5.Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдері дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден, т.б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден) қосарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) қолданылады.
6.Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан еісмдер жай бөлшек және ондық бөшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік санның бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10), т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек, т.б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2,3), бес бүтін төрт жүздік (5,04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т.б.
Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды. Сөйлемдегі қызметі жағынан сан есімдер сын есімдерге ұқсас болып келеді.
1.Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ (жұмбақ)
2.Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А.). Біз екеу едік.(Б.М.)
3.Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төтеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал).
4.Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.). Біз екі-екіден бөліндік.
5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал).
6.Сан есім зат есіммен я қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш түрлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды.
Достарыңызбен бөлісу: |