С. М. Бахишева 2019ж «Келісілді»


Педагогикалық жағдаят №34



бет8/10
Дата05.07.2022
өлшемі128,5 Kb.
#37504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ped-sityasiya-0111000-kz

Педагогикалық жағдаят №34
Спонсорлар мектеп мерейтойының құрметіне, ең үздік оқушыларға сыйақы ретінде 3 туристік жолдама бөлді.

  • Қалай және қандай принциптер бойынша сіз үміткерлерді таңдайсыз.

  • Білім алушылар арасында конкурс өткізіп, нәтижесінде жолдама бөліп берем

  • Мектеп жиналысына сынып старосталарын шақырып, өз сыныбындығы оқушылардың оқу үлгеріміне қарай бөліп берем.

  • Сынып жетекшілеріне үміткерлердің тізімін беруін сұраймын.

  • Өз ойыңыз.

Өз ойыңызды талдаңыз.


Педагогикалық жағдаят №35
«Өмір және қарым-қатынас құндылығы» атты этикалық проблема тәрбие сағатында талқылануда. Бір оқушы сынып жетекшісіне қарап: «Он жеті жасар адамға не маңызды? Квадраттық теңдеуді шешу, бензол формуласын білу ме, әлде жақсы жұмыс табу, қызбен танысу, отбасын құруды игеру ме?»- деп сұрайды. Айтылған пікірді соңына дейін жеткізіп, өзіңіздің шешіміңізді хабарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №36
Мектепті бітіргеннен кейін Педагогикалық мамандыққа түсуді жоспарладыңыз, бірақ қай колледжге түсетініңізді әлі анықтаған жоқсыз. Сіз педагогикалық мамандықтар даярлайтын колледждерді қандай критерийлер бойынша таңдайсыз, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №37
Лық толы автобусқа кіріп, мынадай жағдайға тап боласыз:
Сізбен жасы шамалас бір жас адам өтірік ұйықтап отыр екен, екіншісі құлаққапты құлағына тығып ұялы телефонымен отыр. Ал қасында үлкен кісі тұр.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

  1. Дереу оларға ескерту жасаймын

  1. Мән бермеймін

  1. Елдің көзінше оларды оятам

  2. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №38
Марат 9-шы сыныптан кейін оқуын жалғастыруды да, мамандық алуды да қаламады. Қазір ол 17 жаста және еш жерде жұмыс жасамайды. Сіз қалай ойлайсыз, болашақ өміріне жалпы орта білім және кәсіптік білім туралы құжаттың жоқтығы кесел келтіре ме? Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет