С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


-ай,-й: апай, ағай, атай, жездей, қарағым-ай. -тай,-жан: ағатай,әкетай, Әсетжан, Ермекжан. -қай,-қан



бет50/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

-ай,-й: апай, ағай, атай, жездей, қарағым-ай.
-тай,-жан: ағатай,әкетай, Әсетжан, Ермекжан.
-қай,-қан: балақан, балақай, ботақан.
-шақ,-шек: құлыншақ, келіншек.
-шық,-шік: қапшық, үйшік, көлшік.
-ша,-ше: кітапша, кілемше, қобдиша.
-ш: серкеш, бикеш, Құрмаш, Зәуреш.
-сымақ: ақынсымақ, батырсымақ.
Басқа сөз таптарының қолданыс барысында зат есімге айналуы субстантивтену деп аталады. Мысалы: егеу, бояу, қашау, жасау, айтыс, тартыс, жарыс, қойма, көмбе,т.б. етістіктен заттық мәнге ауысқан.
Қазақ тілінде лексикалық мағынасынан толық я жартылай айрылып қалған сөздер бар. Бірақ олар, біріншіден, заттық мәнде қолданылады, екіншіден, зат есімдермен матаса я жартылай матаса (негізгі сөз ілік септікте я оның жасырын түрінде, бұл сөз тәуелдік жалғау тұлғасында) байланысып, зат есімдерше түрленіп жұмсалады. Олар көмекші есім деп аталады да, осы себептен зат есімнің аясында қаралады: ауылдың маңы, стол үсті, үйдің жаны.т.б. Сөйтіп, көмекші есімдер әдетте тәуелдік жалғауында жұмсалып, септік жалғау тұлғасында да қолданыла береді. Мысалы: Ауылдың жаны терең сай (Абай).
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі, бір жағынан, оның жалпы грамматикалық мағынасымен – заттық мағынасымен және қандай түрлену тұлғасында жұмсалуымен, соның нәтижесінде қандай сөзбен тіркеске түсуімен байланысты.
1.Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып, (не ағар?) бастауыш қызметін атқарып тұр.
2.Зат есім жіктеліп келіп сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.) Ынтымақ – оқ өтпес сауыт (мәтел). Бұл сөйлемдерде Жамбылымын, сауыт деген сөздер 1 және 3-жақта жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
3.Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады. Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді (М.Ә.) Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған (С.Бег.). Бұл сөйлемдерде Абайдың (кімнің?) ілік септікте тұрып, күйші, әнші, ақын (қандай адам?) туынды және негізгі түбір тұлғада тұрып, анықтауыш қызметін атқарып тұр.
4.Зат есім атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш та болады. Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан (С.С.) Бұл сөйлемде Көкшетауды (нені мұнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр.
5.Зат есім көлемдік септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Орманның оңтүстік жақ бүйірінен Жол шықты айдаһардай иірілген (С.М.). Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.) Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан) шығыс септікте, көкке қарай (қайда қанат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіркесіп, пысықтауыш болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет