С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет25/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Қосымша



Сөзжасам қосымшалары




Форма тудырушы қосымшалар




Функциялы қосымшалар




Жұрнақтар




Жалғаулар




модифика
циялық жұрнақтар




граммати
калық жұрнақта




субстан
тивтік




субстантив
тік адверби
алдық




предикат
тық









зат ес
імнің рендік мәнді жұрна
қтары




реттік
сан
есім жұр
нақта
ры




сан ес
імнің шыр
ай жұ
рнақ
тары




етіс жұр
нақ
тары




күшей
тпелі етістік
жұрна
қтары




болым
сыз ет
істік жұрна
қтары








есім
ше




көсем
ше




рай
жұрнақ тары




шақ жұр
нақ
тары




көптік жалғау

Пысықтау үшін сұрақтар:

  1. Қосымша неге морфемалардың қатарына жатқызылады?

  2. Қосымшаларды бөлуде қандай принципті ұстанған жөн?

  3. Қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп бөлгенде неге сүйенеміз?

  4. Сөз тудырушы қосымшаның қандай түрі бар? Мысал келтіріңіз.

  5. Форма тудырушы жұрнақтар мен жалғауларың жақындықтары неде?

  6. Көптік жалғауды грамматикалық жұрнаққа қосуға бола ма, неге?

Әдебиеттер:

  1. К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 30-34-беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 30-40 –беттер

3. Грамматика теориясының негіздері. А.,1967.9-12-б.
4. С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты. А.,1998. 214-235-беттер.
5. Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. (лекция тезистері).
А.,1973.

  1. Ы. Маманов. Қосымшаларды топтастыру принциптері. //Қазақстан мектебі. 1975. 8. 87-88-б.

  2. А. Қалыбаева. Қосымшалар жайында //Қазақстан мектебі. 1983 6 73-75-б.

  3. С. Исаев. Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесі//ҚазССР ҒА Хабарлары, филология сериясы. 1987. 2

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 244-245-б.



YІІ. Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері

  1. Бір мағыналы және көп мағыналы (полисемиялы) қосымшалар.

  2. Синоним, антоним қосымшалар.

  3. Омоним қосымшалар.

  4. Функциялы қосымшалар

  5. Қосымшалардың құрамдық сипаты.



Сабақтың мақсаты
Қосымшалардың жеке сөздер сияқты мағыналық ерекшеліктері, атап айтқанда кейбірі ғана мағынамен, кейбірі әр түрлі мағынамен байланысты, немесе бірінің мағынасы екіншісінің мағынасына жақын я қарама-қайшы, немесе дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей болғанмен, мәндері бүтіндей бөлек-бөлек болып келуі,кейбір функциялық ерекшеліктері, белгілі бір құрамдық сипаты болатынын білдіріп, меңгеру.
Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
Сөйтіп, қосымшалардың мағыналары бірдей емес. Бірі, сөзжасам қосымшалары, сөзжасам мағыналарын, яғни жаңа лексикалық мағына білдірсе, екіншісі, мысалы, сөзтүрленім (форма тудырушы) қосымшалары, грамматикалық немесе лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді, ал үшіншісі, функциялы қосымшалар, контекстік лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сонымен бірге сөзжасам қосымшаларының да, сөзтүрленім қосымшаларының да бір тобы ғана мағына білдіріп, моносемиялық қосымша болып бөлінсе, екінші бір тобы бірнеше (екі я одан да көп) мағына білдіріп, полисемиялы қосымша болып бөлінеді.
Мысалы, белгілі бір елге, жерге, ру-тайпаға, халыққа т.б. нақтылы қатыстылықты білдіретін -ы, -і, және кірме қосымшалары моносемиялы болып табылады:
қазақ-ы (мал), қалмақ-ы (ер), алтай-ы (қызыл түлкі), араб-ы (кілем), және тарих-и (оқиға), әдеб-и (тіл), дін-и (көзқарас), әскер-и (адам) т.б. Бұлардың қатарына -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы (жер), тас-ты (жер), ина-бат-ты (адам), әдеп-ті (бала), икем-ді (жігіт) т.б., -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, дір-іл, гүрс-іл, гүр-іл, қыңқ-ыл т.б., -ым, -ім, -м: ал-ым, ұғ-ым, байла-м, біл-ім т.б. кірме қосымшалар: -кеиі, -қой, -қор, -паз, -хана, -стан: арба-кеш, білім-паз, ас-хана, жем-қор, Турк-стан, Шым-кент т.б. толып жатқан сөзжасам қосымшалар жатады. Ал -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: кісі-лік, дос-тық, жақсы-лық т.б., сондай-ақ өсім-дік, орын-дық т.б., сондай-ақ ай-лық, ап-та-лық, жыл-дық т.б., бір-лік, үш-тік т.б.орта-лық, қоғам-дық, қала-лық т.б., -сыз, -сіз, су-сыз (жер), білім-сіз (ел), мұң-сыз (жұрт) т.б., үн-сіз (тыңдау), қозғалыс-сыз (отыру), сөз-сіз (мойындау) т.б., -дай, -дей, -тай, -тей: тау-дай (кісі), ат-тай (он жыл), үй-дей (тас), жүз-дей (адам), мың-дай (жылқы) т.б., өлер-дей (болу), жылар-дай (болу), баратын-дай (сияқты) т.б., жас-тай (кетті), (ала) жаздай (еңбек етті) т.б. толып жатқан сөзжасам қосымшалары полисемиялы болып табылады. Сондай-ақ -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н табыс септік жалғауы (бала-ны оқытты, үй-ді құлатты, мектеп-ті бітірді т.б.) тура объектіні білдіріп, моносемиялы сөзтүрленім қосымшасы болып табылады. Сондай-ақ -ды, -ді, -ты, -ті жедел өткен шақ қосымшалары, -ды, -ді, -ты, -ті көсемше тұлғасынан кейін жалғанатын 3-жақ жіктік жалғауы т.