С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет42/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Ал В.Г.Жирмунский де, Б.А.Серебренников те атау септік формасын нөлдік формаға жатқызуға болмайтынын, бұлай анықтау шындыққа үйлеспейтінін айтады. В.Г.Жирмунскийдің көрсетуінше, орыс тіліндегі нөлдік формаға бірінші (первое склонение) септеудің көпше түріндегі ілік септік тұлғасын жатқызуға болады, өйткені, мысалы, роз тұлғасын розы, розам,т.б. сияқты тұлғалармен қатар қойып қарауға болады (МСС, 19, 20, 220). Нөлдік форманы осылай тануды И.Е.Маманов та қолдайды. Түркологиялық әдебиеттерде ілік, табыс т.б. септік мағыналарында, бірақ ешбір формасыз жұмсалып тұрған сөздерді атау септік терминінен басқа негізгі (основной) септік немесе белгісіз (неопределенный) септік деп атау тіпті де кездейсоқ емес. И.Е.Маманов қазақ тілінде нөлдік формаға ілік, табыс, барыс септік тұлғаларының түсіріліп айтылуы мен бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрін ғана жатқызады (М. ҚҚТ ЛТ, 74-79).
Міне, осы ыңғайда нөлдік форма мен грамматикалық форманың ара қатынасын ашып алған жөн. Рас, қазақ тілінде де, басқа да түркі тілінде де негізгі сөз таптарына жататын сөздер ешбір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түбір күйінде тұрып белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, соның нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға да ие болады. Өйткені сөздің жалпы грамматикалық мағынасы – оның лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе. Соның арқасында сөздер белгілі ортақ қасиеттері арқылы топталады. Мысалы, үй, бала, тас, қала, ойыншық т.б. сөздер лексикалық мағынасы жағынан бір-біріне ешбір жақындығы жоқ: әрқайсысы жеке-жеке заттың атауы. Сол лексикалық мағынасы негізінде қалыптасқан грамматикалық мағынасы жағынан қарасақ, бұл сөздерде ортақ белгі бар: ол зат атауын білдіру. Сондықтан да бұл сөздер грамматикалық тұрғыдан бір топ – зат есім құрайды. Сондай-ақ қызыл, үлкен, биік, жақсы т.б. сөздер заттың сын-сапасын білдіруі, он, екеу, жүз, елу т.б. сөздер заттың санын білдіруі, кел, жүр ойиа, жүгір т.б. сөздер қимылды білдіру жағынан жеке-жеке грамматикалық топ (сөз таптарын) құрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде айтылып жүрген „түбір сөздерде лексикалық мағына болады да, грамматикалық мағына болмайды" деген қағида шындыққа жанаспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы оны нөлдік формада түр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің тұлғасына тән ерекше қызметі, синтаксистік қарым-қатынасы бола бермейді және ол сөйлеу кезінде туатын форма емес. И.Е.Мамановтың өте дұрыс көрсеткеніндей „грамматикалық формалар - сөйлеу негізінде сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу (речь) бүтіндері". Оның білдіретін грамматикалық мағынасы да сөйлеу кезінде айқындалады. Демек, нөлдік форма болу үшін ол сөз сөйлемде белгілі бір тұрақты қызмет атқарып, басқа бір сөзбен қарым-қатынасқа түсуі, түбір білдіретін грамматикалық мағынадан басқа грамматикалық мағына білдіріп тұруы керек. Мысалы, Одан да шықты жаңғырық. Кел, балалар, оқылық! деген сөйлемдерде шықты, кел деген сөздер қимылды білдіріп тұр. Бұндай мағына кез келген негізгі етістікте бола береді, яғни қимылды білдіру осы екі етістіктің шық, кел деген түбірлеріне ғана тән емес. Сонымен бірге осы мысалдағы шықты, кел деген сөздерде осы топтағы (етістік) басқа сөздерден ажыратылатын грамматикалық мағына бар: ол – бірінші сөзде өткен шақтық (-ты қосымшасы) және 3-жақ жіктік, екінші сөзде 2-жақ жекеше, анайы, бұйрықтық мағына. Демек, етістік түбір мен нөлдік форма (2-жақ бұйрық), етістіктің бір формасы (шақтық) мен басқа нөлдік форма (3-жақ жіктік) бір емес. Кел, дегенмен сен мұнда кел деген (яғни жеке тұрғандағы етістік түбір мен сол түбірдің бұйрық рай формасында сөйлемде қолданылуы) бірдей емес. Біз әдетте сыртқы тұлғасында айырма болмаған соң, бір деп үйреніп кеткенбіз. Біріншісі (жеке түбір күйінде тұрғандағы кел) қимылды білдіреді, екіншіде (сен мұнда кел деген сөйлемде) сол мағынаның үстіне тыңдаушы жаққа қаратылып бұйыра айтылу мағынасы үстелген. Етістік түбірдің осындай ерекшелігі қазақ тілі оқулықтарында болсын, тіпті етістікті зерттеуге арналған монографиялық еңбектерде болсын дұрыс көрсетілмей жүр. Соның салдарынан бір қарағанда онша оғаштығы жоқ сияқты көрінетін қате ережелер осы уақытқа дейін дұрыс көрсетілмей келеді. Мысалы, мектепте де, жоғары оқу орындарында да: етістік түбірі бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрі деп үйретеміз. Соған қалыптасқан оқушы бұл екеуін бір деп түсінеді де, одан басқаны ұқпайды. Ал шындығында бұл екеуі бір емес. Мысалы, сен сөйлеме,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет