынның бөлінуі ақталуы мүмкін.
5. Макро - және мезологистік жүйелердің түбірлік айырмашылығы неде.
6. Компания логистикалық процесті жеке логистикалық операцияларға
бөлуден қандай пайда ала алады.
7. Банк қандай логистикалық операцияларды орындайды. Интернет-
дүкен.
Университет. Ағаш өңдеу кәсіпорны. Киім фабрикасы.
8. Қорларды ұстауға жылдық шығындар деңгейі қандай факторларға
байланысты болады.
9. Компанияға қорлардың жоғары деңгейін қандай артықшылықтар
береді. Қорлардың төмен деңгейі.
10.Сату көлемінен пайыздық қорлар деңгейін белгілеу қолайлылығы
неде.
11.
ROA көрсеткішін есептеу кезінде таза пайда емес, салық салынғанға
дейін пайданы қолдануын дәләлдеу.
12. Компания жыл бойы жабдықтың 1000 комплектісінің әрбірің 20 мың
АҚШ долларынан сатады. Қорлардың деңгейі сату көлемінің 20%-ын
құрайды. Қорларды сақтауға арналған жылдық шығыстары қорлар құнынан
23
40% құрайды. Операциялық шығындар (қорларды сақтауға кететін
шығындарды қоспағанда) – 12 млн долл. жылына. Өзге активтердің құны-10
млн. Ағымдағы
активтерінің табыстылығының мәні қандай. Егер қорлардың
деңгейі 15% - ға дейін қысқарса, ол қалай өзгереді.
13. АВС-трейд компаниясы жыл бойы құрылыс жабдықтарын 20 млн
долл. сауда жасайды. Компания қорының деңгейі сатудың көлемінен 14%
құрайды. Жабдықтарды қорда сақтауға арналған жылдық шығыстар қор
құнынан 10 % құрайды. Компанияның операциялық шығындары (қорларды
сақтауға кететін шығындарды қоспағанда) – 6 млн. жылына. Өзге активтердің
құны-8 млн. Ағымдағы
активтерінің табыстылығының мәні қандай. Егер қор
деңгейі 12% - ға дейін қысқарса, ол қалай өзгереді.
14. Компания тұрмыстық химиямен көтерме саудамен айналысады.
Әдеттегі жағдайда компанияның жалпы пайдасы сату көлемінің 8% - ын
құрайды. Шақырылған консультанттар жүргізген зерттеулер көрсеткендей,
логистикалық операцияларға операциялық шығындардың орта есеппен 29% -
ы келеді. Қорларды басқару жүйесін оңтайландыру арқылы бұл шығындарды
12% - ға қысқартуға болады. Бұл қандай қосымша пайда алуға мүмкіндік
береді. Егер компания логистиканы оңтайландырумен айналыспаса, пайданың
осындай өсуіне қол жеткізу үшін сату көлемін қанша арттыруға тура келеді.
15. «Тұлпар» компаниясы көтерме сауда автомобильдері мен
айналысады. Әдеттегі жағдайда компанияның жалпы пайдасы сату көлемінің
15% - ын құрайды.
|