б. моносемиялы қосымшалар. Ал тәуелдік мағынаны, басқа бір заттың иелігінде екендігін білдіретін мағына, бұл үш жаққа бірдей, яғни 2-жақ -ым, -ім, -м қосымшасы да -ың, -ің, -ң, -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз 2-жақ та, -сы, -сі, -ы, -і 3-жақ қосымшасы да бір тәуелдік мағынаны білдіреді. Екіншіден, тәуелділік мағынамен қоса жақтық мағынаны, екінші жақта анайылық, сыпайылық мағынаны білдіреді, үшіншіден, солардың үстіне ІІ, ІІІ жақтар жекеше-көптік мағынаны да білдіреді: І -ым, -ім, -м және -мыз, -міз, -ымыз, -іміз, ІІ жақ анайы: -ың, -ің, -ң және көптік жалғау + -ың, -ің, сыпай: -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз және көптік жалғау + -ыңыз, -іңіз. Солардың қатарына есімше қосымшаларын (-ған, -ген, -қан, -кен, сондай-ақ -ар, -ер, -р, -с, сондай-ақ -атын, -етін, -йтын, -йтін), көсемше қосымшаларын (-а, -е, -й және -ым, -іп, -п) т.б. жатқызуға болады.
Полисемиялы (көп мағыналы) қосымшаларды о м о н и м қосымшалардан айыра білу керек. Омоним қосымшалар түр-тұлғасы бірдей я ұқсас болғанмен, мағыналары бүтіндей бөлек-бөлек, көбіне бір-бірімен ешбір байланысы болмайтын қосымшалар болып табылады. Сөзжасам қосымшалары өз ішінде бір-бірімен омонимдес бола береді. Мысалы, -ық, -ік, -қ, -к: қаз-ық, бұйр-ық, бөл-ік, төсе-к және сұй-ық, аш-ық, арт-ық, жет-ік және мол-ық, орн-ық, кеш-ік, өш-ік, қыз-ық және тол-ық, қыз-ық, жат-ық т.б. -ы, -і: қазақ-ы, араб-ы, естек-і т.б. және өл-і, то-л-ы, жыл-ы, жіт-і т.б. және бай-ы, жер-і, жас-ы, тас-ы т.б. Омонимдік сипат сөзжасам қосымшасы мен сөзтүрленім қосымшалары арасында да болады. Жоғарыда көрсетілген -қ, -к қосымшаларымен 1-жақ көпше түрде жіктік жалғауы (барды-қ, келді-к, келсе-к), -ы, -і қосымшаларымен тәуелдік жалғаудың 3-жағы (кітаб-ы, дос-ы, үй-і т.б.) омонимдес болып келеді. Сөзтүрленім қосымшаларының өз ішінде де омонимдік сипат кездесіп отырады: -ды, -ді, -ты, -ті табыс септік жалғау мен көсемше тұлғасынан кейін жалғанатын 3-жақ жіктік жалғауы (бара-ды, келе-ді, барып-ты, келіп-ті) мен жедел өткен шақ жұрнағы (бар-ды, кел-ді, айт-ты, кет-ті) омонимдес екендігін көреміз. Бұлардың қатарын бұдан әрі көбейте беруге болады. Қосымшалар арасындағы омонимдік сипат кәдімгі лексикалық единицалар - сөздер арасындағы, әр түрлі жолмен қалыптасады. Бірде дыбыстық өзгерістерге түсу нәтижесінде екінші бір қосымшамен тұлғалас болып келеді. Мысалы, өл-і, тір-і, тол-ы т.б. сөздердің көне түрлері: -өл-іг, тір-іг, тол-ығ, яғни қосымша -ығ, -іг, ұғ-, -үг, тілдің даму барысында соңғы ғ, г дыбыстарының түсіп қалу нәтижесінде -ы, -і, болып, осы тұлғалас қосымшаларға омонимдес болған. Екінші бірде бөтен тілден енген қосымша да тіліміздегі басқа қосымшамен омонимдес болып кетеді: қазақ-ы, қалмақ-ы т.б. сөздің құрамындағы -ы, -і парсы нисбеті қосымшасының „қазақыланған" түрі. Үшінші бірде омонимдік сипат полисемиялы (көп мағыналық) қасиеттің дамуы негізінде пайда болып қалыптасады. Мысалы, қыз-ық, тол-ық, жар-ық, сал-ық және мол-ық, орн-ық т.б. сөздер құрамындағы -ық, -ік, -қ, -к қосымшаларының, кітап-ша, өгіз-ше және ұзын-ша, толық-ша және бала-ша, ақын-ша және әзір-ше, бүгін-ше т.б. сияқты сөздердің құрамындағы -ша, -ше қосымшаларының шығу төркіні бір. Қазақ тілінде омоним қосымшалардың шеңбері мен саны бұдан әлдеқайда кең де көп. Соның бірі -шы, -ші қосымшасы: І) бейімділік, мамандық, кәсіпке байланысты , адамға
қатысты зат атауларын тудырады: балық-шы, етік-ші, тігін-ші, қуғын-шы т.б.; 2) заттық ұғымның белгілі бір қимылын білдіретін сөздер тудырады: жан-шы, аунақ-шы, ойнақ-шы, дөңбек-ші т.б.; 3) бұйрық рай (үш жақта да) тұлғасына жалғанып, тілек, жалыну мағынасын білдіреді: кел-ші, бар-шы, келейін-ші, барайын-шы, келіңіз-ші, барыңыз-шы, келсін-ші, барсын-шы және көрсем-ші, барсам-шы, барсаң-шы, көрсеңіз-ші, барсақ-шы; 4) қимылдың мақсаттық мәнін тиянақты түрде жүзеге асатындығын білдіреді: бармақ-шы, келмек-ші т.б.
Мағыналық жағынан қосымшалар мағыналас, жақын мағыналарды білдіретін с и н о н и м қ о с ы м ш а л а р да, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы а н т о н и м қ о с ы м ш а л а р да болады. Синоним қосымшалардың қатарына тәуелдік жалғау (үш жақта да) мен -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы, белгілі жағдайда -шаң, -шең (тер-шең, кір-шең) қосымшасы мен -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (сен-гіш, көн-гіш, күле-геш, сен-гіш) қосымшасы, сондай-ақ -шыл, -шіл және -қор (тер-шіл, ұйқы-шыл, шай-қор) қосымшалары, біріншіден, адамға қатысты, екіншіден, ол адамның бір іске бейімділігін, жақындығын білдіретін атаулар я атаулардың сындық белгісін тудырып, синонимдік қатар құрайды. Ал оған керісінше -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшасы белгілі бір заттың, құбылыстың барлығын, көптігін білдіретін мәндегі сөз тудырса, -сыз, -сіз қосымшасы заттың, құбылыстың жоқтығын білдіретін мәндегі сөздер тудырып антонимдік сипатта қолданылады. Сондай-ақ барыс септік жалғауы белгілі бір затқа, объектіге, мекенге қарай бағытталуды білдірсе, шығыс септік жалғауы керісінше қимылдың қайдан шыққанын яғни белгілі бір заттан, объектіден, мекеннен шығуды білдіріп, қарама-қайшы грамматикалық мағынада жұмсалады. Бұның өзі сөздерде болатын семантикалық сипат қосымшалардан да байқалып отыратындығын көрсетеді.
Қосымшалардың көпшілігі тілдің даму барысында жеке лексикалық мағыналы сөздерден семантикалық дербестігінен, бара-бара тұлғалық та дербестігінен айрылу нәтижесінде қалыптасып жасалған. Қандай қосымшаны алсақ та, түп төркіні жеке сөзге саятынын этимологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр, Мысалы: -ша, -ше, сондай-ақ -шақ, -шек, -шық, -шік қосымшалары шақты, шейін септеуліктері түптеп келгенде шақ (шек) әрі есім, әрі етістіктен жасалып қалыптасқаны, -дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары мен дейін септеулігі көне түркі тег, қазіргі тіліміздегі түрі ши (ти десем тимейді дегендегі) етістігінен жасалғандығы толық дәлелденген. Бұндай процесті қазіргі тіл дамуынан да байқауға болады. Мысалы, құмар сөзі араққұмар, әнқұмар, ойьшқұмар т.б. сияқты туындылар жасауға қатысып, қосымша мәніне ауыса бастағанын (әлі ауысып бітпегенін) көреміз. Сондай-ақ соң) әуел баста зат есім, мысалы, көштің соңы, одан үстеу, мысалы, үйге соң кірді, одан барып септеулік шылау - көргеннен соң - көрген соң) шылауы сөйлеу тілде есімше тұлғасымен (ған, -ген, -қан, -кен) кіріп барып күрделі қосымшаға айналып барады: айтқаннан соң - айтқасын, келгеннен соң – келген соң, -келгесін т.б. Немесе бірінші, екінші жақ жіктік жалғаулары (одан тараған тәуелдік жалғаулары да) жіктеу есімдіктерінен қалыптасқаны анық: -мын, -мін, -бін, -пын,- пін жіктік жалғауы мен -ым, -ім, -м тәуелдік жалғауы мен деген есімдіктен, мен -міз, -мыз, -біз, -пыз, -піз жіктік жалғауы мен -ым, -ім, -м тәуелдік жалғауы мен деген есімдіктен -мыз, -міз, -біз, -біз, -пыз, піз жіктік, және -ымыз, -іміз, -мыз, -міз тәуелдік жалғаулары біз деген есімдіктен, -сың, -сің, жіктік жалғауы сен деген есімдіктен, -сыз, -сіз жіктік жалғауы сіз деген есімдіктен тарағаны белгілі.
Сонымен бірге тілімізде бөтен тілден енген қосымшалар да өмір сүріп келеді. Бұлардың қатарына парсы нисбеті (қатыстық сын есім тудыратын тұлға) -и, (әдеби, діни, ресми т.б,) қосымшасы мен оның „қазақыланған" түрлері -ы, -і (арабы, қазақы, естекі, алтайы), -паз, (өнерпаз), -кеш (арбакеш) -хана, (емхана) -стан (Қазақстан) сияқты қосымшалар да жатады.
Ал құрамы жағынан, ең алдымен, бір дыбыстан тұратын, мысалы, -а, -е, -й, -п, -у, -ы, -с, -ш, -т, -қ, -к, -м, -ң, -н, - т.б. қосымшалар: ойн-а, сан-а, күл-е, сөйле-й, қара-п, сал-у, тол-ы, өл-і, кітаб-ы, үн-і, күре-с, ойла-т, сана-қ, бала-м, баласы-н, іні-ң т.б. екіншіден, екі я одан көп дыбыстан тұратын қосымшалар бар екенін айтуға болады. Олардың құрамы дауысты-дауыссыз, дауыссыз-дауысты, дауыссыз-дауысты-дауыссыз, дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз т.б. сияқты болып келеді.
Сондай-ақ құрамы жағынан қосымшалар жалаң және құранды болып та бөлінеді. Жалаң қосымшалар тұлғалық жағынан да, семантикалық жағынан да, қанша дыбыстан тұрса да, бөлінбейтін біртұтас, бір бүтін морфема болып саналатын қосымшалар да, екі я одан да көп қосымшалардан құралып, мағына жағынан тұтасып кеткен, бірақ сыртқы түрі жағынан немесе басқа сөздер құрамында қолданылуы немесе көне тілде жұмсалуы арқылы бөлуге болатын қосымшалар құранды қосымшалар деп аталады.
Жалаң қосымшалардың өзі бір дыбыстан я бірнеше дыбыстан да құрала береді: -м, -ым, -ім (сал-ым, біл-ім, сөйле-м, бала-м) –ы -і, -сы, -сі, (бала-сы, іні-сі, ана-сы, кітап-ы), -ған, -ген, -қан, -кен (бар-ған, кел-ген), -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе (кес-пе, мін-бе, көр-ме, сал-ма) лық, -лік, дық, -дік, -тық, -тік (орын-дық, апта-лық, сембі-лік) т.б. Ал құранды қосымшалар бірнеше дыбыстан тұрады, өйткені оның құрамында кем дегенде екі қосымшаның элементі бар. Бір сөзге жалғанған кез келген екі я одан да көп қосымша құранды қосымша бола бермейді. Әдетте құранды қосымшалар морфемалық жағынан ажыратуға келмейді де, бір бүтін қосымша ретінде қолданылады: -шылық, -шілік (шаруа-шы-лық, жай-шылық, бұл қосымша -шы және -лық, -ші және -лік қосымшалардың бірігуінен жасалған, бұлар - жеке-жеке де қолданыла береді, бірақ бұл жерде шаруа-шы, жай-шы деген бөлек сөз жасамай, бір қосымша ретінде қолданылған), -ымды, -ынды, -інді (ұна-мды, асыра-нды, үй-інді, бұл жер де де ұнам, асыра-н, үй-ін деген сөздер тілімізде жоқ екендігі ескеріліп отыр), -шпын, -етін, -йтын, -йтін (бар-атын, кел-етін, сөйле-йтін т.б„ есімшенің -тьш, -тін, арғы тегі-туғын көмекші етістігі, тарихи тұрғыдан көсемшенің -а, -е, -й, қосымшасынсыз қолданылмайды, сондықтан да құранды деп танылады), -ыңқыра, -іңкіре, -ңқыра, -ңкіре (бар-ыңқыра, сөйле-ңкіре)т.б.
Осы шағын талдаудан көрінетіңдей, тіліміздегі қосымшалар, мағыналық және тұлғалық дербестігі де, яғни жеке тұрып өз бетімен ешбір мән бере алмай, жеке түбірсіз қолданыла алмай және түбірдің ыңғайына қарай нұсқаланып отырса да, мағыналық және құрамдық жағынан жеке сөздерге, лексикаға тән полисемиялық - моносемиялық, антонимдік, синонимдік, омонимдік, төл-кірме, бір құрамды - көп құрамды сияқты қасиеттерде жұмсалатынын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет